Шығыс септік.
«Диуани лұғат-ат түркте» шығыс септігінің
-дан, -дән, -
дын, -дін, -дун, -дүн, -тан, -тән, -тын, -тин
жалғаулары қолданылған.
Мысалы, сувдан кәчүрди (МҚ ІІ, 179).
Көздән
йыраса,
көңүлдән
йәмә йырар
(МҚ ІІ, 217).
Тағдын
инилди (МҚ ІІ, 154). Күч
әлдін
кирсә (МҚ ІІ, 46) [1, 189–
190 бб.].
Жатыс септік.
«Диуан»да жатыс септігі
-да, -дә, -та, -тә
жалғаулары
арқылы жасалған. Мысалы, тешүк сувда білгүрәр (МҚ І, 387).
Йазыда
бөри
улыса
әвдә
ит бағры тартышур (МҚ ІІІ, 238) [1, 187–188 бб.].
«Тәварих-и мусиқиун» ескерткішінде жатыс септік сөз түбірінің жуан-
жіңішке қасиетіне қарай
-да, -дә, -тә
жалғауларымен беріледі. Мысалы:
баргаһида, динидә, шәриәттә
т.б. Дегенмен жатыс септікке қатысты
ескерткіштің өзіне тән ерекшеліктері де жоқ емес. Жатыс септік
жалғауларында, жалпы алғанда, дыбыс үндестігі сақталғанымен, септіктің
қолданылуында дыбыс ассимилияция- сына тән фонетикалық талаптарға сай
келмейтін тұстар да орын алады. Мәселен, «Тәварих-и мусиқиунда» қатаң
дауыссыз дыбы- спен аяқталған сөздерге ұяң
-да, -дә
варианты жалғанады.
Мысалы:
алимлиқда, туғутда, балағәтдә
т.б. «Тәварих-и мусиқиунда» қатаң
дауыссыз дыбыспен аяқталған сөздерге жатыс септіктің қатаң дау- ыссыз
дыбыстағы
-тә
варианты [т] дыбысымен аяқталған һәйрәттә және шәриәттә
деген сөздерге ғана жалғанады. Кейде бір түбір үшін бұл септіктің жуан
варианты да
(-да)
, жіңішке варианты да
(-дә)
қолданылған:
ишқида//ишқидә,
чәмәндә//чәмәнида, китабида// китаплардә
т. б. [5].
Орын-белгі септігі.
«Диуани лұғат-ат түркте»
-дәки, -тәки
тұлғасы арқылы
жасалған. Мысалы,
Әвдәки
бузағу өкүз бол- мас (МҚ І, 437). «Тәварих-и
мусиқиунда» орын-белгі септігі ескі ұйғыр тіліндегі
-дағы, -дақы, -дәки
12
тұлғасында өрнектелмей, қазіргі ұйғыр тіліндегідей
-дики
жалғауы арқылы
беріледі. Бұл тұлға сөйлемде анықтауыш қызметін атқарып, анықталушы
сөздің орын жағынан белгісін білдіреді. Мысалы: һәр кичә кирип истиқамәт
қилған
Ниъмәти Абаддики
луһәдларигә тарихниң сәккиз йүз тоқсан тоққузида
дәфн қилиндилар [5].
Достарыңызбен бөлісу: |