Сөж тақырыбы: «Әлеуметтік құрылым және қоғам страификациясы» Орындаған: Турсын Наргиза Тексерген: Омарова.Ә. Т алматы 2022



Дата03.12.2022
өлшемі28,63 Kb.
#54496
Байланысты:
Турсын Наргиза ММ 22 5 2 әлеуметтану эссе


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті



СӨЖ
Тақырыбы: «Әлеуметтік құрылым және қоғам страификациясы»

Орындаған: Турсын Наргиза
Тексерген: Омарова.Ә.Т

Алматы 2022
Әлеуметтік құрылым және қоғам стратификациясы
Әлеуметтік стратификация - бұл әр түрлі әлеуметтік позицияларды шамамен бірдей әлеуметтік мәртебемен біріктіру арқылы қоғамның арнайы қабаттарға, топтарға және таптарға бөлінуі, онда тігінен (әлеуметтік иерархия), өз осі бойымен бір немесе бірнеше стратификациялық критерийлер бойынша (әлеуметтік мәртебе көрсеткіштері) құрылған әлеуметтік теңсіздік туралы қалыптасқан идеяны көрсетеді.
Қоғамды қабаттарға бөлу олардың арасындағы әлеуметтік қашықтықтардың теңсіздігіне негізделген — стратификацияның негізгі қасиеті. Әлеуметтік қабаттар тігінен және әл-ауқат, байлық, билік, білім, бос уақыт, тұтыну индикаторлары бойынша қатаң ретпен құрылады.
Әлеуметтік стратификацияда адамдар (әлеуметтік позициялар) арасында белгілі бір әлеуметтік қашықтық белгіленеді және әлеуметтік топтардың иерархиясы қалыптасады. Осылайша, әлеуметтік қабаттарды бөлетін шекараларда әлеуметтік сүзгілерді белгілеу арқылы қоғам мүшелерінің белгілі бір әлеуметтік маңызы бар тапшы ресурстарға тең емес қол жетімділігі тіркеледі.
Мысалы, әлеуметтік қабаттарды бөлу табыс, Білім, билік, тұтыну, еңбек сипаты, бос уақытты өткізу деңгейлері бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Қоғамда бөлінген әлеуметтік қабаттар онда белгілі бір позициялардың әлеуметтік тартымдылығын білдіретін әлеуметтік бедел критерийі бойынша бағаланады.
Жалпы, стратификацция ұғымына анықтама беретін болсақ, ол кез-келге қоғамға тән құбылыс. Негізі барлық қоғамда билікке және байлыққа ие болуға лайықты адамдардың санатын анықтайтын қағидалар болады. Бірақ теңсіздік құрылымы жағынан қоғамдардың бір-бірінен айырмашылығы және ерекшелігі көп.Стратификация құрылымы екіге бөлінеді. Олар: касталық және таптық жүйелер.
Касталық жүйе дегеніміз - шектеулі ресурстардың бөлінуі жоғары аскриптивті мәртебеге негізделген стратификацияның түрі. Оған адамның бай немесе кедей болуы, билік басында немесе қарапайым болуы ата-анасының мәртебесіне байланысты. Бұл жерде адам жалқау ма, еңбекқор ма немесе ақымақ па және білімді ме – бұл мүлде маңызды емес. Себебі, сіз ер адам болсаңыз, әкеңіздің кәсібін меңгеру талап етіледі. Ал әйел адам болса, анасының жолымен үй шаруасымен айналысу керек немес кедей және қара жұмысшы болып қалады.Тағы бір айтатын жайт, сіз өзіңіздің мәртебеңізге сай адамға үйлене аласыз.
Таптық жүйе дегеніміз - қол жеткізген статусқа негізделген құрылым. Таптық жүйенің касталық жүйеден айрықша ерекшелігі – әлеуметтік таптағы орынның өзгеруі жоғары өрлеу немесе төмен құлдырауы бағытында болады.
Ғалымдар стратификация жайлы көптеген тұжырымдарға келді. Соның бірі – Вебер. Ол старификация жүйесін адамдардың орнын анықтайтын үш тәуелсіз өлшеммен толықтырады. Біріншісі- тап, екіншісі-билік, ал үшіншісі- әлеуметтік беделді немессе әлеуметтік ерекшелікті білдіретін мәртебе. Оның ойынша, мәртебесі тең адамдар бірге өз қоғамдастықтарын құрады. Олар бір-бірімен тығыз байланыста болып, жиі бір-бірін асқа шақырады тіпті бір-бірімен тұрмыс құрады. Мен Вебердің ойымен келісемін. Себебі, қазіргі заманда мәртебесі жоғарылар мәртебесі төменді менсінбейді. Олармен жұмыс жасағысы келмейді, тіпті араласқысы да келмейді.
Стратификацияда білім алу табыс теңсіздігін төмендету үшін маңызды. Көптеген зерттеулерге сүйенсек, төменгі таптарға жататын оқушылардың жақсы білім алуына жағдай жасайтын бағдарламаларының саны артып келеді. Бұл балалар үшін өте тиімді. Бұрынғыға қарағанда қазіргі кезде біршама жетістіктерге жетті. Кедей балалар тек мектептерге барып, тегін білім алады. Алайда, жазғы демалыстарда олар курстарға, сабақтарға қатыса алмайды Себебі, оларда мүмкіндік жоқ. Ал бай балалар үшін мүмкіндіктер көп. Бірақ қазір ғалымдар мен қоғам белсенділері мұның шешілу жолын қарастырып жатыр.
Жалпы, қорыта келгенде стратифкацияны зерттеу басты бір тұжырымды қалыптастырады. Яғни, кедей отбасынан шыққан балаларды оқытуға ата-анасының ақшасы да жетпейді және мәдени-рухани дамымаған. Ал бай отбасынан шыққан балдардың барлық жағдайы жасалған. Бай мен кедей отбасынан шыққан балалар бір-бірімен тең дәрежеде араласа алмайды. Сол сияқты, кейбір елдерде ақша, мұнай, танымал оқу орындары көп болса, ал басқа елдерде мұндай ресурстар тапшы болып жатқанын көріп жатырмыз. Әліде дамымаған, артта келе жатқан елдерде а өмір сүру ұзақтығы өте төмен деуге келеді, тіпті панасыз, азық-түліксіз, аштан өліп жатқандар қаншама. Бұл елдер арасындағы қарым-қатынасқа тікелей әсер етеді. Бұл мәселені шешуде елдер барынша көңіл бөлуде. Мұның жалғыз шешімі әр ел өз елінің ішінде күресу керек.
Қорытындылайтын болсам, теңсіздік деңгейі жоғары болғанына қарамастан, кез-келген қоғамдағы адамдардың көпшілігі теңсіздік құрылымы табғи қалыптасқан деп санайды. Негізінде, теңңсіздіктің болғаны дұрыс емес. Сондықтан даму үстінде болу керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет