11
Барыс септік.
«Диуани лұғат-ат түркте» барыс септігінің негізгі
көрсеткіштерінің бірі
-ға, -гә, -қа, -кә
жалғауы. Мысалы:
йалавачқа
алқыш
бәргил (МҚ І, 161). Қуруқ қашуқ
ағызқа
йарамас (МҚ І, 348). Қуруғ сөз
қулаққа
йақышмас (МҚ І, 348). -а, -ә жалғауы
тәуелдік жалғаулардан кейін
жалғанады. Мысалы, көзүмә нәң иләрди (МҚ І, 229). Ол мәни атама охшатди
(МҚ І, 292) [1, 179–180 бб.]. Күрделі аф- фикс болып есептелінетін
-ғару, -гәру, -
қару, -кәру
нұсқасы тек кейбір үстеу сөздердің құрамында сақталынып қалған.
Бұл жалғау
-ру, -рү
қосымшасымен
барыс септігінің қосымшасы
-қа, -гә
тұлғаларының бірігуінен жасалған. Мысалы, кыш
йай+ғару
сөвләнүр (МҚ ІІІ,
254).
Йағы+қару
кириш қылдым (МҚ ІІ, 217) ) [1, 183–184 бб.]
«Тәварих-и мусиқиун» ескерткіші тілінде барыс септік
-ға,-гә, -ғә, -қа,
-кә, -қә
жалғаулары арқылы беріледі. Барыс септігінің жалғауы «Тәварих-и
мусиқиунда» сөздің жуан және жіңішкелігі ескерілместен, буынды талғап та,
талғамай да жалғанады. Мәселен:
-ға
варианты дауысты немесе ұяң дауыссыз
дыбысқа аяқталған жуан сөздерге жалғанады (Мысалы,
йолға, абадиға,
дунияға
), -
қа
вариан- ты қатаң дауыссызбен
аяқталған жуан сөздерге
жалғанады (Мыса- лы, яшқа) яғни негізінен фонетикалық заңдылықтарды
сақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: