Ұқсату септігі.
Бұл септіктегі зат есімдер сөйлемде
-дәк,
-тәк
аффикстері арқылы беріледі. Бұл жалғау теңеу жасауда жиі
қолданылады. Мысалы: Алимлиқда һәзрәти Әбу Нәсир
Фарабидек
,
һәкимлиқда һәзрәти
Ибни Синадек
, шаирлиқта һәзрәти
Нәвайидек
,
муғәннилиқда тәхи
Қидирихандек
ирдилар. Ескерткіште басқа септіктер
сияқты ұқсату септігі де кей жағдайда түсіп қалады: ... ғәрип-йитимлар атаси,
фуқира мискинләр рәһнәмаси,
Жәмшид сәвләт, Суләйман дәвләт, йолбарс
хәшм, Искәндәр һәшм...
шаһи Хотән Әлишир һеким бегим [5].
Шектеу септігі.
Ескі ұйғыр тілінде шектеу септігі
-ғәчә, -қәчә,-гәчә, -кәчә
аффикстері арқылы берілсе, «Тәварих-и мусиқиунда»
-ғәчә
варианты және
қазіргі ұйғыр тіліндегі
-ғичә
варианты қолданылады. Мысалы: Бу әзизни
падишадин
гудағәчә
, әвлиядин тәрсағәчә дост тутмайдурған киши йоқ ирди.
Өзһал муқамики, әлһал барчә муғәнниларғә мәълумдур, биринжи, иккинжи,
үчүнжи
мәрғоләлариғичә
кәшф қилған ирдилар [5].
Көмектес септігі.
«Диуани лұғат-ат түркте» бұл септік
-ын,-ин, -ун, -үн
жалғаулары арқылы беріледі. Мысалы, қылыч қынққа күчин сығды (МҚ І,
365). Қуш
қанатын
, әр
атын
(МҚ І, 109) [1, 190–191 бб.]. Түркі тілдер
дамуының кейінгі дәуірлерінде, әсіресе XV ғасырдан бастап көмектес септігі
грамматикалық қасиетін жоғалтып, септік категориясы ретінде қолданыстан
шыққан [10, 61 б.]. сондықтан
-н, -ын, -ун, -үн
жалғауларымен берілген
көмектес септік тұлғасы «Тәварих-и мусиқиун» тілінде байқалмайды. Ежелгі
ұйғыр тілі дәуірінде жиі қолданылған бұл жалғау «Тәварих-и мусиқиун»
жазылған дәуірге келгенде аналитикалық формаларға ауысқан. «Тәварих-и
мусиқиунда» бұл септік «билән» септеулігінің көмегімен жасалады. Мысалы:
... ханаданның ніъмәті
бірлә
фәрфәрдә болуб тіләр әрдім кі... . ... Пәһливан
Муһәммәд Көштингир
билан
һәмсөһбәттә болдум [5].
Ескі ұйғыр тілі ежелгі ұйғыр жазба әдеби тілінің ислам діні және ислам
мәдениеті кезіндегі дамуының нәтижесі, қазіргі ұйғыр әдеби тілінің негізі
болғаны мәлім. сондықтан, «Диуани лұғат-ат түрк» және «Тәварих-и
мусиқиун» ескерткіштерінің морфология- сын қазіргі ұйғыр тілімен
сабақтастықта қарастырудың нәтижесінде жазба ескерткіштер тіліндегі көптік,
тәуелдік, септік категорияла- ры тұлғалық жағынан қазаргі ұйғыр тіліне ұқсас
болып келеді деген қорытындыға келуге болады.
|