Өнген өркеНнің биіктігі 5—7 см-ге жеткенде түйнектің қалған бөлігін топырақпен жабады. Бегониялардың кейбірін (шырмауық, шамшат жапырақты, көп жапырақты, тықыр, көгілдір жапырақты) аспалы өсімдіктер ретінде өсіруге болады Негізінен бегониялар Америка, Оңтүстік-Шығыс Азия, Африка мен Мадагаскар аралының тропиктік және субтропиктік ормандарында өседі. Бізде ол әдеміжапырақты және әдемі гүлдейтін үй гүлі ретінде жақсы өсіріледі. Күтімі Жарығы: Жапырағы әдемі және гүлдейтін түрлерін де жарық жерге орналастыру керек.
Жылуы: Бегониялардың барлық түрлері жылуды жақсы көреді. Қыс айларында ауа температурасының 18-20°С-ден төмен болмауын қадағалау қажет. Суғарылуы: Жазда жиі, қыста сирек суғарылады. Ылғалдылығы: Ауаның 60%-ға дейін ылғалды болуы бегония үшін тиімді жағдай болып есептеледі. Қоректендірілуі: Дайын минералды тыңайтқышпен қоректендіріледі. Аурулары: Жақсы күтім жасалса бегониялар ауру мен зиянкестерден зардап шекпейді. Жиі кездесетін зиянкестер өсімдік биті, нематодалар мен трипстер. Ақ ұнтақ саңырауқұлағына шалдығады. Көбейтілуі:
Тұқымын себу, қаламшалау және тамыр түйнектерін бөлу арқылы көбейтіледі. Бегонияларды алғаш рет 1687 жылы Мишель Бегон Антиль аралдарына өсімдіктерді жинау үшін ұйымдастырған ғылыми экспедицияға қатысқан француз ботанигі және монах Шарль Плумье тауып, сипаттаған. Вест-Индияға ғылыми экспедиция