Филология факультеті
Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы
СӨЖ Тақырыбы: Ақын-жыраулар поэзиясындағы Абылай хан бейнесі
Орындаған: Әуелхан Қызбала, ҚФ 201-топ
Қабылдаған: Дәрібаев Самал
Алматы, 2023жыл
Жоспары
Кіріспе
Абылай хан тұсындағы ақын-жыраулар
Негізгі бөлім
Абылай ханға арналған ақын-жыраулар шығармасы
Қорытынды бөлім
Ақын-жазушылар шығармасындағы Абылай хан бейнесінің алатын орны
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Абылай хан тұсындағы ақын-жыраулар
Абылай хан тұсында Қазақ хандығы күшейіп, жер көлемі кеңейді. Сыртқы саясатта Ресей, Қытай мемлекетткрімен келіссөздер жасап, жоңғарларды жеңді. Абылай хан тұсында Бұхар жырау, Тәтіқара, Үмбетей, Ақтамберді сынды ақын-жыраулар өмір сүрді.
Абылай хан заманында өмір кешкен жорық жыршыларының бірі – Тәтіқара ақын. Қазақ халқының арғы-бергі тарихы мен әдебиетін аса терең зерделейтін ұлы оқымысты Шоқан Уәлиханов Абылай ханнын қытайлармен бір жолғы ұрыс тұсында маневр жасап, бой тасалауға тура келгенін, ал мұның өзі тереңнен ойламайтын кейбір қандастарына сәтсіздік болып көрінетін болды- ау деп, ханнын катты капа болған кезінде онын Абылайға қаратып төмендегіше жырлаганын орыс тілінде келтіреді.
Кебеже қарын кең кұрсак,
Артық туған Абылай,
Көтере кер бұл істі.
Көп Қытайдың жылқысы
Тұрымтайдай кұнысты.
Жау жағадан алғанда,
Ит етектен алғанда,
Оқ жіберіп ұрысты.
Ақыл қалмас қашқанда,
Дегбір қалмас сасқанда,
Ер Абылай қорыққан жок,
Әншейін енкейе бере жылысты.
Бәсентиін Сырымбет
Баяндай ерді кермессің Бұрылып жауды шанышканда!..
Бұл шығармасында Тәтіқара ақын адамның көңіл-күйі мен түпкі ойын жазбай танитын сұңғыла адам болып көрінеді. Сонымен бірге осындай ұрыстың сәтсіз тұсының өзінде Бәсентиін Сырымбет пен Уақ руынан шыққан Баян секілді батырлардың ерлік кимылдарын бірінін садақпен, бірінің найзамен жауды жапырып жүргенін көріп таңғалғанын (Баяндай ерді көрмессін, бұрылып жауды шанышқанда) ерекше бір сүйсініспен баяндайды.
Бұл – оқиға ХVІІІ ғасырда қазақ халқына үлкен апат әкелген Жоңғар хандығының тарих сахнасынан біржола кеткеннен соңғы
Хандық құрылысты, Абылайды талай дәріптеген Бұкардың халык тағдыры таразыға түскен тұста:
Ашуланба, Абылай,
Өкпеңменен кабынба,
Өтіңменен жарылма,
Орыспенен соңысып,
Басына мұнша көтерген,
Жұртына жаулык сағынба,— деп ірі мінез көрсететіні мәлім. Ақылгөй дана карт Абылайдын еміріне шолу жасайтын бұл толғауында тек ханға сес көрсетіп кана коймайды, онын ойын қостап, максатын жүзеге асырмак болып отырган Бегембайдын өзіне де сен: «тоқымы кеппес ұры едің… Кабанбайдан бұрын найзанды кай жерде жауға тіредің», - деп шүйіледі. Жыраудың Бөгембайды мұқатып, оған Қабанбайды үлгі ете, оны кемсіте сөйлеуінен, бұл арада екі батырдың бірінен бірінің озыктынын емес, баска бір жайды – Қабанбайдын хан мен Бегембай жагында емес, сол тұстағы Құлсары, Қазыбек би секілді ыкпалды кісілермен бірігіп, 1761-1763 жылдарда Бұқар пікірін ұстангандыгынан деп шамалауға болады.
Демек, бұл тұрғыдан Қабанбай Бұқар жырау үшін оны ел басына күн туган кысылшан кезде пікірін қолдағаны үшін ғана емес, түбірлі мәселені өзі секілді түсінгендігімен де кымбат. Ал, Бұқар жыраудын орыс халқымен татулыкка үндеген бұл шығармасы идеясының сонылығымен катар поэзиямызда осы ойды алғаш жырлауымен де бағалы.
Абылай хан жайлы онымен тұстас та, кейінгі кезең жыраулары мен акындарынын да мадақ-мактау шыгармалары аз болмаған. Бірак, осы орайда бір ескерер нәрсе – ол тек жағымды бейне ретінде гана кейіптелген адам емес. Өйткені, онын өзінің өмірде, тұрмыста кандай кылыктар, әрекеттер, мінездер көрсетуіне сәйкес
Оған деген авторлар катынасы да кұбылып, өзгеріп отырған. Сол авторлардын басы Бұқар жырау екенін айттык. Бұқардың билеушісіне карсы келуі – орыс елімен татулықта тұруды діттеп, көксеген тілектен өрбиді.
Бір сөзбен айтканда, өмір бойы қазақ қауымының іргелі ел болуын, ол үшін ел татулығы, үлкен-кішінін ынтымақта болуы басты критерий деп білген, ел абызы Бұқар жырау «Керей, қайда барасын» (М. Жүсіп жазбасында «Садыр, қайда барасын?» деп берілген) деп жырласын, болмаса «Кіші Қара калмак булерде, Бозылардын билігі – бұлт бұрқан болысты, Уағдадан жылысты… Сейткен Калмак онбаған» деп көрші елдін алауыздықтан арандап калганын айтсын, қалай болғанда да онын елім деп өткен кеменгер екендігіне бірауыздан кол койдыртады. Бұқардың ұлылығы дегенде, Бұкардын көрегендігі дегенде, ен алдымен, осындай-осындай кемел кеменгерлігі елінін есіне түседі.
Негізгі бөлім
Абылай ханға арналған ақын-жыраулар шығармасы
Ысқақ Дүйсенбаевтың айтуына қарағанда, Бұқардың «қазір бізге мәлім 30 шақты өлең-жырлары болса», солардын ішінен жарымына жуығының қалай да Абылай ханға не тікелей, немесе жанама қатынасы бар.
1771 жылы Түркістанда Қожа Ахмет Иассауидың мешітінде Абылай Орта жүздің ханы болып сайланады. Екатерина II тұсында айлакер Абылай Россия мен Цин империясынын арасында алданыш саясат жүргізіп, екі жактын да көңілін аулаумен болады. Ондағы мақсаты далада езін еркін ұстау еді. Бұл да әккі дипломат адамнан ғана шығатын. Сөйтіп, әкімдігін бірте-бірте Кіші жүз бен Ұлы жүзге де жүргізе бастайды. Ханнын екіжақты ойыны орыс өкіметін мазасыздандыра беред. Міне, осындай ханнын касында болып, Бұқардың үндемей қалуы мүмкін еместін. Жыраудын толғауларынын дені «Ай, Абылай, Абылай» деп баста- лып, халык камын, келер күнін ойлаумен тынатын. Негізгі ойын айту үшін ханды сынап, мінеп те алды. Акын сөзі кейде ханнын катал әмірінен де биік шыгады. Өйткені, казак деген елінін, жерінін атынан сейлейді. Жырау Абылай аркылы халкына көп назар бөлді. «Жұртына жаулық сагынба» деп, ханды қисынсыз жорықтардан сактандырып отырады.«Хан жарлығын алмаган» халыкка көзінді алартпа дейді.
Хандар киген қамқа тон,
Шүберек болар тозган сон.
Еңсесі биік кен сарай.
Мортық болар өлген сон,
Деп, хандык салтанаттың ғұмыры ұзақ еместігін аңғартады. Бұхар – тек ақын ғана емес, әрі жырау және өз кезі- нің кабыргалы билерінің бірі. Ол көп уақыт сарай ма нында болып, ел баскару ісіне де тікелей катыскан. Сондықтан ол емір құбылысын да, әр алуан әлеуметтік мәселелерді де феодалдык көзқараста түсініп, сол тұрғыдан бағалайды.
Оның негізгі көзқарасын айқындайтын «Абылай туралы»,«Керей, қайда барасын», «Айналасын жер тұтқан» т.б. өлендерін алсақ, Бұхар сол таптын қамқоршы қариясы, қадір тұтқан жырауы екендігі анғарылады. Бір жағынан, ол Абылайды мақтап, оны басқалар алдында бедел етіп дәріптесе, екінші жағынан, оның кемшіліктерін бетіне басып сынайды. Өзінің бағытына қайшы келсе, ханды да, оны жақтаушы батырды да шенеп, өз айтканын өткізіп, өз дегенін істеуге тырысады.
Орыс патшалығымен соғыспақшы болған Абылайға және оны жақтаушыларға Бұхар жырау карсы болады. Соғыс ел тыныштығын бұзатын әрекет, хан мен онын шашбауын көтерушілерінің тасқандығынан туған желіктін нәтижесі деп біледі де, ханның жер-жебіріне жетеді:
Ай, Абылай, Абылай,
Сені мен көргенде,
Тұрымтайдай ұл едік…
Сен кай жерде жүріп жетілдін
Үйсін Төле бидін
Туйесін баккан кұл едін,
..Сен, Қанжығалы Бөгембай,
Камалды бұзып қақ жарған,
Кайда батыр ер едік?
Батырдан жолды игі деп
Жортып қана жүр едің.
Жұрт аузына ілінген
Тоқымы кешпес ұры едің.
Қабанбайдан бұрын найзанды,
Жауга кашан тіредік?
Өтінменен жарылма!
Өкпенменен қабынба!
Орыспенен соғысып,
Басына моншақ көтерген,
Жұртына жаулык сағынба, - дейді.
Үмбетей шығармасы жырау кеңінен толғаған себепті әдепкі салт өлеңінің көлемінен шығып кеткен. Жырдан сол кезде болған тарихи оқиғалардың біразының елесін көреміз. Жырдың бас жағында Абылайдың жайы, оның «Сары-Арқаны жерім деп, калын қазақ елім деп» Үргеніштен келгендігі, алғашында Төле бидің түйесін бағып жүргендігі, ер жетіп бұғанасы қатқан соң, ойраттармен күрес дәуірінде көзге түскендігі айтылады.«Жиырма жасын толғанда,
Қалмакпен соғыс болғанда,
Алғашқы бакты тапқанда
Шарыштын басын какканда,
Қанжыгана бас байлап,
<<Жау қашты>> деп айғайлап,
Абылайлап шапканда…»
Сол сиякты Абылайдың Ташкентте қалмақ тұтқынында болуының жайы сөз етіледі. Қазақтардың сырт жауларға карсы жасалған сәтті жорықтарының кейбірі еске алынады. Сол замандағы дұшпандық мұқатқан Қара Керей Қабанбай, Қанжығалы Бегембай, Сары, Баян, Сағымбай сиякты батырлардын ерлігі мадакталады. Мұның бәрі бізге ел жадында сақталған тарихи әңгімелер мен поэмалардан да белгілі.
Осыларға қарағанда, Үмбетейдін Абылай және XVIII ғасыр батырлары жайындағы жырларды туғызушылардың бірі болғандығы көрінеді.
Айтылмыш жырда Бөгембай атынан гөрі Абылай аты көп аталады. Жырау Абылайды идеалдык герой деп есептейді, оны малактайды, ал Абылай заманы ғасырдың алғашқы жартысындагы калмак шапқыншылықтары, үздіксіз соғыстардан сон туған тыныш заман, қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған кез ретінде бейнеленеді.
Батыры ханға сай болды,
Елін жалпак бай болды,
Қыс қыстауы тау болды,
Жаз жайлауы кел болды,
Салқын сары бел болды,
Елге лайық ер болды,
Сары-Арқа деп таңданып
Өзге жұрт ансар жай болды.
Қорытынды бөлім
Ақын-жазушылар шығармасындағы Абылай хан бейнесінің алатын орны
Абылай хан XVIII ғасырда Қазақ хандығының дамуына зор үлесін қосты. Жыраулар поэзиясында Абылай бейнесі арқылы сол тұстағы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігімен, тарихи оқиғаларымен танысамыз. Сондай-ақ, жыраулар Абылай ханның сыртқы және ішкі саясаттағы ел басқарудағы көрегендігін жырда сөз етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Қазақ әдебиетінің тарихы. 10 томдық. – 3 том. – Алматы, 2015.
2.Жұмалиев Қ. ХҮІІ, ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. – Алматы, 2018.
3.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы, 2016
4.Тілепов Ж. Қазақ халқының хандық дәуір әдебиеті. – Алматы, 2017