СөЖ: оқытудағы қиындықтары бар балалардЫҢ педагогикалық сипаттамасы



бет2/3
Дата15.12.2023
өлшемі2,52 Mb.
#138132
1   2   3
Байланысты:
СӨЖЖЖЖЖ

Адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері: а) адамгершілік сананы қалыптастыру; ә) адамгершілік сезімдерді тәрбиелеу және дамыту; б) адамгершілік мінез құлық біліктілігі мен әдеттерін қалыптастыру. Бастауыш сыныпта «қиын оқушыларды» адамгершілікке тәрбиелеу ең алдымен оқыту процесінде жүргізіледі. Баланың адамгершілік қасиеті сабақ үстінде, мұғаліммен және құрбы-құрдастарымен ұдайы қарым-қатынасында қалыптасады. Халық адамгершілік қасиеттеріді жоғары бағалаған. «Жігіттің құны жүз жылқы, ары мың жылқы»,- іспеттес мақал -мәтелдер соның айқыны. «Қиын» оқушыларда адамгершілік қатынасты қалыптастыру бағытында ұйымдастырылатын тәрбиелік істерге адам санасының адамдық мәдениетінің бір бөлігі мораль туралы түсінікті қалыптастыру соның негізінде оқушыларда адамгершілік ой пікірлер мен сенімдерді тәрбиелеу жатады. Осы бағытта этнопедагогикалық құралдарын пайдалану арқылы «қиын оқушылармен» ұйымдастырылатын жұмыс жоспарын білуге болады. Тәрбиелік істерді ұйымдастыруға қойылатын педагогикалық талаптар: «қиын оқушыларға» адамгершілік тәрбие беруде этнопедагогика құндылықтарының алатын орны және атқаратын рөлін сапалы олардың білімділік дамытушылық және танымдық мүмкіндіктерін жүзеге асыру, тәрбиелік іс-әрекетте қолдану аясын көрсету. Ғылым педагогикалық, психологиялық фольклорлық құндылықтардың алатын орнымен озат мұғалімдердің іс-тәжірибесін жинақтау, талдау ауыз әдебиетімен оқып үйрену, баланың адамгершілік саналарының қалыптасуына ықылас жасайтынын көруге мүмкіндік береді.


 Қиын балалардың басым көпшілігі – бұлар мектеп бағдарламасын дұрыс меңгере алмайтындар, ұжымнан тысқары шығып қалатын балалар. Ұжымдағы жағымды позициядан қалыс қалу оларды теріс мінез- құлыққа, айналасындағы адамдармен, әсіресе бірге оқитын құрбы- құрдастарымен дұрыс қарым- қатынас жасауына кедергі келтіреді. Қиындықпен тәрбиелену- баланың теріс мінез- құлқы, дау- жанжал. Дау- жанжалдардың тууы негізінде балаларда көбінесе мынадай мінез- бітістері: қозушылық, ұстамсыздық, кейде ақылға сыймайтын қасарғыштық, кекшілдік, мейірімсіздік т.б. пайда болады. Сондықтан қазір жалпы білім беретін мектепте «қиын» баланы қайта тәрбиелеу мәселесі – аса өзекті педагогикалық әрі әлеуметтік проблемаға айналды. Қиын бала ұғымын барлығымыз естіп жүрміз, бірақ бұл терминнің артында не жатыр? Қоғамдық тәртіп сақшылары үшін – ол тәртіп бұзушы, мұғалім үшін – ол басқа оқушыларға жағымсыз әсер ететін «шартсыз көшбасшы», тәрбиеші үшін – ол белсенді бағынбайтын сотқар бала. Бұл баланы қалай түзетеміз? Бұл орайда еліміздің осы кезеңдегі әлеуметтік педагогтар «қиын» бала тәрбисі төңірегінде мектептің тәрбие ісінде басшылыққа алуына болатындай бір сыпыра оң ұсыныстар беруде. Атап айтсақ, олар.
  • оқушы баладағы құндылық бағдарының мазмұнын анықтау;
  • отбасы тұрмысындағы қарым-қатынастарды, сәтсіздіктерді, бала тәртібін қадағалаудағы ата-ананың іс-әрекеттерін зерделеу;
  • баланың сабақтан тысқары уақытын қадағалау;
  • баланың шартсыз топтарға қатысуын, ондағы көшбасшылық немесе басқадай рөлін, көшеге қызығушылық деңгейін зерттеу;
  • баланың девиантты тәртібінің себептерін анықтау;
  • «қиын» баланың болу себебін педагогикалық тұрғыдан анықтап алу;
  • «қиын» балаға көмек көрсету үшін мақсатты және жүйелі түрде тәрбие жұмысын жүргізу және т.б. Ал орыс халқының ұлы педагогы әрі өз кезеңінің шебер тәрбиеші - ұстазы


Зерттеу жұмысының мақсаты: қиын балалар тәрбиесі Зерттеу міндеттері: - Қиын балалар тәрбиесі педагогикалық мәселе ретінде зерттеу; - Педагогикалық әдебиеттер қиын балалар түсінігін ашу; - Қиын балалар мәселесінің зерттелуіне шолу жасау; - Қиын балалармен жұмыс істеудің педагогикалық іс шаралар мазмұнын ашу; - Қиын балалармен жұмыс істеудің педагогикалық іс шараларды көрсету; - Қиын балалармен жұмыс істеуде отбасының атқаратын қызметіне талдау жасау; - Қиын балалармен жұмыс істеу әдістемесін ұсыну
Зерттеу объектісі: қиын балалар Зерттеу пәні қиын балаларды тәрбиелеуге қатысты құбылыстар мен процесстер Зерттеу әдістері: талдау, жүйелеу, эксперимент, тәжірибежүргізу, сараптама жасау, ғылымилылық. Зерттеу болжамы: кез келген қоғамда мінез құлқында қиындығы бар балалар қалыптасады, олармен жұмыс істеу ерекше педагогикалық проблема туындайды, сондықтан бұл мәселені жетік зерттеуден қиын балалар тәрбиесінің жетістігі тәуелді
Мектепте жұмыс істейтін педагогтар, тәрбиешілер балаларды оқытып-тәрбиелеу барысында, сабақтан көп қалатын, тәртібі нашар, білім деңгейі төмен, құрбыларымен тіл табыса алмайтын, ашуланшақ, бұзақылықтар жасайтын балаларды жиі кездестіреді. Психолог мамандар мұндай оқушыларды «Қиын балалар», «Мінез-құлқында ауытқуы бар оқушылар», «Қиын тәрбиеленуші» қатарына жатқызады
Ағылшын психологы Хевитта және Дженкинс қиын балаларды екі үлкен категорияға бөлген :
1. Әлеуметтік формадағы антиқоғамдық мінез-құлқы тән балалар. 
2. Әлеуметтік емес антиқоғамдық агрессивті мінез-құлықты балалар. Бұл балалардың жанұясымен, қатарластарымен қарым-қатынасы жаман, эмоциялары бұзылған, агрессивті, қатыгез әрі кекшіл балалар.
Ғалымдардың бірқатары қиын балалардың пайда болуын өмірдің қолайсыз және әлеуметтік-биологиялық факторлармен байланыстырды.
Ал И.А. Невский қиын баланың пайда болуы отбасындағы, мектептегі жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының жеткіліксіздігінен деп түсіндірді. Яғни, ата-ана тарапынан, мектеп қабырғасынан жылулық сезінбеген, мейірімділік көрмеген оқушы өмірде өзінің ешкімге қажетсізбін деп есептеп, ашуланшақ, агрессивті, қатыгез болып өседі. Қиын оқушының пайда болу себептерін анықтағанда, біріншіден отбасындағы тәрбиеге, ал екіншіден мектептегі оқу-тәрбие мәселесіне аса көңіл бөлеміз. Өйткені, көптеген психолог ғалымдардың зерттеулеріне жүгінетін болсақ, оқушылардың мінез-құлқындағы қиындықтардың пайда болу себептерін отбасындағы дұрыс тәрбие бермеудің салдарынан болатындығын анықтады:
1) отбасының әлеуметтік және экономикалық жағдайы; 
2) ата-ананың баласына немқұрайлы қарауы;
3) қараусыз қалған бала немесе шектен тыс қамқорлық.
Бала мектепке келген кезден бастап оқушы - мұғалім және оқушы-оқушы арасында қарым-қатынас қалыптаса бастайды. Бұндай қарым-қатынасты орындау оқушыға бастапқыда қиын соғады. Жалпы мектептегі мұғалімнің барлық балаларға қойылатын талаптары да көзқарастары да бірдей болуы керек. Дегенмен де кейбір мұғалімдердің өзінің сүйіктілері және сүйікті емес оқушылары да (гадкий утенок) болады. Бұл мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынас орнатуын аса қиындатады. Өйткен мұғалім өзінің сүйіктілеріне жақсы баға қойып, қолдап отырады, ал қалған балалар қаншама тырысқанмен шет жақта қалып «Мен қанша тырысып айтқанмен де төмен баға қояды» деген пікірлер қалыптасып, оқушылардың оқу мотивациясының төмендеуіне әкеледі.
Д.Б. Элькониннің айтуынша, баланың дамуы кезінде оқу процесінің алатын орны ерекше. Бала мектепке келгенде оның ойында оқуға деген қызығушылық әлі толық қалыптаспаған, тек оқу барысында мұғалімнің ықпалымен қызығушылғы біртіндеп қалыптасады деген.
Белгілі ғалым Л.С. Выготский былай деп жазған: «Қызығушылық-бала қылығын итермелеуші күш. Баланың іс-әрекеті оның органикалық қажеттілігімен сәйкестілігін көрсететін инстинктивті ұмтылыс. Тұлғаны қандай да бір іс-әрекетке шақырғыңыз келсе, ең алдымен оның қызығушылығын тудыру қажет. Оның сол іс-әрекетке дайын екеніне және оны орындауға барлық күшін бағыттайтынына көз жеткізуге керек. Сонда ғана тұлғаның іс-әрекетті өз бетінше істей алады, ал мұғалім тек қана оның іс-әрекетін басқарып және бағдарлап отырады».
Ал, мұғалімге психологиялық білім өзіне-өзі белгілі талап қоя білу үшін де және оқушыларға білу, білім беру және тәрбиелеу үшін де қажетті өзіндегі жеке адамдық қасиеттерді дамытуға да керек.
Ал оқушының оқуға қызығушылығын тудыру мұғалімнің педагогикалық шеберлігі мен қабілетіне байланысты болады. Бұл негіз ең біріншіден педагогтың жеке қасиетіне, қабілетіне, оқушымен қарым-қатынасына, олардың әрекеттерін дұрыс ұйымдастыруына қарай құрылады.
Қазіргі кезде мектепте бала өрескел қылық жасаса, тәртіпсіздік көрсетсе кінәні ата-аналар мұғалімдер не тәрбиешінің тәрбиесі деп санайды. Тәрбиенің түп негізі бала дүниеге шыр етіп келегеннен кейін басталады. Баланы материалдық жағынан қамтамасыз етеміз деп ата-аналар күні бойы маңдай терін төгіп, жұмыс істеп, балаларының ешкімнен кем болмағанын қалайды. Алайда, қараусыз қалған балалардың елігуі тез және жаман қылықтарға да бейім келеді. Ал баласының бос уақытында не істеп жүргенін, қайда барып, немен шұғылданып жүргенін білмейтін ата-аналардың көптігі қаншама. Сонымен бірге, өсіп келе жатқан жас ұрпақ сыпайылық, мейірімділік танытпай қатігездігі байқалып жатса «Мынау менің балам ба, бұл қылықты мен үйреткен емеспін» деп таң қаламыз. «Не ексең, соны орасың» деп ата-бабамыз тегін айтпаған, балаға материалдық қажеттіліктен гөрі рухани қажеттілік аса қажет деп ойлаймыз.
Қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты, балаларды заманымызға сай етіп оқытып-тәрбиелеу үшін педагогтарға кәсіби және жеке тұлғасына талаптар қойылады (жоғары білімді, іздемпаз, жаңашыл, креативті және т.б. Педагогтың жұмысы табысты болуы үшін әрбір баланың психологиясын жақсы білуі тиіс. Егер де бала мұғалімнің тілін алмай жатса, бұл қиын бала деген жаңсақ пікір қалыптасып, психологтың кабинетіне баруды нұсқайды. Бірақта бұл жағдайда бала мүлдем қиын бала емес шығар, мәселенің түп тамыры педагогтың өзінің жеке басына қатысты болуы мүмкін, яғни, педагогтың оқушылардың психологиясы туралы ақпараттардың таяздығынан оқушылармен жұмыс істеуде біршама қиындықтарға кезігеді.
Сондықтан да, кез келген педагог «Қиын бала кім?», «Қандай балаларды қиын балаларға жатқызуға болады?», «Қиын балалармен атқарылатын жұмыс түрлері» және жалпы қиын балалар туралы ақрпараттарды білуге міндетті
Ол үшін педагог психологпен бірлескен іс-әрекетте жұмыстар атқарып, педагогтың психологиялық білімін жетілдіруі тиіс. Жоғарыда ғалымдардың зерттеулерінде айтылып кеткендей, қиын баланың пайда болуын отбасы және мектеп тәрбиесімен байланыстырады. Сондықтан қоғам, мектеп және отбасы үйлесіп, бірігіп жұмыс істегенде ғана жұмысымыз тиімді болатынына еш күмәнім жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет