Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Филология факультеті
СӨЖ
(РЕФЕРАТ)
Пәні:
Көне қазақ тілі
Тақырыбы:
«Зат есімнің тәуелдік, септік, көптік жалғаулары
туралы. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі зат есім және
оның жалғаулары. Көне түркі мұраларындағы зат есімнің
сипаты»
Орындаған:
Галпай Ұ.Ә
Тексерген:
Абитжанова Ж.А
Алматы,2022жыл
2
МАЗМҰНЫ
I.
II.
1.1.
1.2.
Зат есім категорияларының ерекшеліктері .......................................... 9
III.
ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ ............................................................................. 15
IV.
3
I.
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі.
Жазба ескерткіштер – қай халықтың болмасын
өткен тарихы, мәдениеті, әдебиеті, тілі, тұрмыс-тіршілігі, дінінің өткен
тарихынан мәлімет алуға мүмкіндік беретін асыл мұрасы. Уақыт өткен сайын
тілдің дамуы тамырының тереңдігімен де өлшенеді. сондықтан тілді білу үшін
әуелі түпкі тамырын зерттеп, тарихын білу – бүгінгі ұрпақтың еншісі.
Түркі халықтарының бізге келіп жеткен мұралары аз емес. Біздің қазіргі
тіліміздің пайда болу, өсу, дамуының заңдылықтарын, қалыптасу жолдарын білу
үшін түркі жазба ескерткіштерінің тілін жан-жақты зерттеп, қазіргі ана тілімізге
қатысы қанша екендігін анықтау қажет.
Түпнұсқада сақталып бүгінгі күнге жеткен тарихи жаз ба мұраларымызды
жан-жақты зерттеуді қажет ететін осындай ескерткіштер – ХІ ғасыр мұрасы
«Диуани лұғат-ат түрк» және ХІХ ғасыр мұрасы «Тәварих-и мусиқиун» трактаты
болып есептеледі.
Бұл ескерткіштер тілі орта ғасырлардағы жазба тіл мен қазіргі түркі тілдерін
байланыстыратын маңызды саты болып табылады. Ежелгі ұйғыр тілі мен ескі
ұйғыр тілінің нақты морфологиялық ерекшеліктерін зерттеу негізінде қазіргі
заман ұйғыр тілінің тари- хи даму барысын анықтаудың маңызы зор. Ежелгі
ұйғыр тілі мен ескі ұйғыр тілі негізінен бірдей. Төменде зат есімдің көптік,
тәуелдік және септік категорияларына тоқталамыз.
Зат есім-есімдер тобындағы сөздердің ішіндегі дербес қолданылатыны.
Есімдердің басқа топтары осы зат есімдер айналасына топталып соған қатысты
ғана қолданылады. Сөйтіп зат есімдер тек заттық мән-мағына туғызушы ғана
сөздер емес, соған сәйкес дербес қолданылатын да сөздер. Қазіргі қазақ тіліндегі
зат есім категорияларының негізгі түрлері көне түркі тілінде де кездеседі. Ол тілде
де зат есімдер басқа сөз таптарымен салыстырғанда көптелетін, септелетін,
тәуелденетін сөздер есебінде ерекшеленген. Зат есімдерге тән грамматикалық
категориялардың тұлғалық өзгерістерін, жеке аффикстердің пайда болуын және
кейбір семантикалық өзгерістерін еске алмасақ, олардың қайсысының да
өздерінің негізгі қызметтерінен айнымағандығын байқауға болады.
4
Зерттеу нысаны
.
Жұмыста зат есімнің тәуелдік, септік, көптік жалғаулары, көне түркі
жазба ескерткіштеріндегі зат есім және оның жалғаулары, көне түркі
мұраларындағы зат есімнің сипаты туралы жан-жақты сипаттау мақсат
етілді.
Достарыңызбен бөлісу: |