Сөж пән: Психикалық денсаулық және наркологиядағы мейіргерлік күтім Тақырып



бет3/6
Дата01.02.2023
өлшемі25,9 Kb.
#64503
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Сөж пән Психикалық денсаулық және наркологиядағы мейіргерлік кү-www.engime.org

Жабысқақ невроз


  • Жабысқақтық невроз дегеніміз- бұл науқастарда еркінен тыс жабысқақ ойлар, қорқыныштар, қимылдар пайда болуымен жүретін невроз формасы, олар науқас үшін жат, бірақ олардан арыла алмайды.

  • Психопатологиялық көріністердің қайсысының басым болуына байланысты жабысқақ невроздың 3 түрін ажыратады: обсессивті, фобиялық және жабысқақ - компульсивті.

  • Невроздың обсессивті түрінде науқастар жабысқақ естеліктерге (фамилияларды, жағымсыз ситуацияларды естеріне алады), елестерге (өз басынан өткен жағымсыз оқиғалар, кітаптардан немесе өзге көздерден алынған өзіне таныс оқиғалар) шағымданады. Ауру осы психикалық құбылыстардың бөтендігін түсінеді, бірақ олардан арылуға дәрменсіз. Олар қандай-да бір әрекетті толық орындауға кедергі жасайды, қажытады.Жабысқақтықтар үнемі күмәнданулармен де көрініс береді. Науқастар орындаған істерінің шындығына сенімсіз, есікті жапты ма, жарықты сөндірді ме, үйден шыққанда газды сөндірді ме және т.с.с. қайталап көп рет тексереді.

Жабысқақтық невроздың фобиялық нұсқасының клиникалық көрінісінде басты рөл қорқыныштарға (фобияларға) тән. Олардың ішінде ең кең тарағаны ауыр соматикалық және инфекциялық ауруларға шалдығу қорқынышы: миокард инфарктымен, қатерлі ісікпен, мерезбен және т.б. Науқас өз ойының дұрыс емес екенін түсінеді, бірақ олардан арыла алмайды, және белгілі бір жағдайларда осы ойлар оны қатты толқытады. Кардиофобиямен науқасты лық толы автобус ішінде, метрода, тар жерлерде инфаркт пайда болады деген қорқыныш және сенім баурайды. Жүрек аймағынан жағымсыздықты сезінгенде (соматовегетативтік реакциялар), дер кезінде медициналық қызмет көрсете алмайды деген күмән пайда болғанда науқас қорқынышы күшейеді.


  • Жабысқақтық невроздың фобиялық нұсқасының клиникалық көрінісінде басты рөл қорқыныштарға (фобияларға) тән. Олардың ішінде ең кең тарағаны ауыр соматикалық және инфекциялық ауруларға шалдығу қорқынышы: миокард инфарктымен, қатерлі ісікпен, мерезбен және т.б. Науқас өз ойының дұрыс емес екенін түсінеді, бірақ олардан арыла алмайды, және белгілі бір жағдайларда осы ойлар оны қатты толқытады. Кардиофобиямен науқасты лық толы автобус ішінде, метрода, тар жерлерде инфаркт пайда болады деген қорқыныш және сенім баурайды. Жүрек аймағынан жағымсыздықты сезінгенде (соматовегетативтік реакциялар), дер кезінде медициналық қызмет көрсете алмайды деген күмән пайда болғанда науқас қорқынышы күшейеді.

  • Жабысқақтық невроздың жабысқақты-компульсивтітүрінде жағдай контрасты идеялармен, әуестікпен және әрекеттермен анықталады. Науқастың моральды ұстанымдарына қарама-қайшы әрекеттер жасауға күшті мотивсіз ойлар пайда болады. Анасында баласының басын ауыр затпен ұрып жаруға, оның көздерін үшкір затпен шұқуға және т.б. ойлар пайда болады. Науқастардың ойына қоғамдық орындарда ұятты іс жасау тілегі келеді. Кейбір науқастарда компульсивті невроз бастың жабысқақ қозғалыстарымен, мимикамен және т.с.с. көрінеді. Шамалы уақытқа науқастар осы қозғалыстарын және әрекеттерін тежей алады. Бірақ бұл уақытта науқастарда психикалық кернеліс сезімі байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет