12
береді. Кітаптағы «тойбастарға» берілген сипаттамада тың мағлұматтар көп.
Оған келтірілген екі мысал да дәстүрлі той бастардың тамаша үлгілері.
Кітапта Сәкеннің кезінде әлі де дәстүрден кете қоймаған дәстүрлі жар-
жар үлгілерімен қоса, бұл ғұрыптық жырлардың мазмұндық тұрғыдан өзгеріске
ұшырай бастаған жаңа нұсқаларды да көреміз. Бұрын тек қалыпқа түскен,
жаттанды мәтінді айтатын жастар бұл кезеңде өз жандарынан өлең шығарып
«айырылып бара жатқан ғашық жарына махаббат мұңын айтып қалу үшін» де
жар-жар айтқан көрінеді. Кітапта сондай жырдың да бір үлгісі келтірілген. Жыр
мәтініне қарағанда, бұл өлең қыз бен жігіттің қайым айтысына ұқсаңқырайды.
Қалай дегенде де бұдан жар-жар жанрының түрлене өзгерген даму
эволюциясын көруге болады.
Кітапта «Сыңсымаға» шағын сипаттама беріледі де, үйлену салт
жырларының қатарына «Жұбату мен үгіт» деген жаңа жанр қосылады. Бұл
бұрынғы еңбектерде сыңсудың жалғасы ретінде қарастырылатын, өйткені ол
қыздың сыңсуына жауап ретінде айтылады. Сәкен оны жеке қарастыруды
ұсынады.
Ал беташарға байланысты бөлімде ғалым «беташар мен айт келін»
терминдерін қатар қолданып, екеуінен де мысал келтіреді. «...бір-бірімен
байланысқан екі жырдың бір жерде айтылатын нұсқасын түгел келтіруге
тырыстық»
Достарыңызбен бөлісу: