8
Қазіргі қазақ тіліндегі
барыс септік тұлғасы -қа -ке, -ға, -ге, екенібелгілі.
Алайда көне түркі тілінде олардың бірнеше түрі болған. Олар мыналарі -ғару, -
геру, -қару, -керу -ру, -йа, -йе, -а,-е. Көне түркі тілінде жиі қолданылған-қа, -ке, ға,
-ге, -а, -е тұлғалары затты, нәрсені білдіретін сөздерге жалғанып, әрекетқимыл
бағытталған, арналған затты, нәрсені білдіреді. Табғач қағанқа бағынды.
Қазіргі түркі тілдеріндегі жатыс жалғауларының варианттары да тұлғасының
айналасына топтасады. Жатыс жалғауы сыртқы тұлғалық жағынан тарихқа белгілі
ежелгі дәуірлерден біздің тілімізге көп өзгеріссіз жеткен.
Шығыс септік тұлғасы қазіргі қазақ тілінде үш түрлі вариантта (т\д\н)
айтылады. Шығыс септік жалғауының этимологиялық
негізін зерттеушілердің
қайсысы даоның алғашқы бөлігі(да-н) жатыс жалғауы деп қарайды -н қосымшасы
істің бағытын білдіреді. Бұл жалғаудың негізгі мағыналарыі істің, әрекеттің шығар
көзін, іс-әрекеттің таралған ажыраған обьектісін білдіру. Шығыс септік
тұлғасының жатыс септікпен мәндес жұмсалуы, бұл екі жалғаудың генезис
бірлігіне байланысты болса керек.
Қазіргі түркі тілдерінің көпшілігінде жоқ септік жалғауы -көмектес септігі.
Арнаулы грамматикалық тұлғасы бар көмектес септік қазақ тілінің ғана ерекшелігі.
Басқа түркі тілдерінде бұл септік жалғаудың қызметін біле (білен)
шылауы
атқарады. Көне түркі тілінде қазақ тіліндегі-мен септік жалғауы мен басқа түркі
тілдеріндегі біле шылауының мәнін беретін арнайы жалғау -ын,-ін, - н тұлғасы
айтылған. -ын, -ін, -н тұлғасы мынадай негізгі мағы-налар туғызғані іс-әрекеттің
болып
өткен жолын, орнын білдіреді. Ол йолын йорысар, унч тідім. Ол жолмен
жүрсе мүмкін дедім. Көне түркі тілінде бірлестік, құралдық
мәнде бірле сөзі де
қолданылған. М.Қашқари сөздігінде екі вариантта бірле, біле түрінде жазылған.
Бірле шылауының құрамындағы -р түсіп қалуы ХI ғасырға дейін болсы керек. Біле
шылауының -мен көмектес жалғауына және -мен (менен, пенен) шылау сөзіне
ажырауы халықтың ауызекі сөйлеу тілінің құрамында өткен процесс.
Достарыңызбен бөлісу: