20
туынды мағына, тура және ауыспалы мағына, конкретті және абстракты мағына,
ортақ және қосалқы мағына деп қарастырамыз.
Менің тұжырымдамам бойынша,
лексикалық мағына
— зат, құбылыс, іс-
әрекеттің санада бейнеленіп тұрақталған ұғымының мазмұны. Сөздің негізгі
мағынасы — айтушы мен тыңдаушыға ортақ нақты
заттық ұғымды білдіретін
мағына. Сөздің тұрақты мағынасы- сөзді контекстен бөліп алып ешбір тіркессіз,
өзіне арнулы негізгі мағынамен бірге тұрақты мағынасы айқындалып тұрады.
Сөздің нақты және абстракты мағынасы — Бір сөзге берілген түпкі атауы – нақты
мағына болса, сол сөздің жалпылама ұғымды білдіруі абстракт мағына болып
табылады. Сөз мағынасы әуел баста көп болмаса да, бертін келе дамып, молайып
отырған. Бір сөздің уақыт өте келе
әр қолданыс сапасына қарай, әр түрлі
себептермен әр заттың не құбылыстың атауы болып жұмсалуы заттың контекстік
мағынасы болады. Сөздің әуел баста берілген және нақ сол зат атауын білдіретін
мағынасы – тура мағына болып табылады. Ал сөздердің негізгі мағынасынан
дамып,соған ұқсатыла айтылатын, сәл ауытқи қолданылатын сөз мағынасы ауыс
мағына.
IV.
Достарыңызбен бөлісу: