9
бб.].
-ан
жалғауы көне түркі тілімен қатар, парсы тілінде де көптік мән берген.
сондықтан бұл жалғаудың шығу тегі парсы тілімен де байланысты болуы мүмкін
[3, 38-42 бб., 4, 98 б.]. А.М. Щербакта көне түркі тіліндегі
туркан
сөзі «түркілер»
калма- кан
«қалмақтар» деген көптік мағынаны беретіндігін айтады [4, 89 б.].
«Диуан» тілінде көптік тұлғасы
-ан
қосымшасы арқылы жасалы- нады. Бұл аффикс
оғул
және
әр
сөздеріне жалғанған:
оғул
– ұл,
оғлан
– балалар;
әр
– ер адам,
әрән
–
ерлер. «Диуан» тілінде оғул және оғлан тулғаларының екеуі де кездеседі.
Бірақ
мұнда
-ан
қосымшасы үстіне тағы
-лар
қосымшасының үстемеленген тұлғасыда
кездеседі Мысалы,
әрди уза әрәнләр
(МҚ І, 153) [1, 168–169 бб.].
Оғул
және
оғлан
сөздерінің қолданысында да өзгешеліктер бар.
Оғул
сөзіне кейде бірлікті кейде
көптік мағынасын білдіріп келген. Мысалы:
оғлан су төкди. Оғлан ағлады
.
Оғланығ
бәдүтті
, деген сөйлемдерде бірлік мағынасында келген.
Оғлан ағлашды. Оғлан
йүгрүшти
, деген сөйлемдерде етістік құрамындағы
-ш
етіс қосымшасына байланы-
сты көптік мағынаны білдіреді.
М. Қашқари сөздігінде
-т
қосымшасымен тек
тег+іт
сөзі кездеседі.
Тегіт
сөзі
тегін
сөзінің көптігі.
-з
қосымшасы ежелгі түркі
жазба ескерткіштерде көп
қолданылған. Бұл қосымша жүптік мағынаны білдіреді. «Диуанда»
тіз, көз, іккіз
(егіз) сөздерінде кездеседі.
ХІХ ғасырда жазылған «Тәварих-и мусиқиунда» жазба ескерткішінде зат
есімдердің көптік категориясы морфологиялық, синтаксистік, лексикалық сияқты
үш түрлі тәсілмен жасалады және кейбір сөздер көптік мағынада қолданылады.
«Тәварих-и мусиқиун» ескерткішінің тілі зат есімнің көптелу категориясы жағынан
қазіргі ұйғыр тілінен төмендегідей ерекшеленеді. Зат есімнің көптік жалғаулары
-
лар, -ләр
жалғанған тұлғалары тәуелдік тұлғасын алғанда жеке тұлғаның сыпайы
түрі ретінде қолданылады. Мыса- лы: Мәликә, Аманнисахеним сұлтан
Абдурешитхан падишаһниң
зәвжалари
ирди [5].
«Тәварих-и мусиқиунда» кездесетін араб-парсы тілдерінен енген кейбір зат
есімдер сол тілдерден өзінің негізгі көптік мағынасында қолданылады. Мысалы:
ақабир, тәварих, әшъар, күтүб, әсрар
т.б. Ескерткіште
кейде арабша немесе
парсыша көптік тұлғалардың үстіне қазіргі ұйғыр тіліне тән көптік жалғаулары (-
лар//ләр) үстемеленіп жалғанғаны көрініс береді. Мысалы: Хас алим мусиқи
устазлиридин... әмир Низамиддин Әлишир Нәвайи муршидимниң бу фән һәкқидә
путкан
күтүб-рәсайилларидин
бәһриманд болдум т.б. [5].
«Диуани лұғат-ат түрк» және «Тәварих-и мусиқиунда» тәуелдік
жалғаулары жекеше және көптік тұлғада кездеседі. Бұл ескерткіштердегі тәуелдік
жалғауларында
палаталь-веляр гармония, еріндік үндестігінің әсері анық сезіліп
тұрады. Жекеше және көптік тұлғалар сөз түбірінің сипатына немесе дауысты,
дауыссыз дыбы- стармен аяқталуына қатысты болып келеді:
Ұзақ тарихи
дәуірлерді өткере отырып, тәуелдік категориясы мағыналық,
тұлғалық жағынан көп өзгеріске түсе қоймаған. Бұл дәуірлерде тәуелдік
жалғауының езулік және еріндік нұсқалары қолданылған:
Тәуелдік жалғауы кейде түбірдің фонетикалық
құрамын еш өзгертпей
жалғанып келеді. Мысалы:
йарымы
(жартысы) (МҚ ІІ, 26),
қулақы
(құлағын) (МҚ
ІІ, 226) [1, 194–200 бб.].
«Диуани лұғат-ат түрк» тілінде
Достарыңызбен бөлісу: