СөЖ (реферат) Пәні: Көне қазақ тілі Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет5/13
Дата20.09.2023
өлшемі0,59 Mb.
#108917
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Көне қазақ тілі( Ұлжан)

1.2.
 
Зат есімнің категорияларының ерекшеліктері 
 

(«Диуани лұғат-ат түрк» және «Тәварих-и мусиқиун» ескерткіштері
негізінде) 
«Диуани лұғат-ат түрк» зат есімнің көптік категориясы 1) 
-лар,
 
-ләр, -ла
2) 
-ан 
3) 

, 4) 
-з 
қосымшалары арқылы жасалған. «Диуани луғат-ат түрк»те зат 
есімдердің көптелуінде 
-лар, -ләр 
жалғауы өте көп жұмсалған. Мысалы, 
Алплар 
көкрәшди (МК ІІ, 228). 
Бәгләр 
бир биригә йағықты (МҚ ІІІ, 72) т.б. [1, 166–167 бб.].
 
М. Қашқари барыс септігінде 
-ла 
көптік жалғауымен келген бірнеше зат 
есімдерді береді: 
аш-ла-қа 
(астарға, тамақтарға), атлақа (аттарға), 
йт-ла-қа 
(иттерге), 
тат-ла-қа 
(МҚ І, 433-434; 436) [1, 167 б.]. Қазіргі ұйғыр тілінде р 
дыбысының көп жағдайларда түсіріліп айтылуы тілдегі заңдылық болып табылады: 
аңлаңла 
(аңлаңлар), 
балила 
(балилар). М. Қашқари сөздігінде 
басмыл, бәтілі, йумул, 
йасмил, чигил, чумул 
түріндегі мысалдар кездеседі. Мұндай (

) көптікті білдіретін 
аффикс бірде-бір ескерткіште, түркі тілдері мен диалектілерінде осы уақытқа дейін 
кездеспеген. 
-лар 
аффиксы әуелі жалаң 

, кейін 
-ла 
түрінде, біртіндеп 
-лар 
формасына өзгерген болу керек [2, 17 б.]. 
М. Қашқаридың айтуы бойынша, ХІ ғасырда 
оғлан, әрән 
сөздері 
жекешетүрде де, көпше түрде де қолданылған сияқты (МҚ І, 142– 153) [1, 168–169 



бб.]. 
-ан 
жалғауы көне түркі тілімен қатар, парсы тілінде де көптік мән берген. 
сондықтан бұл жалғаудың шығу тегі парсы тілімен де байланысты болуы мүмкін 
[3, 38-42 бб., 4, 98 б.]. А.М. Щербакта көне түркі тіліндегі 
туркан 
сөзі «түркілер» 
калма- кан 
«қалмақтар» деген көптік мағынаны беретіндігін айтады [4, 89 б.]. 
«Диуан» тілінде көптік тұлғасы 
-ан 
қосымшасы арқылы жасалы- нады. Бұл аффикс 
оғул 
және 
әр 
сөздеріне жалғанған: 
оғул 
– ұл, 
оғлан
– балалар; 
әр 
– ер адам, 
әрән 
– 
ерлер. «Диуан» тілінде оғул және оғлан тулғаларының екеуі де кездеседі. Бірақ 
мұнда 
-ан 
қосымшасы үстіне тағы 
-лар 
қосымшасының үстемеленген тұлғасыда 
кездеседі Мысалы, 
әрди уза әрәнләр 
(МҚ І, 153) [1, 168–169 бб.]. 
Оғул 
және 
оғлан 
сөздерінің қолданысында да өзгешеліктер бар. 
Оғул 
сөзіне кейде бірлікті кейде 
көптік мағынасын білдіріп келген. Мысалы: 
оғлан су төкди. Оғлан ағлады

Оғланығ 
бәдүтті
, деген сөйлемдерде бірлік мағынасында келген. 
Оғлан ағлашды. Оғлан 
йүгрүшти
, деген сөйлемдерде етістік құрамындағы 
-ш 
етіс қосымшасына байланы- 
сты көптік мағынаны білдіреді. 
М. Қашқари сөздігінде 
-т 
қосымшасымен тек 
тег+іт 
сөзі кездеседі. 
Тегіт 
сөзі 
тегін 
сөзінің көптігі. 
-з 
қосымшасы ежелгі түркі жазба ескерткіштерде көп 
қолданылған. Бұл қосымша жүптік мағынаны білдіреді. «Диуанда» 
тіз, көз, іккіз 
(егіз) сөздерінде кездеседі. 
ХІХ ғасырда жазылған «Тәварих-и мусиқиунда» жазба ескерткішінде зат 
есімдердің көптік категориясы морфологиялық, синтаксистік, лексикалық сияқты 
үш түрлі тәсілмен жасалады және кейбір сөздер көптік мағынада қолданылады. 
«Тәварих-и мусиқиун» ескерткішінің тілі зат есімнің көптелу категориясы жағынан 
қазіргі ұйғыр тілінен төмендегідей ерекшеленеді. Зат есімнің көптік жалғаулары 
-
лар, -ләр 
жалғанған тұлғалары тәуелдік тұлғасын алғанда жеке тұлғаның сыпайы 
түрі ретінде қолданылады. Мыса- лы: Мәликә, Аманнисахеним сұлтан 
Абдурешитхан падишаһниң 
зәвжалари 
ирди [5]. 
«Тәварих-и мусиқиунда» кездесетін араб-парсы тілдерінен енген кейбір зат 
есімдер сол тілдерден өзінің негізгі көптік мағынасында қолданылады. Мысалы: 
ақабир, тәварих, әшъар, күтүб, әсрар 
т.б. Ескерткіште кейде арабша немесе 
парсыша көптік тұлғалардың үстіне қазіргі ұйғыр тіліне тән көптік жалғаулары (-
лар//ләр) үстемеленіп жалғанғаны көрініс береді. Мысалы: Хас алим мусиқи 
устазлиридин... әмир Низамиддин Әлишир Нәвайи муршидимниң бу фән һәкқидә 
путкан 
күтүб-рәсайилларидин 
бәһриманд болдум т.б. [5]. 
«Диуани лұғат-ат түрк» және «Тәварих-и мусиқиунда» тәуелдік 
жалғаулары жекеше және көптік тұлғада кездеседі. Бұл ескерткіштердегі тәуелдік 
жалғауларында палаталь-веляр гармония, еріндік үндестігінің әсері анық сезіліп 
тұрады. Жекеше және көптік тұлғалар сөз түбірінің сипатына немесе дауысты, 
дауыссыз дыбы- стармен аяқталуына қатысты болып келеді: 
Ұзақ тарихи дәуірлерді өткере отырып, тәуелдік категориясы мағыналық, 
тұлғалық жағынан көп өзгеріске түсе қоймаған. Бұл дәуірлерде тәуелдік 
жалғауының езулік және еріндік нұсқалары қолданылған: 
Тәуелдік жалғауы кейде түбірдің фонетикалық құрамын еш өзгертпей 
жалғанып келеді. Мысалы: 
йарымы 
(жартысы) (МҚ ІІ, 26), 
қулақы 
(құлағын) (МҚ 
ІІ, 226) [1, 194–200 бб.]. 
«Диуани лұғат-ат түрк» тілінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет