5
II.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Жалпы сипаты.
Тілімізде есімдер деп аталатын
топқа жататын сөздердің
грамматикалық кластары тарихи даму тұрғысынан бір-бірімен ұштасып,
байланысып жатады. Мысалы, зат есімнің жеке семантикалық топтарының
қалыптасуы жайлы айтқанда дәл сондай
тұлғалысын есімдер тобының
қалыптасуын назардан тыс қалдыруға болмайды. Сондай-ақ зат есімдер мен сын
есімдер жайында әңгімелегенде солармен орайлас қолданылатын сан есімдермен
есімдіктерге де соқпай кетуге болмайды. Бұлардың қазіргі тіліміздегі қызметі мен
қолданыс жағынан ыңғайластығы олардың тарихи
қалыптасу ерекшеліктерімен
ұштасып жатады. Сөздердің грамматикалық кластарға жіктелуі сөйлем ішіндегі
мәні мен қызметіне байланысты болған құбылыс. Айталық сөйлем құрамында
үнемі бастауыш қызметінде жұмсалу, яғни айтылатын ойдың иесін білдіріп, басқа
сөздергетәуелсіз қолданылатын сөз ретінде қалыптасуына мүмкіндік жасады.
Акад.И.И.Мещанинов бұл туралы Зат есім өзінің
сөйлемде заттық мағынадағы
(бастауыш және толықтауыш) мүше болуымен жіктеліп шықты,- дейді. Ал сол зат
есімдермен іргелес, соларға бағынышты қолданылатын сын есімдердің сөз табы
ретінде қалыптасуы туралы үнді европа тілдерінің материалдары негізінде акад.
В.М.Жирмунский
«Грамматикалық
жағынан
тұлғаланған
сын
есімдер
категориясының қалыптасуы, яғни есімдердің зат
есімдер мен сын есімдерге
жіктелуі үндіевропа тілдерінде салыстырмалы грамматика әдістері арқылы
көрінеді»,- дейді. Нақ осы тұжырымды түркі тілдеріндегі,
солардың бірі-қазақ
тіліндегі зат есімдер мен сын есімдерге де қолдануға болады. Есім сөз таптарының
ішінде оқшау тұратыны-үстеулер. :стеулер шығу төркіні, қалыптасу тәсілі жағынан
да әр қилы. Морфологиялық жағынан үстеулер бірде есім негізді болса, бірде
етістік негізді болып отырады. Осындай әр тұлғалылық
оларды біршама кеш
қалыптасқан грамматикалық класс деп қарауға мүмкіндік береді. Сан есімдер түп
негізі жағынан басқа сөз таптарымен ұштасып жататыны тіл білімінде әр кез
айтылып келеді. Сонымен есім сөз таптарының дамуы,
тарихи өзгерісі олардың
бірыңғай қалыптасуына алып келді.
Достарыңызбен бөлісу: