Сөж тақырыбы: Бензой қышқылын өндіру технологиясы. Орындаған: Есенгулова Альбина 303 К, озхт тексерген



бет1/2
Дата29.04.2023
өлшемі295,88 Kb.
#88377
  1   2
Байланысты:
Бензой қышқылы өндірісі


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Химия және химиялық технология факультеті
СӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ: Бензой қышқылын өндіру технологиясы.

Орындаған: Есенгулова Альбина
303 К, ОЗХТ
Тексерген: техника ғылымдарының кандидаты,
доцент Халменова З.Б.

Алматы - 2015 жыл


Бензой қышқылын өндіру технологиясы.
Бензой қышқылы C6H5СООН —ароматикалық қатардағы ең қарапайым карбон қышқылы.
Системалық және дәстүрлі атауы: бензой қышқылы
Химиялық формуласы: СООН
Молярлық массасы: 122,12 г/моль
Ең алғаш бензол қышқылын 16 ғасырда бензой шайырынан айдау арқылы алынған. Оны 1556 жылы Нострадамус өз еңбектерінде айтып кеткен.Ал 1832 жылы неміс химик Юстус фон Либих бензой қышқылының структурасын анықтады. Және тағы неміс физиолог Эрнст Леопольд Зальковский бензой қышқылының тағам өнеркәсібіндегі алып жатқан орнын зерттеген.
Физикалық қасиеттері: бензой қышқылы – ақ кристалды зат, суда ерігіштігі төмен , этанол , хлороформ , диэтил эфирінде жақсы ериді. Бензой қышқылы барлық органикалық қышқылдар сияқты әлсіз қышқыл болып табылады. Таза бензой қышқылының балқу температурасы – 122,4 0С , ал қайнау температурасы – 2490С. Сулы баняда оңай айдалады .
Организмде бензой қышқылы глицинмен әрекеттеседі және ағзаға зиян гиппур қышқылын түзеді, бірақ ол зәр арқылы шығып кетеді.
Бензой қышқылының тәуліктік нормасы – 5мг/кг.
Химиялық қасиеттері: суда ерігіштігі 0,001г/100мл.
Алынуы. Көбіне бензой қышқылын толуолды калий перманганатымен , хром оксидімен , азот қышқылымен тотықтыру арқылы алады. Ал өндірістік масштабта бензой қышқылын толуолды катализатор катысында оттекпен тотықсыздандыру арқылы алады. Катализатор ретінде марганец немесе кобальт нафтенатын қолданады.

  1. Бүйірінде бір жанама тізбегі бар бензол туындыларын, мысалға, толуол, этилбензол, бензил спиртін және т.б. тотықтыру арқылы.



  1. Бензонитрилді қышқылмен және сілтімен гидролиздеп алады:

2 О + СN СООН +

  1. Тазаланған гиппур қышқылын тұз қышқылымен қайнатады, сонда ол бензой қышқылы мен гликокольге ажырайды:

HOOC—CH2[NH(C7H5O)] + H2O = HOOC—CH2(NH2) + C6H5—COOH
4. Ароматты кетондардың тотығуы. Ароматты кетондар Фридель-Крафтс әдісі бойынша оңай алынады. Тотығуды көбінесе гипохлориттердің көмегімен жүргізеді:

Бірақ басқа тотықтырғыштар қолдануға болады. Ацетотуындылар көмірсутектерден оңай тотығады.

  1. Нитрилдердің гидролизі:


Бензотрихлорид пен бензой қышқылы қыздырғанда хлорлы бензоил түзіліп, ол одан әрі гидролиз арқылы бензой қышұылын береді:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет