Сөж пәні: Қазақ тілінің стилистикасы Тақырыбы



бет1/2
Дата29.04.2022
өлшемі120,86 Kb.
#32882
  1   2
Байланысты:
Стилистика СӨЖ


Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті



филология факультеті



СӨЖ


Пәні: Қазақ тілінің стилистикасы

Тақырыбы: Интернет коммуникацияның ауызша, жазбаша түрлеріне стилистикалық талдаулар жасау

Орындаған: Алмасова Назира

Қабылдаған: Әлкебаева Дина

Алматы 2022 жыл


Интернет (ағыл.Internet) - ақпаратты сақтау және жіберу үшін біріккен компьютерлік желілердің дүниежүзілік жүйесі. Кейде «желі» сөзі халықаралық желі және жаһандық желі деп қолданылады. Интернетті қолданудың негізгі бөліктері бұқаралық ақпарат құралдары, электронды бизнес, мультимедиа, байланыс, қарым-қатынас болып табылады. Бұл анықтамада интернеттің технологиялық құраушысы аталып көрсетіледі. Алайда, біздің зерттеу аясында интернеттің «гуманитарлық» жағы қарастырылу қажет. Мысалы, зерттеуші О.Б.Скородумова интернетті әлеуметтік-философиялық ұстаным тұрғысынан, яғни ақпараттармен алмасудың желілік принципіне, «коммуникациялық өзара әрекеттесулердің интерактивтіліне, объективті шындықты модельдеудің жаңа тәсілдеріне, ақпараттық ағындарды берудің жаңа технологияларына және дербес компьютерлерге негізделген ерекше феномен ретінде қарастырады [2, 102]. Ал Т.Ж.Бальжирова интернетті коммуникацияның социология призмасы ретінде қарап, желінің «адамның өмірлік мән мәтінінің қолдан жасалған, ақпараттық және социопсихоантропологиялық құрамдас бөлігі» деп көрсетеді [3,37]. Оның пікірінше, интернет әлеуметтік коммуникацияның бір құралы ретінде мынадай бинарлық қасиеттерді анықтайды: ақпараттық әлемнің әлеуметтік субъектісінің активтілігі/ пассивтілігі; ақпараттық қоғамдағы адамның әлеуметтік болмысының жарылуы/үйлесімділігі және де ақпараттық әлемдегі әлеуметтік ықпал мазмұнының қарама- қайшылығы/келісімділігі [3, 53]. Ақпаратты сақтау және жіберу, тұлғаны әлеуметтендіру және өзін-өзі жүзеге асыру, әлеуметтік топ секілді интернеттің негізгі қызметтері тұрғысынан А.В.Соколов «интернет» терминіне мынадай жалпылама анықтама береді: бұл «телекоммуникациялық технологияларды пайдалану есебінен жеке және топтық коммуникациялық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған жаһандық әлеуметтік-коммуникациялық компьютерлік желі» [4, 208-209]. Зерттеуші И.Н.Казанская осыған ұқсас анықтаманы беріп интернет қызметтерін ақпараттық, коммуникациялық, репрезентативті, конструктивистік немесе қайта құрушы, реабилитациялық (оңалту) деп жіктейді. Бұл функцияларды талдау негізінде зерттеуші интернет жаһандық коммуникация құралынан адамдардың қарқынды әлеуметтенуіне және жаңа әлеуметтік топтардың (виртуалды қоғамдастық) пайда болуына ықпал ететін интеграция құралына көбірек өзгеретіндігін тұжырымдайды [5, 145-147].

Е.И.Горошко интернет феномені, коммуникативтік кеңістік туралы зерттеу жұмыстарын қарастыра отырып, интернетті зерделеудің бірнеше тәсілдерін бөледі.

Бірінші тәсілде интернет жаңа әлеуметтік зерттеу объектісі ретінде қарастырылады, бұл бағыттың басты міндеті желіні дамытудың әлеуметтік болжамдарын жасау болып табылады. Бұл бағытта интернет ноосфераның белгілі бір материализациясы ретінде бірыңғай ақпараттық кеңістік негізінде ұсынылған. Интернеттің дамуына қарай технологиялардың, білім мен ақпараттың рөлі арта түседі, ал бұл қоғамдық құрылғыдағы өзгерістерге әкеліп соқтырады. Бұл тәсілде ақпарат пен технология қоғамдық құрылғының жаңа түрін анықтаушы және жүйе құраушы субъектілері болып табылады (Д.Белл, М.Порат, Э.Тоффлер, Т.Стоуньер, А.Рунов, Е.Путилова).

Екінші тәсіл интернет-технологияларға негізделген қазіргі қоғамның желілік табиғатын зерттеумен байланысты келеді. Қоғамлық даму болжам жасайтын алғашқы тәсілге қарағанда, екінші тәсілде зерттеу объектісі көбіне қазіргі қоғам болып келеді, ал негізгі әлеуметтік институттарды желілік құрылымдарға қайта құру және осы процестермен бастама жасаған қоғамның әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер осы тәсілдің пәні болып табылады. Осы тәсілдің парадигмалық шеңберінде интернет коммун и кати вті к қасиеттер арқылы анықталады: кез келген күрделі желілік байланыстарды іске асыруға мүмкіндік береді, бұл интернетті жеке коммун и кати вті к институт ретінде айрықша белгісін көрсетеді (М.Кастельс, А.Неклесс, А.Биккулов, А.Родионов, А.Чисгяков, Д.Кутюгин, Т.Бальжирова).

Үшінші тәсіл әлеуметтік виртуализация теорияларына негізделеді (А.Бюль, М.Вейнстейн, Д.Иванов, А.Крокер, М.Паутау). Интернет мұнда виртуалды аналог немесе әлемнің бейнесі ретінде қарастырылады. Интернет - әлеуметтіктің виртуалдандыру механизмдерін іске қосатын әмбебап коммун и кати вті к кеңістік. Бұл бағыт шеңберінде виртуалдылық -жаңа коммуникациялық технологиялардың әлеуметтік әсері, яғни бұл жерде интернет әлеуметтік феномен ретінде қарастырылады. Ал желілік байланыстардың анық әрі қол жетімділігі интернетті виртуалды феномен ретінде көрсетеді. Интернет-технологиялармен жанама әлеуметтік шындықты виртуалдандыру оны айтарлықтай өзгертеді, сондай-ақ оны бұрын болмаған жаңаша шындыққа айналдырады.

Интернетті зерттеу жұмыстарының төртінші тәсілі қазіргі қоғамның түсінігі мен түсінуінің постмодернисгік концепцияға негізделеді. Бұл бағыттың тұжырымдамалық шеңберінде интернет феноменін қарастырғанда, ризома (Ф.Гваттари), интертекстуалдылық (Ю.Кристева), хаосмос (Дж.Джойс), паратема (М.Фуко) сияқты ұғымдар қолданылады. Интернетті сипаттаудың барлық постмодернистік тәсілдердерде оны анықтау кезінде гиперболизация, аналогия және метофоризация тәсілдері қолданылады. Бұл жерде теорияны бағалау үшін критерий оның шындыққа абсолюттік сәйкестігі емес, әлеуметтік кеңісгікте жұмыс істейтін метафораның өнімділігі мен күші, олардың түсіндіру күші, сонымен қатар жаңа көзқарастар мен міндеттер қою қабіілеті болып есептеледі (Е.Войкунский, А.Звонкин, А.А.Маркхем).

Бесінші тәсіл интернет пен интернет-технологияларды зерделеудегі жаһандық жоғары қоғамдық идеясына негізлделген, мұнда интернет оның міндетті құрамдас бөлігі болып келеді. Бұл тәсілге сәйкес, желі ақпаратты, коммуникацияны, білім мен экономиканы, іс-қимылдар мен бейнелерді жаһандандыруға мүмдіндік беретін құрал іспеттес әрекет етеді. Осы бағыт аясында жұмыс зерттеушілер заманауи қоғамның іс жүзінде ғаламторсыз мүмкін еместігін және нақты еместігін мәлімдейді. Интернет қоғамның пайда болуымен бірге қалыптасып, бүкіл әлем бойынша таралуы мен дамуына әкеліп соғады. Зерттеушілердің бқл пайымдаулары негізінде, интернет қазіргі таңда қоғамның онсыз мүмкін емес екендігін білдіретін жүйе құраушы болып табылады. Осы тәсіл шеңберінде интернет қоамның белгілі бір түрінде оның әлеуметтік функцияларын талдау арқылы зерделенеді. Сондай- ақ, топтық және тұлғааралық қарым-қатынас әсерлерінің ұштасуынан негізделетін интернеттің өзіндік нақты қасиеттері, сапасы мен сипаттамалары жаһандық және ұлттық ауқымда әлеуметтік іс-қимылды ұйымдастырудың тиімді құралы болып табылатын бірегей құбылыс болып табылады.

Қазіргі заманда интернеттің маңыздылығы және интернет- технологиялардың қарқынды дами түсуі лексикалық сөздіктерде көрсетілген. Мысалы, Т.Жанұзақовтың «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «интернет» сөзіне мынадай анықтама берілген: «Интернет - компьютерлік желілердің ақпарат алмасуға арналған бүкіләлемдік қауымдастығы; бір-бірімен телекоммуникация арналары (телефон, радио және жасанды жер серігі арқылы байланыс) арқылы мәлімет алмасатын әртүрлі аймақтағы компьютерлік желілердің біріктірілген торабы» [6, 359].

Л.В.Калинина өзінің «Образ человека рубежа XX-XXI веков век в зеркале языковых и социальных процессов» атты монографиясында интернетпен қатысты сөздер санының есу динамикасы назар аударады. Мысалы, 2001 жылғы орыс тілінің түсіндірме сөздігінде 21 «интернет» түбір сөздері болса, 2007 жылдың сөздігінде ондай 64 түбір сөз болған [7, 128]. Осындай лексика «XXI ғасырдағы орыс тілінің ең жаңа түсіндірме сөздігінде үнемі кездесіп отырады: интернег-арт, интернет-мессенджер, интернет- пейджер, интернег-селлер, интернет-трейдинг-жәнетб. [8, 219-222].

Қазіргі таңда интернет-зерттеулерді дамыту кезінде интернетті гуманитарлық зерттеу пәнаралық тәсілді талап етеді, себебі ол жеке тәртіп немесе жеке тәсіл шеңберінде сипатталуы мүмкін емес [9]. Расымен де, ғалым А.Е.Войкунский айтқандай, желі - бұл кеңістіктебөлінген техникалық объектілердің кешені (бұл оның географиясы мен экономикасы жөнінде мәселелерді қоюға мүмкіндік береді) және гипермәтіндер корпусы (лингвистика, информатика, т.б. тұрғысынан зерттелетін); белсенді қызмет ететін адамдарды біріктіру, бұл әлеуметтік, психологиялық, саяси немесе педагогикалық талдау және философиялық пайымдауларды талап ететін кешенді жүйе және жаһандық мағынада техникалық және әлеуметтік келісімдерді жүзеге асыратын өзіндік әрекет (жаһанданудың құқықтық және тарихи ұстанымдарын талдауға арналған пән).

Гуманитарлық зерттеулерде интернеттің «әлеуметтік» өлшеміне: өзара іс-қимылдың мәдени, тілдік және психологиялық ерекшеліктеріне; виртуалды топтар мен қоғамдастықтардың қалыптасу заңдылығына және қызмет ету сипаттарына; жеке тұлғаның өзін-өзі көрсету принциптеріне және виртуалды өзгеруіне; әлеуметтік объектілерді құру және қабылдау стереотиптеріне; желіде танымдық және кез келген өзге қызметті жүзеге асыру стратегияларына ерекше көңіл аударылады. Яғни, бұл әлеуметтік функцияларды жүзеге асырудағы барлық алуан түрлілік интернеттің ғаламдық әлеуметтік құбылыс ретінде жүйе құраушы сипаттамасы болып табылатын тіл желісінде қызмет етпеу мүмкін емес.

Осылайша, интернет ұғымы туралы ақпараттық-коммуникативтік қоғамды, ерекше ақпараттық ортаны, әлеуметтік коммуникативтік кеңістіктің дамуының негізі ретінде, «прогреске жету жолында күш-жігерді біріктіруге мүмкіндік берілетін өзіндік ғаламдық форум» туралы жиі айтуға болады [10, 38]. Сондай-ақ, ол бұрын болмаған тілді жүзеге асыру орны ретінде көрінеді. Интернет жөнінде әлемдегі ең танымал оқулықтардың авторы Э.Кролл интернет сөзін «қарым-қатынас» сөзімен байланыстыратынын анықтай түсті [11,5]. Интернеттегі қарым-қатынасты белсенді түрде жүзеге асыру үшін интернет-форумдар, блогтар және әлеуметтік желілер көптеп қолданылады. Қазіргі уақытта интернетті пайдаланушылар үшін әлеуметтік желілер өзінің виртуалды «менін» құру үшін техникалық және әлеуметтік базаны таба алатын екінші бір шындыққа айналды. Сонымен қатар, әрбір пайдаланушы әлеуметтік желіде тек ғана қарым-қатынас жасап қоймай, сондай-ақ өзінің шығармашылығымен немесе сол әлеуметтік желінің миллиондаған аудиториясымен бөлісуге мүмкіндік алады.

Көптеген зерттеушілер интернеттің ақпараттық және коммуникациялық функцияларын ескере отырып, интернеттің басты белгілері: мемлкеттер, аймақтар және негізгісі - тіл деген қорытынды жасайды. О.В.Александрова өз еңбегінде: «Интернет құбылысы - бұл деген жай ғана технологиялық факт емес, бұл әлеуметтік факт және оның басты құралы тіл болып табылады» [12, 345]. Қазіргі таңда, интернеттің басым тілі - ағылшын тілі болып табылады. An орыс тілі желіде екінші орынға ие. Интернеттің тілдік салаларына сол тілдің атауы беріледі. Мысалы, интернеттің орыс тілді саласы «Рунет» деп, ал қазақ тілді саласы «Қазнет» деп аталады. Қазнет Қазақстан жерінде 1994 жылы 19 қыркүйекте жоғары деңгейлі kz домені ретінде ресми тіркелген. Қазақстандағы интернет ғаламдық желінің бір бөлшегі ретінде ҚР-ның байланыс және ақпарат құзыреттілігіне жатады, Қазнеттің дамуында негізгі ұлттық провайдер, «Қазақтелеком» үлкен рөл атқарады. Домендік атаулардың басты тіркеушісі - «Қазақ желілік ақпарат орталығы» «KazNIC» мекемесі болып табылады [13].

Терминологияда интернет-коммуникацияларды анықтауға және желіде тұлғаның коммун и кати вті к әрекеттерін сипаттау туралы анықгамалар біркелкі емес. Авторлардың бірі оны компьютерлік-жанама коммуникация деп атаса (Л.Ю.Щипицина, И.Н.Розина), енді бір лингвисттер оны электрондық қарым-қатынас немесе коммуникация (Т.И.Рязанцева, Е.Н.Галичкина) деп қарастырады. Л.Ю.Щипицина лингвисгикалық зерттеудегі интернет желісіндегі қарым-қатынас ерекшеліктер мәселесін сипаттай отырып, терминдердің саны адам өмірінде интернеттің маңыздылығын күшейту немесе оның көмегімен қарым-қатынас жасау есебінен үнемі ұлғайып отырады деген қорытындыға келеді [14, 33]. Е.И.Горошко терминологиядағы осындай әртүрлілікті былайша түсіндіреді: белгілі бір зерттеу жүзеге асырылатын лингвистикалық бағыт; осы пәндік салада жазылған бастапқы жұмыстар және computer-communication терминінің ағылшын тілінің ықпалымен қолданылуы [15, 24]; сипатталған пәндік саладағы зерттеу есептерінің акцентуациясымен (Т.И.Рязанцева өз зерттеуінде «электронды коммуникация» термині көбінесе зерттеуші хабар беру арнасының әсерін және сөйлеу тәжірибесіндегі интернеттің рөлін атап көрсеткісі келген кезде жиірек қолданатынын атап көрсетеді [16, 182]. Сондықтан да әзірге терминологиялық айырмашылықтар қалыптасқан болып саналмайды, яғни көптеген терминдер өзара алмастырылатын ұғымдар ретінде қолданылады.

«Коммуникация, интернет I веб жанама» семантикалық термині анағұрлым тар мағынада қолданылады, алайда компьютерлік және желілік коммуникацияның көптеген принциптерін ескере отырып, интернет- коммуникация басқа түрдегі коммуникация деп сипаттауға болады. «Компьютерлік-жанама коммуникация» ұғымының шеңберінде іс-қимылдың мәнін көрсететін ұғымдар желісін қарасгырайық:



  • Компьютер арқылы қарым-қатынас (адам-компьютер, коммуникациялық деңгей);

  • Компьютермен жанама байланыс коммуникациям - Интернет (ақпаратты іздеу, коммун и кациялық деңгей);

  • Жеке тұлғаның интернет / веб - қарым-қатынасы (коммуникациялық және коммуникативтік деңгейлер).

Біз интернет-коммуникациясында «компьютерлік-жанама коммуникация» терминінің толық еместігін байқауға болады. М.Г.Шилина осы тұжырымды растай отырып, терминді логика бойынша интернет-қарым- қатынастың кең таралған жіктемесі бойынша салыстырады, онда коммуниканттардың саны негізге алынады [17]. Мысалы, «Адам-компьютер- адам» интернет қатынас түрінде компьютер мен интернетпен жанама түрде жүргізілетін классикалық оффлайн түрлері бар: «біреумен», «көпшілікпен бірге», «көпшілік көпшілікпен бірге» т.б. Нәтижесінде, «коммуникация, компьютер арқылы жанама байланыс», «интернет-коммуникация» ұғымдарының иерархиялық байланысының дұрыстығы соншалықты бір мағыналы емес. Тағы бір параметр бойынша салыстыру-шындық және коммуникацияның келесі форматтарын бөліп көрсетуге болады: нақты субъектінің нақты әріптестермен байланысы (электрондық пошта, сұхбат, форум және т.б.); нақты субъектінің виртуалды әріптестермен қарым- қатынасы (виртуады әлем, т.б.); қиялдағы әріптестермен бірге байланысы (компьютерлік зияткерлік агенттердің өзара іс-қимылы және т.б.). Берілген интеракциялар компьютерсіз мүмкін емес, олар тек ғаламдық торға тән бірыңғай си патта мала рды білдіреді. Осының нәтижесінде талданған түсініктердің кең мағынада қолданатындығын бірден жауап беруге болмайды. Осылайша, компьютерлік-жанама коммуникацияны анықтау интернетке қатысты мәні бойынша көптеген түсіндірулерді талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет