10
жалғаулардың көмегімен жасалады:
І жақ (жекеше түрі)
-м, -ім, -ым, -үм, - ум.
ІІ жақ (жекеше түрі)
-ң, -ің, -ың;-үң, -уң
. ІІІ жақ
(жекеше түрі)
-і, -ы, - сі, -сы
І жақ (көпше түрі)
-міз, -мыз, -мүз, -муз, -іміз, -ымыз, -үмүз, -умуз .
Ескерткіштер тілінде септік жалғаулары дыбыстар үндестігіне бағынып та,
бағынбай да қолданылғаны байқалады. сондай-ақ, ерін үндестігіне, қатаң және
ұяң дауыссыз дыбыстардың байланысына көңіл бөлінбейді.
Атау септік.
Атау септігінің морфологиялық көрсеткіші болмай- ды.
Басқа
септік формаларын жасау үшін негіз қызметін атқарады. Ескерткіштерде атау
септік қазіргі ұйғыр тіліндегімен бірдей болып келеді. Мысалы: кәклик (МК І,
463), байрақ (МК ІІ, 214), ажун (МК ІІ, 278) [1, 175–177 бб.]. сурнайни...
Әрдишир
атлиғ бир киши кәшф қилди.
Ілік септік.
«Диуани лұғат-ат түркте»
ілік септігі
-(н)ың, -(н)ің,-(н)уң, -(н)үң
жалғаулары арқылы жасалады: Тавғач
ханның
турку- сы тәлим (МК І, 421),
бөри-
ниң, қузғун-уң, – бөриниң
ортақ,
қузғунуң
йығач башында (МК І, 431).
Күн-үң
–
түн
күнүң
қаршысы ол (МК І, 419) [1, 177–178 бб.].
«Тәварих-и мусиқиун» ескерткішінде қазіргі ұйғыр
тіліндегі ілік септігінің
-
ниң
жалғауы қолданылады. Ілік септік жалғауының
мән, сән
сияқты
жіктеу
есімдіктерге жалғанғанда қосымша құрамындағы [н] дыбысы түсіп қалады.
Мысалы: Нәфиси
мениң
тәхәллусум. Әбятлар
сениң
һәмидиңда әшъарлар
һәбибиң нәъитида язғаймән. Ілік септігінің Орхон
жазба ескерткіштері тілінде
және ескі ұйғыр тілінде көп қолданылған
-ың, -иң
тұлғасы «Тәварих-и
мусиқиунда» кездеспейді [5].
Достарыңызбен бөлісу: