СөЖ (реферат) Пәні: Қазақ халық ауыз әдебиеті Тақырыбы: «Отбасы ғұрып фольклорының зерттелу мәселесі»



Pdf көрінісі
бет4/12
Дата14.01.2023
өлшемі0,67 Mb.
#61299
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Абдулла Айтумар, 201-топ 2

[4, 243],
- деп болжаған болатын. Ал М.Әуезовтің 
батырлық жырлардың шығу тегіне жоқтау жырлар негіз болған деген пікірі 
тағы бар 
[5, 35].
Ә.Марғұлан осы ойды дамыта келіп: «Құлпытастарға қашалған 
жазу-сызуларда кейде жоқтау ыңғайында, кейде мадақ ретінде айтылатын 
шешендік сөз үлгілері, өлеңдік ұйқастар, мақалды тіркестер мол ұшырасады» 
[6, 36],
- деп ілкі ғалымдар пікірлерін дамыта нақтылай түседі. Шындығына 
келгенде, бұл жазулар форма жағынан да, мазмұн жағынан да қазақтың жоқтау 
жырларымен үндес. Олардың ұқсастығы, ең алдымен, дүниеден озған адамға 
арналғандығында. Екеуінде де марқұмның басынан өткен оқиғалар, ерліктері, 
елге істеген еңбектері, кісілік қасиеттері баяндалады. Екеуін де өлген адамның 
артында қалған жақындары, ел-жұрты шығарған. Екеуі де қысқа да, нұсқа, 
ырғақты көркем тілмен баяндалады. Мысалы: 
«Інім Күлтегін қаза болды, 
Өзім қайғырдым. 
Көрер көзім көрместей, 
Білгір ақылым білместей болды. 
Өзім қайғырдым, 
Тағдырды тәңірі жасар, 
Адам баласы бәрі өлгелі туған. 
Қайғырғаным сонша, 
Көзге ыстық жас келер, 
Көңілге ауыр шер келер, 
Тағы да ойландым, 
Қатты қайғырдым... 
[7, 44-45].
Қазақтың өз алдына іргелі ел болып, шаңырақ көтерген, қазақ тілінің 
ұлттық тіл ретінде кемеліне келген кезеңіндегі жыр үлгілерінің хатқа түсе 
бастауы ХҮІІІ ғасырдан басталады. Бұл қазақ хандығының іргелес жатқан орыс 
елімен тығыз қарым-қатынасқа түсіп, Ресейдің отарлау саясатының белсенді 
жүзеге аса бастаған кезі. 
Қазақ елін түптің-түбінде өзіне түбегейлі бағындыруды ойлаған Ресей 
патшасы «Азияға апаратын дәлізді» (Петр-І) ең алдымен, барынша барлап 
алуды көздеп, әлсін-әлсін елшілер, ғылыми экспедициялар аттандыра бастады. 
Олар бірде қазақ хандарының дәргейіне бас ие келген елші, енді бірде жиһанкез 
ретінде ел кезе жүріп, ел тұрмысы мен жер жағдайын барынша бақылап, 
жазбаға түсірген. 



Соның алғашқыларының бірі – капитан Н.П.Рычковтың қазақ даласы 
арқылы қалмақтарға жасалған жорық сапарынан жазылған «Күнделік 
жазбалары» болатын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет