Абай Құнанбайұлы (10 тамыз 1845 – 6 шілде 1904 ж. ) ұстаз, ақын, ағартушы, философ,сазгер.
Жазылу тарихы
1887 жылы жазылған өлеңі . Алғаш 1909 ж. Санкт- Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланған. Туынды бірқатар текстологиялық өзгерістерге ұшыраған.
Жанр
Поэзия. Яғни бұл өлең- лирикалық өлең, себебі ақын сөз өнерін, ақындықты ерекше бағалап, өлең « сөз патшасы» деген баға берген.
Тақырыбы
Бұл өнер туындысы, әдеби шығарма – белгілі дәуірдегі қоғамдық шындық. Бұл өлеңнің тақырыбы- өлеңге берілген анықтама, ақындық ерекшелігі.
Идеясы
Өлең табиғатын түсіне білуге шақырады. Сөздің асылы- поэзия екенін, жақсы сөз даналықтың айғағы екенін айтады.
Құрылымы
Буын:11-12
Шумақ:15
Бунақ:180
Тармақ:60
Ұйқас түрі
Қара өлең ұйқасы: а,а,б,а
Негізгі тілдік құрал
Сөз сарасы, сөз патшасы – синоним ,
Айтушы мен тыңдаушы – антоним ,
Алдап,арбап- синоним,
Жат ел, өз елі – антоним,
Мақтан қуған, мақұмар- синоним.
Негізгі әдеби көркемдегіш құралдар
Теңеу- өтірік пен өсекті жүндей сабап
Эпитет- Іші алтын,
сырты күміс сөз жақсысын,өлең- сөздің патшасы, терең ой,
терең ғылым іздемейді.
Метафора- мал үшін тілін безеп,
жанын жалдап.
Түсіндірме сөздік
мінәжат- құдайға сиынушылық, құлшылық
етушілік, құтпа- араб: уағыз оқу, сөйлеу мағынасында. Хадис-
араб:Мұхаммед пайғамбардың айтқан сөздері, өсиеттері, аят-
араб:құран сөзі.
Өлеңнің әдебиеттегі орны
Тыңдаушыны тәрбиелеу, сөздің
құдіреттілігін түсіндіру, поэзияны бағалауға шақырады.