СөЖ (реферат) Пәні: Көне қазақ тілі Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет3/13
Дата20.09.2023
өлшемі0,59 Mb.
#108917
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Көне қазақ тілі( Ұлжан)

 
1.1.
 
Зат есім категорияларының тарихы, пайда болуы
Зат есім-есімдер тобындағы сөздердің ішіндегі дербес қолданылатыны. 
Есімдердің басқа топтары осы зат есімдер айналасына топталып соған қатысты ғана 
қолданылады. Сөйтіп зат есімдер тек заттық мән-мағына туғызушы ғана сөздер 
емес, соған сәйкес дербес қолданылатын да сөздер. Қазіргі қазақ тіліндегі зат есім 
категорияларының негізгі түрлері көне түркі тілінде де кездеседі. Ол тілде де зат 
есімдер басқа сөз таптарымен салыстырғанда көптелетін, септелетін, тәуелденетін 
сөздер есебінде ерекшеленген. Зат есімдерге тән грамматикалық категориялардың 
тұлғалық өзгерістерін, жеке аффикстердің пайда болуын және кейбір семантикалық 
өзгерістерін еске алмасақ, олардың қайсысының да өздерінің негізгі қызметтерінен 
айнымағандығын байқауға болады.
Түркі тілдерінің көне дәуірлеріне қатысты мұралар тілінде де жекелік мәнді 
білдіретін арнайы аффикстер болмағаны мәлім. Көптік мән арнайы жалғаулар 
арқылы да, яғни, морфологиялық тәсіл сөздің лексикалық мағынасы, яғни, 



лексикалық тәсіл арқылы және сөз тіркестері, яғни синтаксистік тәсіл арқылы да 
берілген. Орхон-Енисей жазбаларында көптік жалғауларының екі түрі кездеседіі - 
лар, -т, -лар жалғауы көптік мағына тудырудың негізгі тәсілі. Мысалыі беглер, 
кунчуйлар-т қосымшасы . 
Орхон-Енисей жазбаларында атақ-дәрежені, шенді білдіретін сөздердің 
құрамында ғана кездеседіі тарқан-тарқат, шад-апыт, тігінтігіт т.б. Зерттеушілер бұл 
қосымшаны монғол тілінен ауысқан деп есептейді. Бұл қосымша Орхон-Енисей 
жазбаларынан кейінгі дәуірден қалған ескерткіштердің ешқайсысында да көптік 
мән туғызудың өнімді тәсілі ретінде ұшыраспайды.
С.Е.Малов көне түркі тілінде көптік мағына туғызуған қосымшаның бірі деп 
біз есімдігінің құрамындағы -з-ны көрсетеді. Бірақ Орхон-Енисей жазбаларында -з 
көптік мағына туғызатын еркін аффикс ретінде қолданылмаған. Малов бұл 
аффиксті әлгі айтылған есімдіктер құрамынан ғана ажыратады. Ол қосымша мына 
фактілерді көрсетедіі меңіз (бет), көкүз (көкірек), т.б.
Меншіктік пен меншіктелуші арасындағы қатынас, яғни тәуелділік 
категориясы түркі тілдері құрамындағы байырғы құбылыстардың бірі. Мұндай 
тұжырымға дәлел түркі тілдері тарихындағы ең көне мұралар тілінде қазіргі тілдегі 
тәуелдік категориясы мен оның көріністері көп өзгеріссіз берілген. Тәуелдік 
жалғаулары көне мұралар тілінде мынадай болған: 
Жекеше.1. -м, -ым, -им, -ум, -үм, -ам, -ембудуным
2.-ң, -ың, -иң, -уң, -үң, -аң, -ең құтың
3.-ы, -сы, -си, -зы, -зи уйасы, қағаны
Тәуелдіктің үшінші жағының бастапқы тұлғасы -ың, -сын деген пікір бар. 
Көптік.
1. -мыз, -миз, -муз, -мүз, ымыз, -имиз, -умуз, -амаз,
2.-қыз, -киз, -ыңыз, -иңиз, унуз, -үнүзадашыңыз
3.-ы, -сы, -си, -зы, зи, -сылар, -силар
Түркологияда тәуелдік жалғауларының арғы негізі-жіктеу есімдіктері дейтін 
пікір тұрақталды. Тәуелдіктің жекеше 1-жағы -м мен жіктеу есімдігінің қысқарған 
түрі есебінде танылса, 2-жағы -ң сен есімдігінің қысқарған түрі есебінде танылып 
жүр. Ал 1- жақтың көптік тұлғасы -мыз жекелік тұлға мен көптік жалғаудың 
қосындысынан қалыптасқандығы айқын. Қазіргі қазақ тілінде тәуелділіктің 
жекеше 2-жағы екі түрлі(-ң және -ыңыз) айтылатыны мәлім. Ал осы тұлға тарихи 
тұрғыдан 2-жақ жекеше тәуелдік жалғауы мен көптік жалғаудың қосындысыі 
ың+ыз.
Тәуелдіктің 3-жағының түп-төркінін В.В.Радлов сын сөзі деп қараған. Қазіргі 
түркі тілідерінің барлығында дерлік тәуелдіктің 3-жағы септік жалғауларында -н 
дыбысын қосып алады. Радлов бұл жалғауды о баста толық сөз болды дегенде 
осыған сүйенеді.
Қазақ тіліндегі жіктік жалғаулары баяндауыш қызметіндегі сөздердің 
грамматикалық көрсеткіші ретінде жұмсалатыны мәлім. Түркологияда жіктік 
жалғаулары да жіктеу есімдіктерінен тараған дейтін көзқарас талас туғызбайтын 
жай. Қазіргі тілдегі жіктік жалғаулары Н.К.Дмитриевтің сөзімен айтқанда, тұрақты 
дыбыстық құрамын жоғалтып, әр түрлі дыбыстық варианттарға жіктелудің 
нәтижесі. В.Котвич жіктік жалғауларын «байырғы етістік суффикстері деп 



есептейді» деп атайды да, олардың жіктеу есімдіктерінің постпозициялық 
тұлғасына (атау тұлғасы) жақындығын, өзара ұқсас, ыңғайлас жақтарының көп 
екендігін айтады. Сонымен жіктік жалғаулары тәуелдік жалғауларындай септелген 
есімдіктердің энклитикасы емес, түбір түрінің энклитикасы, оның өзгерген дербес 
мәнін жоғалтқан, сөйтіп қосымшаға айналған түрі. Жіктік жалғауларының 
қалыптасуы, яғни жіктеу есімдіктерінің жақты білдіретін грамматикалық 
көрсеткіштерге айналуының басты тәсілі-постпозициялық қолданыс болғандығын 
көне, жаңа түркі тілдерінің материалдары дәлелдейдіі :чин Күлүг Тіріг бен, 
Қырғызоғлы мен. Ал тува тіліндеі Мен ада мен. Сен ада сен. Орта ғасыр 
жазбаларындаі Мен санға ашық турур мен. Сен менин анам турур сен. 
Түркі тілдерінің V-VIII ғасыр ескерткіштері тіліндегі септік жалғаулары 
кейінгі ХI-ХV ғасырлардағы ескерткіштер тіліндегі сондай категориямен 
грамматикалық қызметтерінің жіктелуі жағынан да, қолданылуы тұрғысынан да 
бірдей емес. Екі дәуір көріністерін салыстыра қарағанда мынадай негізгі 
айырмашылықтар байқалады. V-VIII ғасырдағы көне түркі тіліндегі кейбір 
септіктер екі не үш түрлі грамматикалық мәнде қолданылған. Сонымен қатар септік 
жалғауларының шылаулар жетегінде айтылуы да енді қалыптаса бастаған құбылыс 
ретінде көрінеді. Қазақ тіліндегі септік категориясын тарихи барлауда сүйенетін 
тірек-көне түркі тілі ескерткіштері. Ол тілдің фактілері түркі тілдерінің көне 
дәуірлерінде септелудің үш түрлі жүйесі болғандығын дәлелдейді. Ондай жүйелері 
жай септеу, тәуелдеулі сөздердің септелуі және есімдіктердің септелуі. 
Қазіргі түркі тілдерінің қайсысында да атау септікті сөздің түбірінен 
бөлектейтіндей арнаулы аффикс жоқ. Атау септік тұлғасы жазбалар тіліндетура 
мағынасында қолданылғані Ілкі сен барғыл-Алдымен сен бар. Сондай-ақ атау 
септіктің барыс, ілік, табыс, жатыс, шығыс септік тұлғаларының орнына 
қолданылуы да ұшырасады. Көне түркі тіліндегі атау тұлғасының көп 
функциялылығы жалпы септік жалғауларының бір-бірінен ара жігін 
айқындамауының, түгелдей жіктелмеуінің нәтижесі деп қана қараған дұрыс. 
Ілік септік тұлғасының көне жазбалар тілінде мына сияқты варианттары барі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет