СөЖ (реферат) Пәні: Көне қазақ тілі Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет9/13
Дата20.09.2023
өлшемі0,59 Mb.
#108917
түріРеферат
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Көне қазақ тілі( Ұлжан)

Ұқсату септігі. 
Бұл септіктегі зат есімдер сөйлемде 
-дәк,
-тәк 
аффикстері арқылы беріледі. Бұл жалғау теңеу жасауда жиі 
қолданылады. Мысалы: Алимлиқда һәзрәти Әбу Нәсир 
Фарабидек

һәкимлиқда һәзрәти 
Ибни Синадек
, шаирлиқта һәзрәти 
Нәвайидек

муғәннилиқда тәхи 
Қидирихандек 
ирдилар. Ескерткіште басқа септіктер 
сияқты ұқсату септігі де кей жағдайда түсіп қалады: ... ғәрип-йитимлар атаси, 
фуқира мискинләр рәһнәмаси, 
Жәмшид сәвләт, Суләйман дәвләт, йолбарс 
хәшм, Искәндәр һәшм... 
шаһи Хотән Әлишир һеким бегим [5]. 
Шектеу септігі. 
Ескі ұйғыр тілінде шектеу септігі 
-ғәчә, -қәчә,-гәчә, -кәчә 
аффикстері арқылы берілсе, «Тәварих-и мусиқиунда»
-ғәчә 
варианты және 
қазіргі ұйғыр тіліндегі 
-ғичә 
варианты қолданылады. Мысалы: Бу әзизни 
падишадин 
гудағәчә
, әвлиядин тәрсағәчә дост тутмайдурған киши йоқ ирди. 
Өзһал муқамики, әлһал барчә муғәнниларғә мәълумдур, биринжи, иккинжи, 
үчүнжи 
мәрғоләлариғичә 
кәшф қилған ирдилар [5]. 
Көмектес септігі. 
«Диуани лұғат-ат түркте» бұл септік 
-ын,-ин, -ун, -үн 
жалғаулары арқылы беріледі. Мысалы, қылыч қынққа күчин сығды (МҚ І, 
365). Қуш 
қанатын
, әр 
атын 
(МҚ І, 109) [1, 190–191 бб.]. Түркі тілдер 
дамуының кейінгі дәуірлерінде, әсіресе XV ғасырдан бастап көмектес септігі 
грамматикалық қасиетін жоғалтып, септік категориясы ретінде қолданыстан 
шыққан [10, 61 б.]. сондықтан 
-н, -ын, -ун, -үн 
жалғауларымен берілген 
көмектес септік тұлғасы «Тәварих-и мусиқиун» тілінде байқалмайды. Ежелгі 
ұйғыр тілі дәуірінде жиі қолданылған бұл жалғау «Тәварих-и мусиқиун» 
жазылған дәуірге келгенде аналитикалық формаларға ауысқан. «Тәварих-и 
мусиқиунда» бұл септік «билән» септеулігінің көмегімен жасалады. Мысалы: 
... ханаданның ніъмәті 
бірлә 
фәрфәрдә болуб тіләр әрдім кі... . ... Пәһливан 
Муһәммәд Көштингир 
билан 
һәмсөһбәттә болдум [5]. 

Ескі ұйғыр тілі ежелгі ұйғыр жазба әдеби тілінің ислам діні және ислам 


мәдениеті кезіндегі дамуының нәтижесі, қазіргі ұйғыр әдеби тілінің негізі 
болғаны мәлім. сондықтан, «Диуани лұғат-ат түрк» және «Тәварих-и 
мусиқиун» ескерткіштерінің морфология- сын қазіргі ұйғыр тілімен 
сабақтастықта қарастырудың нәтижесінде жазба ескерткіштер тіліндегі көптік, 
тәуелдік, септік категорияла- ры тұлғалық жағынан қазаргі ұйғыр тіліне ұқсас 
болып келеді деген қорытындыға келуге болады.
 
 


13 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет