Сөж тақырыбы: Қазақ тілін оқытуға қойылатын талаптар Орындаған: Сундетова А. Д. Қабылдаған



Дата29.03.2023
өлшемі147,53 Kb.
#77287
Байланысты:
Сундетова А. оқыту (9апта)


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті


СӨЖ

Тақырыбы: Қазақ тілін оқытуға қойылатын талаптар


Орындаған:Сундетова А.Д.
Қабылдаған: Жусанбаева С.Б.

Қазақ тілі-мемлекеттік тіл. Қазақстан Республикасында өмір сүретін қазақтардың ана тілі ретінде оқытылатын бұл пәннің маңызы зор. Қазақ тілін оқыту қазақ мектептері мен өзге тілде оқытылатын мектептер үшін арнайы бағытталған бағдарлама негізінде жұмыс жасайды.Жалпы,қазақ тілі оқыту мақсаттары үш топқа біріктіріледі. 


1. Білім беру мақсаттары: оқушыларға ана тілі туралы ғылымның негіздерін беру; тілдің қоғам өміріндегі маңызын аша көрсетіп, оны меңгерудің өндірісте, қоғам өмірінде аса қажетті екендігін түсіндіру; 

2. Тәрбиелік мақсаттар: оқушылардың тілдік құбылысқа көзқа-расын қалыптастыру; тілдің адам қоғамымен бірге жасасып, өмір сүретінін, қоғам үшін қажетті қарым-қатынас құралы болатындығын түсіндіру; 



3. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту: ана тіліне деген қызығушылықты арттыру; оқушылардың байқағыштық, елес-болжамдық, ес, ойлау, сөйлеу қабілеттерінің дамуына жол ашу;
Қазақ тілі пәнінің міндеттері:
1) Толық сауатты адамдар даярлау;
2) оқушылардың творчестволық күштерін, танымдық қабілетін, өздігінен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Қандай адамды толық сауатты дейміз? Тілдің өзі мен оның грамматикалық құрылысы туралы білімдердің белгілі бір жиынтығын меңгерген адамды толық сауатты адам дей аламыз.

Сонымен қазақ тілін оқыту принциптері былайша топтастырылады: 
1. Қазақ тілін оқытудың ғылымилық принципі. 
2. Жүйелілік принципі. 
3. Көрнекілік принципі. 
4. Саналылық пен белсенділік принципі. 
5. Теорияны практикамен байланыстыру принципі. 
6. Түсінуге жеңіл қолайлылық принципі. 
7. Оқушылардың психикалық ерекшелігін ескеру принципі. 
Заман талабына сай оқыту принциптері іздеуді, зерттеуді қажет ете береді.
а) Жаңа оқу материалын оқып-үйрену сабағы. Бұл типке лекция, баяндау, әңгіме түрінде өтетін сабақтар, кино, диафильм көрсету, теориялық мәліметтер бойынша оқушылардың ізденісі негізінде өткізілетін сабақ түрлері жатқызылады.
ә) Білім, іскерлік пен дағдыны жетілдіру сабағы. Бұған ауызша, жазбаша жаттығу, оқушылардың өз бетімен жұмыстануы, лабораториялық жұмыс, әкскурсия сабағы жатады.
б) Білімді жүйелеу, жинақтау сабағы. Бұл сабақтар өткен материалды іштей байланыстыру, қайталау, жүйелеу, қорытындылау мақсатымен жүргізілетін әңгіме, семинар сабағы түрінде өткізіледі.
в) Аралас сабақ. Сабақтың бұл түрі жоғарыда аталған сабақтың бар түрімен тығыз байланысты өткізіледі.
г) Білім, іскерлік пен дағдыны бағалау, бақылау сабағы. Бұл сабақтар кебінесе сұрақ-жауап тәсіліне негізделеді. Қойылатын сұрақ бір ғана оқушыға да немесе бүкіл сыныпқа да арналуы мүмкін. Сұрақ түрлері ауызша да жазбаша да болып келеді. Әрбір практикалық жұмыстар бағамен не сынақ түрімен қорытылады.
САБАҚТЫҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа сабақты белсенді, саналы қабылдауға дайындау кезеңі
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту кезеңі
ІV. Жаңа материалды түсінулерін тексеру кезеңі
V. Жаңа сабақты бекіту кезеңі
VІ. Қорытындылау
VІІ. Бағалау
VІІІ.Үй тапсырмасы
Демек, қазақ тілі сабағының құрылымдық элементтерін дұрыс танытудың рөлі зор. Олар мыналар: 1) өткенді еске түсіру; 2) тақырыптың көлемі мен жүйесін түсіндіру; 3) бекіту және қайталау мақсатында жаттығу жұмыстарын жүргізу; 4) үй тапсырмасын беру; 5) үй тапсырмасын тексеру, өтілгенді сұрау; 6) оқушылар жұмысына барлау жасау; 7) оқушылар еңбегін бағалау.
1. Қазақ тілі сабақтарына дайындық жұмыстарын жүргізу
1. Негізгі, базалық лексика-грамматикалық деректерді нақтылап алу;
2. Бұрын өткен сабақтардан тағы қайталауға тиісті материалдарды (негізінен грамматикалық) анықтап алу;
3. Сабақтарда сезімдеріне үйлесімді әсер ететін көрнекілік тәсілі қолданылады және бейнелі көрнекіліктерді, жағдаяттық жаттығуларды, әсіресе, рөлдік ойындарды орындау кезінде оқушылардың тәжірибесі мен қиялы көз алдына елестетумен байланысты дамытылады. Ж.Аймауытов: «Көзге көрсетілмей ұғындырылғанның бәрі мағынасыз бос сықылды. «Көз көрмегеннің бәрі бекер» дейді жұрт. Балаға үйретілетін нәрсенің өзі, болмаса, оның тұрпаты көрсетіліп, ұғым беріледі. «Көрнекі оқыту» деп осыны айтады», - деп жазады. Соған байланысты жаңа сабақты меңгерту үшін көрнекілік құралдар (слайдтар, диафильмдер, суреттер, карточкалар, сызбалар, модельдер т.б.) дайындап алу қажет
4. Жаңа сабақта қолданылатын ақпараттық-коммуникациялық құралдарды (компьютерлер, электронды тақта, веб-проектор, компьютерлік, мультимедиалық оқу, тексеру, ойын, тренажерлық бағдарламалары т.б.) сайлап алу;
5. Өтетін жаңа грамматикалық тақырыпқа байланысты білімді бекіту үшін бірнеше қатысымдық жағдаяттық ойын түрлерін дайындап алу;
6. Берілген әрбір жаттығуды қатысымдық талаптарға сай орындату жолдарын ойластырып алу;
7. Сабақ барысында кездесетін жекелеген дыбыстарды дұрыс айту дағдысын қалыптастыру үшін бірнеше ойындар, өлең немесе ән т.б. дайындап алу;
8. Әрбір оқушыға лайықтап жеке қатысымдық тапсырмаларды сұрыптап алу. Жұптық, топтық тапсырмаларды орындату кезінде оның қатысушы мүшелерін үнемі ауыстырып отыру қажет;
9. Үйге қандай тапсырма беру керектігін (нақты орындайтын жаттығуды, қандай тақырыпта шағын шығарма жазуды) анықтап алу керек. Үйге берілетін тапсырмалар қызықты, әсерлі болуы тиіс. Мысалы, белгісіз өткен шақты оқыған кезде - «Өзің көрген бір түсіңді әңгімелеп бер» немесе шартты райды оқыған кезде – «Мен бастық болсам, не істер едім?» тақырыптарында шығарма жазып кел» т.с.с. тапсырмалар;
10. Сабақтың толық жоспарын жасау, яғни орындалатын жұмыстардың ретін, әрқайсысына қанша уақыт бөлу керек екендігін нақтылап алу. Жоғарыда аталған жұмыстардың түрлері сабақ жоспарын құрайды. Оқытушы әр сабақтың алдында мақсатты түрде аталған жұмыстардың барлығын тиянақты орындап отырса, ол сабақтың қызықты да сапалы өтуіне жағдай жасайды. Нәтижесінде оқушылардың сабаққа деген ынталары арта береді.
2. Қазақ тілі сабақтарын жүргізу жолдары
1. Сабақты тым ресмилендірмей, күнделікті қарым-қатынас кезіндегі тәрізді өткізу қажет. Ол негізінен оқытушының сабаққа дайындығына, кәсіби шеберлігіне байланысты жүзеге асады. Топпен жақсы таныс, материалды мүлтіксіз меңгерген оқытушының сабағы неғұрлым қызықты өтеді;
2. Сабақ әрқашанда жоғары көңіл-күймен басталуы керек. Оқытушының сабақтың басында оқушылармен сәлемдесуі, қызу әңгімеге шақыруы оқушылардың көңілін сергітеді, сенімдерін тудырады;
3. Сабақтың жүргізілу ырғағы өте маңызды. Ол жеткілікті дәрежеде жоғары болуы тиіс, алайда, сабақтың басынан аяғына дейін бірдей дәрежеде болмайды. Неғұрлым белсендіру керек екен деп, оқытушының күші сарқылып, тіл үйренушіге тым артық күш түсіріп алудан аулақ болу керек. Ырғақтың баяулауы мен жылдамдауы аралас түрде келіп отыруы қажет. Қызу пікірталастан кейін тыныш грамматикалық ойындар кезектесіп келіп отыруын қадағалаған жөн;
4. Тілдік жағдаятқа байланысты берілген тапсырмалар тіл үйренушіге шынайы өмірдегідей әсер етуі тиіс;
5. Оқушылар тапсырмаларды орындап болған кезде, оқытушы өзінің қорытынды пікірін білдіреді, олардың шамалы жетістіктерінің өзін мақтап, көтермелеп отырады;
6. Сабақ барысында оқытушы оқушылардың белсенділіктерінің төмендемеуін, жағымды эмоционалды тонустарының сақталуын қадағалап отыруы қажет. Ал белсенділіктерінің төмендеуі байқалған жағдайда, қысқа үзіліс жариялап немесе ән айтқызып, ойындар ұйымдастырып жіберуі керек;
7. Оқытушы оқушылардың жіберген қателіктерін ептілікпен түзетіп отыруы керек;
8. Оқушылардың үй тапсырмасын орындауларын, тілдік портфельдерін толықтырып отыруларын тексеруді әр сабақтың басында әдетке айналдыру қажет. Себебі, тек қатаң бақылау, тексеру болған жерде ғана сапалы нәтижеге қол жеткізуге болады.
Сабақтың тиімділігін арттыруды жүзеге асыру үшін қазіргі сабаққа қойылатын талаптарды сақтау керек:
Әрбір сабақта білім беру, даму және тәрбиелеу мақсаттарының бірлігі сақталуы керек. Әрбір сабақ оқыту процесінің басты заңдылықтарын жүзеге асыруға ықпал етуі керек.
Әрбір сабақ дидактиканың барлық принциптеріне және бәрінен бұрын оқыту мен өмірдің ғылымилығы мен байланысына жауап беруі керек.
Әрбір сабақ , ең алдымен, сабақьың тақырыбымен жиі ауыстырылатын айқын дидактикалық мақсатпен сипаттауы керек.
Сабақтың барлық кезеңдерінде оқушылардың танымдық қызметін жандандыру мақсатында оқытудың әр алуан әдістері мен тәсілдерін пайдалану.
Сабаққа қойылатын талаптардың бірі – оның эмоционалдығы. Ол оқушыларды сабақтағы маңызды қызметті – жаңа білімді игеруді – атқаруға итермелейді. Ол сырттай ғана байқалуы мүмкін (мұғалімнің қатты дауысы, қол сілтеуі, т.б.), эмоционалдық мұғалімнің сабақтағы оқыту процесіне, оқылатын тақырыпқа қатысты байқалуы мүмкін.
Әрбір сабақта оқушылардың білімін үздіксіз есепке алу жүргізілуі керек.
Әрбір сабақ өзінің ұйымдастырушылық заңдылықтарымен, оң нәтижелерді сезінгіштігімен ерекшеленуі керек.
Әрбір сабақта жүйелі қайталаудың элементтері қатысуы тиіс.
Әрбір сабақ техникалық оңтайлы және дидактикалық жарақтандырылған болуы керек.
Кез келегн пән бойынша әрбір сабақтың өткен және алдағымен байланысы.
Сабақтың барлық уақытын үлкен табыстылықпен пайдалану.
Оқушылардың бүкіл сабақ бойы оқу еңбегін қамтамасыз ету.
Сабаққа қойылатын талаптардың бірі оның құрылымдық икемділігі болып табылады.
Сабақтың кәсіби бағыттылығы.
Үй тапсырмасының тиімділігі және оны міндетті тексеру.
Қолайлы моральды – психологиялық және санитарлық – гигиеналық жағдайлар туғызу.
1.Сабақтың тиімділігін арттыру жолдарының бірі (кез – келген оқу пәні бойынша) әр сабақта мынадай жағдайлар жасау болып табылады: оқушылардың оқу материалының негізін сабақтың өзінде меңгеруі тиіс, бірақ бұл негіздер кездейсоқ емес, саналы игерілуі керек.
2.Келесі сабақтың тиімділігін көтерудің тағы бір маңызды жолы – бұл ұжымдық жұмыс кезіндегі әр оқушының барынша дамуына мүмкіндік туғызу.
3.Сабақ тиімділігін көтерудің келесі жолы – бұл белгілі бір құрылымның болуы. Бұл жағдайда жұмыстың сыртқы жағы (сұрау, түсіндіру, бекіту) емес, оның ішкі құрылымы оқушыларға білінбейді, бірақ оны мұғалім нақты ойластырған.
4.Сабақ тиімділігін көтерудің келесі бір жолы – бұл сабақта оқушылардың өз бетінше жұмыстарының үлесін арттыру.
5.Сабақтың тиімділігін көтеруде көп жағдайда пәнаралық және пәнішілік байланысты сақтау.
6.Сабақтың тиімділігін көтерудің ерекше жолдарының бірі оқушылардың біліктілігі мен дағдысын, білімін бақылауға, әсіресе ауызша сұрауға уақытты қысқартуы болып табылады. Мәселе, уақытты механикалық қысқарту емес, уақытты қысқарту кезінде тексерудің тиімділігін көтеретін, бақылаудың сапалы жаңа түрлерін іздеу.
7.Сабақтың тиімділігі, көбіне оқушылардың жалпы-интеллектуалдық дағдысының (бәрінен де есептеу және оқу дағдысы) деңгейімен анықталады.
Орыс ғалымы И.Подласый сабақ өнімділігіне әсер ететін негізгі факторларды атап көрсете келіп, солардың ішінде мұғалімнің ұйымдастырушылық рөлінің жоғары екендігіне баса назар аударады:
1.Игеруге бөлінген уақыт – 16 %. 2.Оқу материалы көлемі – 24 %. 3.Оқушылардың білім деңгейі – 28 %. 4.Ұйымдастырушылық әрекеттер – 32 %.
Сабақтың тиімділігі мен өнімділігін арттыруда мұғалімнің жоспарлау-жобалаушылық икемділігінің де маңызы жоғары, бұл оның игерілетін білім мазмұныны тиімді түрде іріктей алуы мен оқыту мақсаттарын дұрыс айқындай білуінен байқалады. Интерактивті оқыту теориясын зерттеуші ғалымдардың айтуынша білім мазмұнын үшке бөлуге болады екен: 1.Білуге міндетті материал; 2.Білу керек материал; 3.Білуге болатын материал.
Ал оқыту мақсаттары американ ғалымы Б.Блумның ойынша, оқушылардың оқу мақсаттары арқылы берілсе дұрыс болады және ол мынадай алты сатыдан тұрады: 1.Білу. 2.Түсіну. 3.Қолдану. 4.Талдау. 5.Жинақтау (синтез). 6.Бағалау.
Сабақта оқушылар белсенділігін арттыруға қойылатын негізгі талаптар:
1.Оқушыларға қойылған оқу міндеттерінің мәні әрқашан түсінікті болуы керек, олар оқытудың мақсатын түсінуі керек. Сабақ мәселе қоюмен басталу керек және оқушылардың алдыңғы тәжірибелеріне, олардың білім жүйесіне сүйене отырып жүргізілуі керек. Мұағлім оқушылардың оқытылатын материалға қызығушылығын арттыру үшін барлық тәсілдерді падалануы керек.
2.Оқушылар оқыту процесінде тек қана заттар мен құбылыстар жөніндегі ақпаратарды ғана игеріп қоймауы керек, сонымен қатар оның ішкі мәнін, кейін практикада қолданатын заңдылықтарды түсінуі керек. В.Ф. Шаталовтың әрбір оқылатын тақырып бойынша оқушылардың оқылатын құбылыстың ішкі заңдылықтарын көріп білуі үшін толық көлемде материал берген қызметі осы ережені жүзеге асырудың мысалы бола алады. Сонан соң бірнеше рет қайталау процесінде жекелеген фактілерді игеруге және оларды жүйелеуге қол жеткізіледі.
3.Психологтардың зерттеулері оқушылардың белсенділігінің маңызды шарты оқыту процесіндегі өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі бағалау болып табылатынын көрсетеді. Сондықтан да оларда осындай қызметке қажеттілік пен дағды қалыптастыру педагогтың бірден бір міндеті болып табылады. Өзін-өзі ақылау мен өзін-өзі бағалау қазіргі оқыту технологиясының міндетті элементі болуы қажет.
4.Білімді саналы және белсенді меңгеруде басты рөл жарқын үлгілерді белгісіз оқушының қосымша оқу материалын пайдалануы арқасында көрініс табатын қызығушылыққа беріледі. Саналылық және белсенділікпринциптерін жүзеге асыру үшін оқылатын материалдың тек мазмұнына ғана емес, сондай – ақ оқыту процесінің өзіне де қызығушылық қалыптастыру керек. Оқушыларға тек жаңа ақпарат алу ғана емес, сонымен қатар оқу, оларға таным процесінің өзі де қызық болу керек. Бұл ережелерді сақтау жалған білім жинақтауды емес, сенімді қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Жоғарыда айтылған талаптарды ескере отырып жұмыс жасаған мұғалім болашақ білімді ұрпақты тәрбиелейтінін еске ала отырып,болашақ педагог ретінде осы аталған талаптарды толық орындауға дағдыланамыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет