Сөж тақырыбы: Етістіктің етіс, шақ, жақ категориялары Орындаған: Сатыбалдиева П. О. Тексерген: Хунанбай А. Алматы, 2022 жыл мазмұНЫ



бет4/7
Дата23.12.2023
өлшемі35,08 Kb.
#143105
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Сөж тақырыбы Етістіктің етіс, шақ, жақ категориялары Орындаған -emirsaba.org

Қалау рай. Бұйрық раймен семантикалық та, грамматикалық та тығыз байланысты болып келетiн - калау рай. Айтушының қимыл, іс-әрекетті жүзеге асыруға бағытталған ниетін, тілегін, ынтасын, үмітін білдіріп, етістік түбірлері мен етіс, күшейткіш, болымсыз етістік тұлғаларына -ғы, -гі, -қы, -кі қосымшалары жалғанып, олардың үстіне тәуелдік жалғауы -м, -ң, -сы, -мыз, -міз, -лары, -лері қосылып кел көмекші етістігі тіркесіп немесе етістік түбір -са, -се игі еді, -ғай, -гей, -қай, -кей, еді , -са, -се екен тәрізді күрделі форматтар арқылы жасалады: бар-ғы-м келеді, бар-ғы-сы келеді, бар-ғы-мыз келеді, бар-ғы-лары келеді немесе бар-ғай еді, бар-са екен т.б. Түркологияда кейде калау райдың бiрсыпыра тұлғаларын бұйрық рай деп немесе керiсiнше бұйрық рай тұлғасын қалау рай деп қараудың да сондай объективтiк себептері бар. Контексте кейде бұйрық рай тұлғасы қалау райлық мәнде қолданылады да, қалау рай мәнiн бе- ретiн болады. Алайда мұндай құбылыс грамматикалық тұлғаның контекстiк мәнi ғана екенi белгiлi жайт. V-VIII ғасыр ескерткiштерi тiлiнде қалау райдың I жағы -айын, -ейiн, -йын, -йiн жекеше, -алым, -лым көпше аффикстерi арқылы жасалған: Турк будун өлтүрейін, уруғсыратайын. Осы аффикстер еш өзгерiссiз осы мәнде орта ғасыр жазбаларында да ұшырасады.
Қалау райдың I жақ көпше, жекеше түрлерiн салыстырғанда, айырмашылық тек соңғы элементтерiнде ғана (-ын және -ық) екенi, ал алдынғы элементтерiнiң бiрдейлiгi (-ай) көрiнедi. Сөйтіп қалау рай жасайтын қосымша бұл ыңғайда біреу ғана, жекелік, көптiк мән арнаулы аффикстер арқылы берiледi. Көне түркi тiлiн- де, сондай-ақ қазiргi кейбiр түркi тiлдерiнде 1 жақ көпше мән беретiн -алым қазақ тiлiнде осы сипатта ұшыраспайды. Тек говорлық ыңғайда соңғы элементiн өзгертіп, -алық түрiнде айтылады.
Шартты рай. Шартты рай қимылдың, іс-әрекеттің болу-болмауы шартын білдіріп, етістік түбірлерге, етістіктің етіс, күшейтпелі, болымсыз етістік тұлғаларының үстіне -са, -се жұрнағы жалғану арқылы жасалады да, жіктеліп қолданылады: бар-са, кел-се, сөйле-се т.б.
Шартты рай тұлғасы -са, -се V-VIII ғасыр ескерткiштерiнде (Орхон-Енисей жазбаларында) -сар, -сер түрiнде ұшырасады: ол пергеру барсар, турк будун, елтечiсен. Бұл тұлғаның қазiргi тiлдегi осындай тұлғадан бір айырмашылығы - тәуелдік жалғауларды қабылдамаған. Қай жақта айтылғаны постпозициялық қолданыстағы жiктеу есiмдiктерi арқылы берiлген. Көне түркiлiк -сар аффиксi кейiнгi дәуiрлерге қатысты жазбалар тiлiнде соңғы -р-ciз кездеседі. М. Қашқари сөздiгiнде, «Аттухватузда тек қана -са. Бұған қарағанда, шартты рай тұлғасына жақ жалғаулардың қосылуы оның құрамынан -р элементi түсiп қалғаннан кейiн ғана болса керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет