СөЖ «Кванттық химиялық есептеулердің компьютерлік бағдарламалары.» Орындаған



бет4/5
Дата17.10.2023
өлшемі91,9 Kb.
#117127
1   2   3   4   5
Молекулалық орбитальдар әдісі
Молекулалық орбитальдар әдісінің барлық программалары АОСК ӨРӨ (атомдық орбитальдардың сызықты комбинациясы, өздігінен реттелген өріс) принципіне негізделген. Кез келген молекулалық орбитальдар программасының мақсаты молекуланың электрондары орналасатын орбитальдар жиынын құру. Бұл жиынды типі түрлі кез келген электрондық таралу функцияларының кез келген санын комбинирлеу арқылы немесе әрбір молекулалық орбитальдың тығыздығын көрсете алатын өте күрделі функцияны құру арқылы алуға болады. Ең қолайлы жағдай – молекуланың атомдарындағы орбитальдардың сызықты комбинация арқылы молекулалық орбитальдарды құру (МО АОСК). МО-ның есептелуі осы жағдайда АО комбинациясының іздеуін қарастырады және ол молекула симметриясы мен электрондық энергиясының минималды мәніне сәйкес келеді. Міне осыны атомдық орбитальдардың сызықты комбинациясының формализмі деп атаймыз.Ең қарапайым мысал болып сутегі молекуласы табылады. Бұл жағдайда атомдық орбитальдың (АО) минималды жиынтығы әрбір сутегі атомындағы бір-бірден екі 1s –орбитальмен шектелуі мүмкін.Екі бірдей атомнан тұратын молекула D¥h симметриялық нүктелік топқа жатады. Оның МО-лары байланыс сызығына перпендикуляр кеңістікке қарағанда симметриялы не антисимметриялы болуы керек (1-суретті қара). Ψ1 комбинациясында сутегінің екі 1s –орбиталі қосылады да симметриялы немесе байланыстырушы молекулалық орбиталь береді. Ψ2 комбинациясында бір орбиталь фазасын өзгертеді, яғни басқадан алынады, және екі 1s –орбиталі антисимметриялы не қопсытушы МО береді. Осы екі МО үшін АОСК теңдеулері мына түрде анықталады:мұндағы χжәне χ2 сутегінің АО-лары, c және c' - атомдық орбитальдардың коэффициенттері, яғни МО-дағы АО-лардың үлестері. Коэффициенттердің мәні нормалау шарты бойынша табылады:яғни АО-да электрон кездестіру ықтималдығы бірге тең, сонда c және c' = 1/√2 = 0,7071.
Сутегі молекуласында екі электрон Ψ1 орбиталінде орналасады, осыдан сутегі-сутегі байланыс түзіледі, ал Ψ2 орбиталі бос қалады. Толтырылмаған (вакантты) орбитальдар виртуалды деп те аталады. Виртуалды орбитальдің құрамы молекула энергиясына әсер етпейді, өйткені оның электрондары жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет