БХӨ-ді жарақаттың шеттерін жақындатып, біріншілік тігіс салумен аяқтайды. Ол үшін хирургиялық инелер колданылады.
Инелер жарақаттайтын және жарақаттамайтын деп бөлінеді.
Жарақаттайтын инелердің жіп кіргізетін құлақшасы болады, жіп екі рет оралады, соның нәтижесінде жарақаттайды, ал жарақаттамайтын инелер жіппен соңы соңымен (конец - в - конец) типі бойынша байланысады, соның нәтижесінде тіндерден оңай өтеді.
Жіпке қойылатын талаптар
Ұзына бойы тегіс болу;
Эластикалық және иілгіш;
Тыртық пайда болғанға дейін мықты болу;
Егеу эффектісін тудырмау, жақсы сырғанау, жарақаттамау;
Инемен соңы соңымен (конец - в – конец) типі бойынша байланысу, жақсы манипуляциялық қасиеттерге ие болу;
Тыртықтың пайда болуымен сорылуы;
Жіптердің жіктелуі
Құрылымына байланысты – моножіп (монофиламентная нить) және полижіп (полифиламентная нить);
Биодеструкциясына байланысты – сорылатын (кетгут, окцелон, кацелон, викрил, дексон, и др.), сорылмайтын (капрон, полиамид, лавсан, нейлон, этибонд, М-дек, пролен, пропилен, суржилен, суржипро, и др.);
Жасалған шикізатқа байланысты – табиғи, металдан және синтетикалық.
Хирургиялық түйіндерге қойылатын талаптар
Бірінші кезекте мықты, берік болу керек;
Қоршаған тіндердің некрозын шақырмас үшін жарақатты қатты тартып тұрмау;
Үлкен болмау керек;
Түйіннің ұзындығы тігісті шешкенде қысқышпен ұстауға келетіндей болуы тиіс;
Бет жарақаттарын БХӨ-дің ерекшеліктері
Жарақатты ерте хирургиялық өңдеу 24 сағатқа дейін;
Арнайы мекемелерде соңғы хирургиялық өңдеу;
Жарақаттың шеттері ашылмайды, тек өлген тіндер ғана алынады;
Жарақаттағы бөтен заттар алынады, қиын жететін аймақтардағы бөтен заттарды іздемейді;
Ауыз қуысына өткен жарақаттар тігіс арқылы ауыз қуысынан оқшаулануы тиіс;