СөЖ (реферат) Пәні: Көне қазақ тілі Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет8/13
Дата20.09.2023
өлшемі0,59 Mb.
#108917
түріРеферат
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Көне қазақ тілі( Ұлжан)

Шығыс септік. 
«Диуани лұғат-ат түркте» шығыс септігінің 
-дан, -дән, -
дын, -дін, -дун, -дүн, -тан, -тән, -тын, -тин 
жалғаулары қолданылған. 
Мысалы, сувдан кәчүрди (МҚ ІІ, 179). 
Көздән 
йыраса, 
көңүлдән 
йәмә йырар 
(МҚ ІІ, 217). 
Тағдын 
инилди (МҚ ІІ, 154). Күч 
әлдін 
кирсә (МҚ ІІ, 46) [1, 189–
190 бб.]. 
Жатыс септік. 
«Диуан»да жатыс септігі 
-да, -дә, -та, -тә 
жалғаулары 
арқылы жасалған. Мысалы, тешүк сувда білгүрәр (МҚ І, 387). 
Йазыда 
бөри 
улыса 
әвдә 
ит бағры тартышур (МҚ ІІІ, 238) [1, 187–188 бб.]. 
«Тәварих-и мусиқиун» ескерткішінде жатыс септік сөз түбірінің жуан-
жіңішке қасиетіне қарай 
-да, -дә, -тә 
жалғауларымен беріледі. Мысалы: 
баргаһида, динидә, шәриәттә 
т.б. Дегенмен жатыс септікке қатысты 
ескерткіштің өзіне тән ерекшеліктері де жоқ емес. Жатыс септік 
жалғауларында, жалпы алғанда, дыбыс үндестігі сақталғанымен, септіктің 
қолданылуында дыбыс ассимилияция- сына тән фонетикалық талаптарға сай 
келмейтін тұстар да орын алады. Мәселен, «Тәварих-и мусиқиунда» қатаң 
дауыссыз дыбы- спен аяқталған сөздерге ұяң 
-да, -дә 
варианты жалғанады. 
Мысалы: 
алимлиқда, туғутда, балағәтдә 
т.б. «Тәварих-и мусиқиунда» қатаң 
дауыссыз дыбыспен аяқталған сөздерге жатыс септіктің қатаң дау- ыссыз 
дыбыстағы 
-тә 
варианты [т] дыбысымен аяқталған һәйрәттә және шәриәттә 
деген сөздерге ғана жалғанады. Кейде бір түбір үшін бұл септіктің жуан 
варианты да 
(-да)
, жіңішке варианты да 
(-дә) 
қолданылған: 
ишқида//ишқидә, 
чәмәндә//чәмәнида, китабида// китаплардә 
т. б. [5]. 
Орын-белгі септігі. 
«Диуани лұғат-ат түркте» 
-дәки, -тәки 
тұлғасы арқылы 
жасалған. Мысалы, 
Әвдәки 
бузағу өкүз бол- мас (МҚ І, 437). «Тәварих-и 
мусиқиунда» орын-белгі септігі ескі ұйғыр тіліндегі 
-дағы, -дақы, -дәки 


12 
тұлғасында өрнектелмей, қазіргі ұйғыр тіліндегідей 
-дики 
жалғауы арқылы 
беріледі. Бұл тұлға сөйлемде анықтауыш қызметін атқарып, анықталушы 
сөздің орын жағынан белгісін білдіреді. Мысалы: һәр кичә кирип истиқамәт 
қилған 
Ниъмәти Абаддики 
луһәдларигә тарихниң сәккиз йүз тоқсан тоққузида 
дәфн қилиндилар [5]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет