Сөж тақырыбы: «Қытай мәдениеті» Орындаған: Серікбекова Ақерке Қуанышбекқызы Тексерген: Майлыкутова Мария Джумакоджаевна Алматы,2023ж мазмұНЫ



бет2/3
Дата27.02.2023
өлшемі88,05 Kb.
#70012
1   2   3
Байланысты:
мадениеттану срс1 (копия)

II Негізгі бөлім
Қытай елі - б.э.д. бірнеше мың жыл бұрын қалыптасқан әлемдік өркениет ошақтарының бірі. Қытай мәдениет ошақтарының, оның этникалық және саяси дәстүрінің үздіксіз дамуы - Қытай тарихының басты ерекшеліктерінің бірі. Қытай өзінің ерекшелігіне қарамастан, коғамының қалыптасуы мен дамуы барысында тек көрші елдерге ықпал етіп ғана қоймай, олардың да көптеген мәдени жетістіктерін қабылдап, түрлі халықтардың этникалық компоненттерін сіңіріп алды. Қытай мәдениеті бүкіл Қиыр Шығыс аймағының мәдениетіне де терең ықпал етіп, өз ізін қалдырды. Ежелгі Қытайдың мәдениеті - адамзат өркениетінің мәдени-тарихи дамуына негіз болған ірі ошақтарының бірі. Оған дәлел ретінде 1956-1957 ж. археологиялық қазба жұмыстары кезінде Қытай территориясында табылған антропологиялық заттай деректер ретінде дриопитектің бірнеше сүйек қалдыктарын айтуға болады. Олардың жасы - 15 млн жыл. Олардың казірде гоминидтер тобы өкілі ретінде белгілі Рамапитек қалдықтары табылған жерлерге (солтүстік Үндістан) географиялық жағынан жақын орналасуы (Қытайдың Yunnan провинциясы) да назар аударарлық жайт. Археологиялық материалдардың аздығына қарамастан ғалымдар Қытайдың оңтүстік аймақтарын адамзат бесігінің азиатты бұтағы болуы мүмкін деген пікірде. Қытай ерте палеолиттік екі протоантроптың: Хіаn (Сиан) қаласы маңында орналасқан 1963-1965 ж. табылған, шамамен 800,000 - 500,000 жыл бұрын өмір сүрген Lantian-дық архантроптар мен Bejing-нен (Пекин) оңтүстік-шығыска қарай 40 шақырым жерден 1918-1937 жылдар аралығында жүргізілген зерттеу жұмыстары кезінде табылған, шамамен 400.000-200.000 жыл бұрын өмір сүрген Bejing синантропының тураты болған. Сондықтан Кытайды да жер шарындағы адамзаттың қалыптаскан және мекен еткен жерлері қатарына кіргізуте болады. Солардың ішінде Huanghe (Хуанхэ) бассейні мен оған жақын аймақтардан табылған ерте неолиттік Yangshao, Qujialing, Majiayao сияқты мәдениет ошақтары қытай этносының қалыптасуында ерекше рөл ойнады. Yangshao мәдениеті казіргі Qinghai-дан Gansu, Shānxi (Шаньси) және Henan провинциялары жерлерінде қалыптаскан. Yangshao мәдениеті - сол кездегі қытай мадениетінің кең зерттелген кезеңі. 1921 жылы швед ғалымы Ю. Андерсеннің бастауымен Yangshao ауылы маңында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде б.э.д. 6-5 мыңжылдықта өмір сүрген неолиттік мәдениет жәдігерлерінің табылуы әлем назарын аударды. Бұл дәуір мәдениеті осы жер атауымен Yängshão мәдениеті деп аталып кеткен. Бүгінгі күнге дейін осы аймактарда орналасуы мен хронологиялық ерекшелігіне қарай топтастырылған бірнеше мыңдаған неолиттік мәдениет ошақтары мен елді мекендер табылды. Оларды ғалымдар бес топқа бөледі: «батыс» немесе Батыс Yangshao мәдениеті, қазіргі Gansu провинциясы территориясында, «орталық» немесе Yangshao мәдениеті, Huanghe-ның орта ағысы; «оңтүстік», Chang Jiang-ның (Янцзы) орта ағысы мен Sichuan провинциясының шығыс бөлігін қамтиды; «шығыс», шығыстағы теңіз жағалауы аудандары кіреді және «оңтүстік-шығыс», Chang Jiang-ның төменгі ағысы, Taihu өзені мен Nanjing (Нанкин) қаласы, Zhejiang провинциясының солтүстік аймақтарын қамтиды.
III-VI ғасырларда саяси тұрақсыздық пен құлдырауға қарамастан, Қытайда материалдық және рухани мәдениет дамуын жалғастырды. Қытайда, ерте орта ғасырлар дәуірінде, үстемдікке ие болған бір дін немесе шіркеу болган жоқ. Ата-баба аруағын пір тұтұға шақыратын ежелгі конфуцийшілдік ендігі кезде өзінің идеологиядағы үстемдік етуші ыкралынан айрылып қалды. Жаңа қалыптасқан саяси-әлеуметтік жағдайда мемлекет билеушілеріне де, ірі бай топтарға да олардың бұқара халыктың үстінен жүргізетін билігін қамтамасыз етуге жәрдемдесетін діни идеология, халыққа күшті идеологиялық ықпал ете алатын дін және діни қызмет ауадай қажет болды. Осындай міндетті аткаруга ең қолайлы діни идеология - жана заманның басында Үндістаннан Қытайға әкелінген буддизм діні. Қиыр Шығыста тараған буддизм ілімінің түрлі ағымдары мен секталары - Махаяна - «Үлкен дөңгелек арба» немесе «Құткарудың кең жолы» деп аталған. Будда діні бүкіл Киыр Шығыс халыктарының көпшілігі қабылдаған дүниежүзілік дінге айнала отырып, ортағасырлық коғамның барлық саласына өз ықпалын тигізді. Ежелгі буддизмнен мұның айырмашылыны оны ұстанушыларға қойылатын талаптардың женілдеу болуынан еді, буддизмді діни сенім ретінде кабылдаушылар, бұл дүниедегі тіршілік иелері мен монахтар болып екіге белінді. Қатаң аспекттікті сақтау барлығына бірдей міндетті шарт емес деп саналды, оны сактау монахтарга ғана тән делінді. Монахтарға қарағанда жай тіршілік иесі он өсиет-шарттың бесеуін міндетті түрде сақтауы тиіс болды. Ежелгі буддизмге қарағанда Махаяна ілімінде адамның жан дүниесі өзін ұзақ уақыт бойы жетілдіре, байыта келе, осы дінге сенімін сақтаған жағдайда ужмакка тап болады деген сенімді ұялатты.Монахтар және діни уағыз таратушылар Қытайға Орталық Азия арқылы келіп, олар, ең алдымен, Gansu, Shanxi жане Henan жеріне орын тебеді. Буддистік уағыздар арқылы олар халыққа ауыр енбектің, азап пен жокшылыктың болуы тиіс сынак екенін, оған шыдамдылық танытқанда ғана адамдар жұмаққа бара алатындырын дәріптейді. Будда діні әлемдік болмыстың негізін дхарм деп аталатын қозғалыс бөлшектері құрайды деп үйретті. Олар бір-бірімен қосыла немесе беліне отырып, тіршілікті тудырады және оны тоқтатады, бір-бірімен тізбектеле отырып, бір түрден екіншісіне айналып отырады деп түсіндірді. Әлемді қайтарым заңы билейтіндіктен, жақсылық жасаушылар өздерінің екінші қайта туу кезеңінде кемелденген түрге ие болып, бұл өмірде маңызды жағдайға душар болады. Оған керісінше, қиянат жасаушылар қайта туған кезде әлдекайда төмен әлеуметтік жағдайға тап болады немесе жануарға айналып кетуі мумкін. Осылайша, адамның кемелдену немесе төмен құлдырауы кармаға байланысты, яғни өлгеннен кейінгі болашақты белгілейтін бұл өмірдегі іс-әрекеттердің жиынтығына байланысты. Жақсылықтан тек жақсылық туады, ал жамандықтан тек жамандық дүниеге келеді дегенді меңзеді.Будда дінінің негізін салушы Сиддартха Гаутаманын (Шакья-Муни, б.з.д.VI-V г.) аузынан шыққан төрт шындық өсиет бойынша, өмір жапа шегусіз болмайды. Жапа шегуден құтылу үшін үлгілі өмір сүру арқылы қайта дүниеге келу шеңберін тоқтатумен қол жеткізуге болады. Будда азаптан құтылудын сегіз тармақтан тұратын жолын көрсетті. Осы жолды ұстанғандар қайта туу шеңберін тоқтатып, нирванаға айналып кетеді. Буддизмнін кенінен таралуына себеп болған нәрсе оның әрбір жеке адамның өзін-өзі құтқару мүмкіндігіне жол ашуы, әр адамның өзінің бағасын білуіне мүмкіндік беруі еді. Ал конфуцийшілдік ілімде адам өзінің отбасы мен мемлекеті шеңберінен тыс әрекет ете алмайтын. Кытайды жаулап алушы көшпенділер буддизм дініне барынша қолдау көрсетіп, оның елге кеңінен таралуына ықпал етті. Соған қарамастан буддистік діндарлар мен зиялы қауым арасында тартыстар да болып тұрды. Мұндай келіспеушіліктердің негізгі себебі буддистік монастырьлар көптеген жер иеліктерін басып алып, шаруаларды канауды күшейтіп, зиялы қауым өкілдері мен мемлекеттің өзімен де бісекелестікке түсе бастайды. V ғасырда діни топтар тіпті билігі күшейіп бара жатқан патша сарайына қарсы жасырын бүлік те ұйымдастырады. Тоба Гуйдын немересі Chang'an-Fa (Сиань) сапар шеккенде бірнеше монастырьды киратып, монастырь мен ғибадатханалардың артына тығылған бүлікшілерден көптеген алтын кесектері мен кару-жарақтарды тартып алады. Бірақ 451 жылы ол бәрібір өз сарайында қастандықтың құрбаны болады. Оның орнына келген билеушілер буддист монахтарды қудалауды қояды. Монахтар енді мемлекеттік үлестік жерлері бар шаруаларды өздеріне тіркеп алуды ұлгайта түседі. Монастырьлар саны жыл сайын ұлғайып отырды. VI ғасырда Солтүстік Wei мемлекетінде 50 мың монастырь және 2 млн монах болған. Буддизмнің ыкпалының біртіндеп күшейе тусуіне II-VI ғ. Жалпы әлеуметтік-саяси жағдай, ондағы дағдарыстар мен шиеленістер және болмыстың тұрақсыздық жағдайы көп себеп болды деуге болады. Монастырь қабырғасы адамдардың ішкі шиеленістер мен бүліктер кезінде барып бас сауғалайтын орнына айналды, осы жерде құрбандықтар шалынып, соғыста өлген әскерге жаназа шығарылды, олардың жаны жәннатта болуын тіледі. Бірақ монастырьлар көп жағдайда адамдардың салықтан қашып, өкіметтің қудалауынан бас сауғалайтын орынға айналды. Буддизмді ұстанушы өзіне көшпелілердің жаулаушылығынан жерінен безіп, қаңғып кеткен адамдарды тарта білді. Осы жерде бай ақсүйектер жаны жай тауып, өздеріне оңаша тыныштық орната алды. Қытай топырағына орын тепкен буддизм діні өзіне қытайлық идеология мен мәдениеттің қасиеттерін бойына сіңірді. Буддизмнің «қытайлану» үрдісі жүрді, оның бұл жердегі өзіндік ерекшелігі, дербес даму сипаты қалыптасты. Бұл үрдіс буддизмнің идеологиядағы басымдыққа ие болуын қамтамасыз етіп қана қоймай, қарапайым бұқара халықтың өмір сүру салтына да табиғи кірігіп кетті. Қытайлық буддизмге адамдардың көп жақын тартуы монахтармен қатар буддизмді қабылдаған жай тіршілік иесінің де өмір сүруіне тигізген көмегі көп болды, сондықтан олар монахтар мен монастырьларға қолдау көрсетіп отырды. III-IV ғ. Luõyáng мен Chang'an сияқты астаналық орталықтарда 180-ге жуық буддистік монастырьлар, ғибадатханалар болды, ал V ғ. аяғына қарай Шығыс Jin мемлекетінде олардың саны 1800-ге, монахтардың саны 24 мыңға жеткен. Бір кездегі жат жерлік дін жаңа жағдайға тез бейімделе келе, жергілікті салттарды бойына сіңірді, ата-баба Baimasi. Luõyáng аруағына сыйыну сияқты және басқа да халықтық салт-дәстүрлерді мойындады, өздерінің қасиетті пантеондарына Қытайдың аңызға айналған батырлары мен ежелгі данышпандарын қосып қойды. Қытайлық буддизмде, алдыңғы қатарға ең алдымен дәстүрлі қытайлық заңдар мен ережелерге сәйкес келетін принциптер мен идеялар шығарылды. Буддизм өзінің таралуы барысында, жоғарыда айтып кеткендей, елеулі түрде қытайлану үрдісін бастан кешті. Алғашқы кезде ол тіпті даосизмнің бір саласы деп те қабылданды. Ал IV ғ. Будда Даоның жаңа өңі деп қабылданды. Жалпы алғанда даосизм қытайлықтардың мәдени сана-сезімінің жалғасы іспетті болғандықтан, ол буддизм мен халықтың діни нанымдары арасындағы делдалдық рөлді атқарды. Сондықтан да алғашқы кезде үнділік-буддистік түсініктерді, уағыздарды халыққа түсіндіру үшін қытайлықтарға таныс даостық діни терминдерді қолданған, тек V ғ. кейін ғана тікелей буддистік терминдердің транскрипциясына көшкен. Дегенмен Қытайда буддизмнің таралуына қарсылық көрсетушілер де болды. Әсіресе бұрын үстемдік жағдайда болып келген конфуцийшілдік ілімді ұстанушылар тарапынан да, халықтық дін саналған даосизмді ұстанушылар тарапынан да наразылық туындады. «Жабайылардың дінін» сынаушылар белсенді түрде үгіт-насихат жүргізіп, оны уағыздаушылармен айтысқа түсті. Бұл тартыс, әсіресе V ғ. айқын көрініп, сол кезде солтүстік-вэйлік император Тоба буддизмге тыйым салып, барлық монастырьларды жауып тастауға бұйрық береді. Бірақ бұл қудалаушылық бірнеше жылдарға ғана созылады. 557 жылғы Солтүстік Zhou империясындағы қабылданған шаралар тәрізді бұл әрекеттерде буддизмнің бүкіл елге таралуына тосқауыл қоя алмады. Буддизмді жат жерлік дін деп қараған, оған деген теріс көзқарас жағдайында, халыққа буддистік адамгершілік уағыздардың қытайлық дәстүрлі адамгершілік идеалдармен ұқсас екендігін үнемі дәлелдеп отыруға тура келді. Буддизм тіпті Köngzi ілімінде мүлдем жат саналатын, бұл өмірден баз кешіп кетудің де себептеріне жауап тауып беруге тырысты. Қытайлық буддизм өзінің сипаты жағынан көп қырлы болды. Әртүрлі діни абыздар - патриархтар мен сутрларды аударушылар, өзінің шығу тегі жағынан бір-бірінен айырмашылықтары бар түрлі көптеген секталарды құрды. Сондықтан да Қытайдың әртүрлі аймақтарындағы секталардың уағыздарының түріне қарай, өзара айырмашылықтары болды. Солтүстік пен Оңтүстіктің әрқилы әлеуметтік жағдайына сәйкес қоғамдағы әлеуметтік-мәдени талап - тілектер де түрліше болды. Қытайлық буддизмнің әрбір мектебі өзін Будда ілімінің барынша толыққанды және тұтас түрі деп санады.
Иероглифті әдемі және өрнекті жазу үлкен өнер болып саналды. Каллиграфия- поэзия және бейнелеу өнерімен терезесі тең тұрған классикалық қытай өнерінің бір түрі. Каллиграфиялық туындыны дүниеге әкелуге шабыт, ішкі шығармашылық кемелдену керек, тіпті киімі де ерекше орында тұрды. Қытайлықтар иероглифтердің әдемі жазылуы үшін кағаз бен сияның сапасына, оның түстеріне катты мән берген. Х ғасырда өмір сүрген қытай ақыны Su Zimei: «Терезе жарыты, таза үстел, керемет қағаз, қылқалам, сия мен сиясауыт эстетикалық лаззат береді», - деген екен. Каллиграфияның әдемілігі - оның пластикалық элементтерінің әсерлілігі мен табиғи тепе-тендіктің сақталуында және әдемі орналасуында. Қытайлыктардың көзқарасы бойынша каллиграфиялық жазбаларды түсіне білу мен бағалау тікелей адамның оны коршаған тірі табиғаттың әдемілігін көре білу қабілетіне байланысты. Өсіп турған ағаштың әр жапырағы тірі болатыны сияқты дарынды каллиграфтын иероглифтегі сызған әрбір сызыры мен әрбір нүктесі өмірлік күш пен тірі табиғат энергиясын білдіреді. Олар иероглифті «ойдан шығару» емес, тек оны шеберлікпен орындауға (жазып шығуға) міндетті. Атақты Қытай каллиграф-арының бірі Wang Xizhi-дің (303- 379 ж.) өз қолынан шыққан бір туындысы мен оның бірнеше жұмысының көшірмесі күні бүгінге дейін жетіп отыр. Wang Xizhi көзі тірісінде де өте танымал болды, бірақ нағыз атақ оған VII ғасырда Tang императоры Taizong оның шығармаларын жинай бастағанда келді. Осы кезден бастап ол каллиграфия классигі атанды және оның жазуы Қытайдың бейнелеу өнерінің барлық жанрлары мен түрлеріне үлкен ықпал етті. Атақты қытай эссейсті Lin Yutang оның нері туралы былай дейді: «Wang Xizhi және өзге де каллиграфия шеберлері қағазға жазуды майдан даласындағы қолбасшыға теңеген. Қағаз - ұрыс даласы, қылқалам - соғыс қаруы, сия - ол сауыт, ал сия езетін тас (сиясауыт) - тосқауыл болды. Каллиграфтың дарыны – бұл қолбасшының өзі, суретшінің ақыл-парасаты - бас штаб, құрылымдық форма - әскери тактика; шебердің бағын ашатын күтпеген жерден келген шабыт - бұл тағдыр; бір-бірімен қиылысатын немесе өзара бітісіп кеткен сызықтар - бұл әскери команда; нүкте мен тамшы – бұл жеке бөлімшелер; ал ұзын сызықтар - әскер жалауы». Мінеки, осыдан біз тамашалайтын көркем жазудың қандай үлкен еңбекпен, күреспен келетінін аңғарамыз. Каллиграфиялық жазуға дағдылану үшін саусақтар бейімді болу керек, сондықтан каллиграфтар саусақтары «қатып қалмас» үшін үнемі оң қолдарында саусақтарын жаттықтыру мақсатында екі шарикті ұстап жүретін болған. Ертеден-ақ кез келген оқымысты немесе каллиграф, суретшілер үшін қағаз, сия, қыл-қалам және сиясауыт - ең құнды заттар. Олар Қытай мәдениетінің дамуында үлкен рөл ойнады. Олардың «төрт құндылық» деп аталауы да тегін емес. Қағаз - компас, оқ-дәрі және кітап басу өнерімен қатар тұратын Қытайдың төрт ұлы ашылуларының бірі. Сапасы ең жақсы қағаз - Xuanzhi қағазы. Бұл қағаз өндірілген жердің атымен, яғни Anhui провинциясының Xuan қаласының атымен аталған. Tang дәуірінде-ақ қағаздың бұл түрі император сарайына әкелінген. Хuanzhi қағазы - ақ түсті, тегіс, қалың, жұмсақ, сұйықтықты жақсы сіңіретін және оңайлықпен жыртылмайтын қағаз. Сияны бірден бойына сіңіретін мұндай қағаз қытай суретшілері мен каллиграфтары үшін таптырмас құрал болды. Xuanzhi қағазын ұзақ уақыт сақтай алады, ол еш түсін жоғалтпады, оңайлықпен үгітілмейді және құрт-құмырсқа жемеді. Сондықтан да осыдан жүз, мың жыл бұрын сюаньчжи қағазына жазылған жазулар мен салынған суреттер қаз-қалпында сақталған. Сия - қытай өнері тарихында қытай суретшілері мен каллиграфтары ерекше мән беретін маңызды құндылықтардың бірі. Қытайда жоғары сапалы сия Anhui провинциясының Hui- zhou қаласында жасалады және оны «huimo» деп атайды. Бұл сия Tang әулеті кезінен бастап өндірілген huimо-ның кейбір сұрыптарын жасауға қымбат бағалы иістендіргіштер мен сирек кездесетін шөптер, тіпті кейде алтын да қосылатын болған. Сондықтан бұл сия ерекше қара қою түсімен және мұрын жаратын хош иісімен ерекшеленеді. Ол он жылға дейін сақталса да жарамды болды, өз қасиетін жоймады.
VII-VIIII ғ. ғылым мен мәдениеттің, сауда мен қолөнердің және қалалардың дамуы өткір әлеуметтік қайшылықтар, көшпелілердің шапқыншылығы және ішкі қырқысусоғыстары Қытайдыңежелден келе жатқан өте бағалы да бай мәдени құндылықтарының біршама бөлігін қиратып кетті. Соған қарамастан қытайлық мәдениет ақталып қана қоймай, ерте орта ғасырларда біршама жылдам дами түсті және VII ғ. елеулі деңгейге көтерілді. VII-VIII ғ. Қытайдың бірігуімен бірге этникалық топтасу үрдісі де қатар жүреді. Бұл IV-VI ғ. байқалған қытай этносының болапақта ыдырап кету бағытынан қайтарған аса маңызды құбылыс болды. Дегенмен осы кезеңде де Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы айырмашылықтар жойылған жоқ. Ол айырмашылықтар адамдардың сөйлеу диалектілерінде, салт-дәстүрлерінде, ішкен тамақтары мен киген киімдерінде көрініс тапты. Солтүстіктегілер көптеген қытай емес халықтар мен тайпаларды, әсіресе IV-VI ғ. тарихында маңызды рөл атқарған сяньбийлерді өздеріне ассимиляциялау арқылы ұлттық сипатын байытып отырды. Этникалық жағынан топтасу бағыты қытайлықтардың оңтүстікке қарай көптеп қоныс аударуы арқылы одан әрі тереңдей түсті. Елдің екі бөлігінде де тұрғын халықтың саны 46-дан 54 млн-ға дейінгі аралықта теңесе түсті. Қытайлықтардың өздерін атауы да бірыңғай тілде, бір сөзбен - huá немесе hánrén деп айтылатын болды. Империялық тәртіп жүйесінің қайтадан қалпына келтірілуі елдің мәдени өрлеуінің құлаш жая өсуіне жол ашты. Tang империясының өмір сүруінің алғашқы екі жүз жылында ауыл шаруашылығын өрге көтеру одан әрі жүргізілді. Бұдан басқа экономиканың басқа салалары да дамыды. Егістік алқаптар кеңейіп, елдің солтүстігінде бау-бақша өндірісі ұлғаяды, ал оңтүстікте күріштің ерте және кеш егілетін түрлері және күрішті жинап алған соң, бидай егудің тәсілі игеріледі. Шай өндіру ісі мен оны пайдалану кеңінен тарап, IX ғ. 30-жылдарында шай өндірісіне мемлекеттік монополия енгізіледі. Тұз өндіру кең өріс алды. Қант қамысынан қант өндіру өндірісі жолға қойылады. Мақта өсірудің нәтижесінде елде енді жібектен басқа мақта-мата кездемелері шығарыла бастады. Темір, күміс, мыс, қалайы өндіру ісі кең қанат жайды. Соның нәтижесінде металдан қару-жарақтар, тұрмыс заттары өндірілді. Ауыл шаруашылығы техникасын жетілдіру ісі өрге басады. Оның мысалы ретінде, сол кездегі 11 түрлі темірден және ағаштан жасалған жер жыртатын соқаларды айтуға болады. Ирригация жүйесі кеңінен пайдаланылды. Егістікті суарудың түрлі әдіс-айлалары дүниеге келіп, су диірмендері кең тарай бастаған болатын. Қытайдан тыс жерлерге даңқы жайылған металмен жабылған айналар ерекше еді. Керамикалық бұйымдар, әсіресе фарфор ерекше маңызға ие болды. 105 жылы ойлап шығарылған ағаштан, шүберектен, кенептен қағаз өндіру көбейді. Қағаз өндірісі Қытайдың ұзақ уақыт бойғы монополиясы болды. Себебі қағазға деген сұраныс елдің өз ішінде ғана емес, сыртқы көрші елдерде де артқан еді. VII ғасырдан бастап кітап басып шығару ісі қолға алынды. Қытайда ішкі және сыртқы сауда дамыды. Сауда байланысында Ұлы канал үлкен маңызға ие болды. Ол Weihe, Huanghe және Chang Jiang-ды Hangzhou бұғазымен жалғастырды. Сыртқы сауда Үндіқытай, Индонезия, Орта Азия елдерімен және осы арқылы парсылар мен арабтар арасында жүрді. Парсылар мен арабтардың араға делдалдық етумен Қытай Византиямен сауда жүргізді. Қытайдан металл бұйымдар, жібек, қағаз, фарфор әкетіліп, сырттан піл сүйегі, кейбір металдар, дәрілік шөптер, тәтті заттар әкелінді. Қытайда бұл кезде ірілі-ұсақты көптеген қалалар өркендеді. Қытайдағы ең ірі қала империяның астанасы - Chängän () (қазіргі Xi'an, Shanxi провинциясы) болды. Екінші ірі қалалар қатарына Ludyáng (29) (қазіргі Henan), Guangzhou, т.б. қалалар кірді.
Қытайда ресми мерекелер қатарына: Жаңа жыл (барлық елде 1 қаңтарда тойланады), Көктем мерекесі (Ай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл, бүкіл Қытайда 1 апта бойына тойланады), Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз), Еңбекшілердің халықаралық ынтымақтастығы күні (1 мамыр), Қытай жастары күні (4 мамыр), Халықаралық балаларды қорғау күні (1 маусым), Қытай Ұлт-азаттық армиясының құрылған күні (1 тамыз), Ұстаздар күні (10 қыркүйек), ҚХР құрылған күні (1 қазан) мерекелері жатады. Ал Қытайда Көктем мерекесі немесе «chun jie», «Yuanxiao» мерекесі, «Qingming», «Duanwu», «Zhongqiu» және тағы басқа мерекелер кең көлемде аталып өтетін және өте маңызды ұлттық мерекелер ретінде тойланады. Осындай жалпыға ортақ мерекелермен қатар өзге аз ұлттардың да дәстүрлі мерекелері сақталған. Мысалы, дай ұлты «Су шашу мерекесін» (poshui jie), моңғолдардың «Надом», Шыңжаң халқы қазақтар, қырғыздар, тәжіктер мен ұйғырлар «Наурыз» мерекесін, zhuang ұлты ән жарысын өткізсе, тибеттіктер өздерінің Жаңа жылы мен «Ванго» сабантойын әлі күнге дейін ұлан-асыр тойлап жатады. Жаңа жыл. Бүкіл әлем, әсіресе Еуропа халқы ең маңызды, басты мереке санайтын Жаңа жыл мерекесі қытайлар үшін жай ғана күнтізбеде жыл ауысқан күн ретінде білінбей өте шығады. Қытай тілінде «yuandan jie» деп аталады. Думан той да, дәмді тағамға толы кешкі мерекелік дастарқан да, іші сыйлыққа толы дорба арқалаған ақ сақалды аязата да, көз жауын алар ойыншықтармен әшекейленген шырша да жоқ, тіпті халықтан мұндай мерекелік көңіл күйді де байқамайсыз. Тек кейбір ірі сауда орындарында, әмбебап дүкендерде ғана батыс дәстүріне білдірген ізеті ретінде жасанды шыршалар мен қуыршақ аяз аталар қойылады. Тағы да қытайлардың ерекше бір көңіл аударатыны еуропалық достарына құттықтау ашықхаттарын, онда да Жаңа жылмен емес 25 желтоқсан Рождество мерекесімен құттықтаған хаттарын жолдап жатады. «Уuándan jié» жаңа жылдың бірінші, яғни алғашқы күні деген мағынаны білдіреді (yuán - «басы», «алғашқы» дегенді білдірсе, «dan» - «арай» немесе жай ғана «күн» деген мағынаны білдіреді). Қытайда жаңа жыл ХХ ғасырдың басына дейін ай күнтізбесі бойынша есептеліп отырған. Han императоры Wudi-дің (б.э.д. 140-86 ж.) күнтізбелік реформасынан кейін жаңа жыл қаңтар-ақпан айларында белгілі бір уақыт аралығында тойланатын болды, қазіргі ай күнтізбесі бойынша келетін Жаңа жыл - «Chünjié», яғни «Көктем мерекесі» осы айларда тойланады. 1911 жылғы Синьхай төңкерісінен кейін өкімет қаулысымен ай күнтізбесі бойынша 1 айдың бірінші күні «Көктем мерекесі» «chünjié» деп, ал батыс күнтізбесі бойынша бірінші қаңтар - Жаңа жыл «Xin nián» деп атала бастады. 1949 жылы ҚХР құрылғаннан кейін ресми түрде «Көктем мерекесі» мен «Уuandan» мерекесі күні бекітіліп, сол кезден бастап 1 қаңтар ресми түрде Қытайдың мемлекеттік мерекесіне айналды. Көктем мерекесі «Chünjié» . Ай күнтізбесі бойынша бірінші айдың бірінші күні. Жыл сайын қыс аяғында, көктем қарсаңында қытай халқы дәстүр бойынша жылдың басты мерекесі - Жаңа жыл-Көктем мерекесін салтанатты әрі қуанышпен атап өтеді. Бұл мерекенің басты мәні көктемнің келуі мен табиғаттың тірілуін қарсы алу болып табылады. Бұл мерекенің «Chünjié» -«Көктем мерекесі» деп аталуы да осыдан. Қытай жаңа жылы - қытай мәдениетінің қыр-сырын ашып көрсететін керемет әмбебап мереке. Оған дайындық соңғы айдың ортасынан басталады. Жер-жерде сауда қызып, халық жаңа жылдық сыйлықтар сатып алу, жаңа киімдер тіктіріп, отбасы Құдайы мен ата-бабалар аруақтарына арнап құрбандық шалып, жын-шайтандарды қуу сияқты әртүрлі рәсімдерді бастайды. Сол айдың 23-күні (ал оңтүстікте 24-күні) әр жанұяда Көк тәңіріне отбасы немесе үй Құдайы - ZaoWang-ды шығарып салу рәсімін жасайды. Халық сенімі бойынша ол Көк тәңірінің сарайына оған тиесілі отбасының өткен жылғы іс-әрекеті мен тәртібі жайлы есеп беруге барады. Сондықтан үй қожайыны атқа мінген қағаз мүсінді алдын ала шарапқа шомылдырады және масайған ZaoWang көкте өз иелігіндегі отбасы туралы тек «тәтті сөздер» айтсын деген ниетпен оның аузын балмен майлайды да, оны өртейтін болған. ZaoWang-ды шығарып салғаннан кейін үйді тазалау мен өзге де мерекеге дайындық істері басталады. Жаңа жылдық үй тазалау ісі үйді жаман рухтардан тазарту немесе солардан қорғану сипатында жүргізілді. Үйлерді жын-шайтаннан тазартып, жақсылық пен бақыт әкелетін түрлі тұмарлар, жамандықтан қорғайтын қасиетті жазулар жазылған қағаздар, үй есіктеріне «қақпа күзеті-рухтары» суреті, «бақыт» «fu 48" иероглифі (әдетте төмен қаратып ілінеді, сенім бойынша «fu dao» «бақыт келді» деген мағынаны білдіреді), ал оның екі жақтауына «chun lian» деп аталатын халық даналық тілек сөзі жазылған қос қағаз, сәндік ақшалар ілінеді. Үйлердің терезелеріне қызыл түсті қағаздан ойылған әртүрлі бақыттың, жақсылықтың символы ретінде өсімдіктер: құмырадағы гүл, ақша ілінген емен немесе кипаристің бұтағы, безендірілген мандарин, сол сияқты киелі саналатын құстар мен жануарлардың мүсіндері, ертегі кейіпкерлері салынған суреттерді жапсырады. Үйдің аулалары мен көшелерде, қала алаңдарында мерекелік отшашулар беріледі. Ал сол екі-үш апта бойы көшелерде таң атқаннан кеш батқанға дейін үздіксіз петардалар тарсылдату әдетке айналған. Барабанның қатты дауысы мен петардалар дауысы жаман рухтарды, жын-шайтандарды қуады деген сенімнен шыққан. Жаңа жылды міндетті түрде отбасы ортасында қарсы алып, бүкіл отбасымен мерекелік дастарқан басында бас қосады, тіпті кейде түнге қарай үй есігіне өзгелер кірмес үшін қызыл түсті қағаз тілімін жапсырып қоятын болған. Отағасы мерекеге арнайы шақырылған «барлық құдайлар» мен ата-баба аруақтарына, әртүрлі рухтарға бағыштап құрбандық шалу рәсімін орындайды. Содан кейін отбасы мүшелері жастарына қарай отағасы мен аналарына бас ию рәсімін жасаса, өз кезегінде ата-аналары бабаларына арнайы дайындалған ақша салынған қызыл конвертті ұсынады. Өзара құттықтаулар мен сыйлық алмасулардан кейін мерекелік дастарқанға жайғасады. Қытайдың солтүстігінде жаңа жылдық басты тағам - ол тұшпара, қытайша «jiaozi» болса, ал оңтүстігінде күміс құйма формасындағы күріш ұнынан жасалған тәтті үзбе көже. Сонымен қатар күріштен жасалған тәтті тоқаштарға да ерекше мән беріледі. Тұшпараны тек етпен немесе жұмыртқаны әртүрлі көкөністер қосып араластырып жасайды. Ал оны түю барысында кей адамдар ішіне тиын, бұршақ салып түйеді. Ырымшыл халық тиыны бар тұшпараны жеген адам байлыққа кенеледі немесе сәттіліктерге қол жеткізеді десе, бұршақ отбасы құрмаған адамның өз бақытын табуына көмектеседі немесе отбасында сәбилі болады деп ырымдайды. Отбасылық мереке болғандықтан көктем мерекесі қарсаңындағы түні «chuxі-де» кейбір отбасылар бұл түнді ұйқысыз өткізеді, оны «shousui» - жаңа жылды күту деп атайды. Барлық отбасы мүшелері жиналып, жайылған дастарқаннан дәм татқаннан кейін олар түнімен әңгіме-дүкен құрып, әртүрлі ойындар ойнайды. Жылдың бірінші күнінің таңында «бақытты» бағытқа қыдырып қайту деген салтпен далада біраз серуендеп қайтады. Ертеңіне барлығы туыстары мен жақындарының үйіне жаңа жылдық жақсы тілектерін айтып құттықтап қайтады. Бұл күндері қонаққа, ғибадатханаларға бару дәстүрге айналған. Жаңа жылдың алғашқы күні бақытты шақыру мен сақтап қалу үшін «жақсы сөз - жарым ырыс» демекші, «жақсы мағынадағы» иероглифтер жазу, құдықтан су алмау және жаныңда кесетін, өткір құралдар ұстамауы, сөз бен істегі әртүрлі тыйымдарды сақтауы тиіс. Байлық құдайына бас ию негізгі міндеттерінің бірі болды. Бұл күндері тағы да айдаһарлар, арыстандар биі жарыстары, қағаз шамдар, каллиграфия және қытай кескіндеме өнері туындыларының жәрмеңкелері ұйымдастырылады. Бұл салтанатты шараларды ұйымдастыруда бір ғана мән бар: ескі жылды шығарып сала отырып, барлық ауыртпалықтан, жамандық пен қайғы-қасіреттен, жоқшылықтан құтылып, жаңа жылды үлкен үмітпен, денсаулық, сәттілік, тоқшылық пен байлықты тілей отырып жақсы көңіл күймен қарсы алу. Қазірде иероглиф жазылған түсті балауыз шамдар жағу үрдіске айналып отыр. Жаңа жылды қарсы алу отбасылық мехраптағы (алтарь) құрбандықтар мен үйдегі өзге де жаңа жылдық заттар жинастырылған соң, сонымен қатар «кедейліктің жын-шайтандарын шығарып салу» рәсімі өткізілгеннен кейін ресми түрде бірінші айдың 5-інші күні аяқталады. Келесі күннен бастап қалаларда сауда қалпына келтіріліп, мемлекеттік мекемелер жұмыстарын бастайды. Дегенмен әлі күнге дейін көптеген қытайлықтар үшін мереке екі аптаға дейін созылады. Бұл мерекенің шешуші кезеңі - «бірінші түн» немесе «Yuanxiao» мерекесі бірінші айдың ортасында, яғни жылдың бірінші айы толған кезде өтеді. Ай күнтізбесі бойынша бірінші айдың 15 күні. Ежелде бұл түні әйелдер Zigu атты әйел құдайдан жібек құртынан бітік өнім алуды тілеп жалбарынған, сонымен қатар «барлық мүмкін жайттар туралы бал ашқан» екен. Әйел құдай тек дәретхана сияқты таза емес жерлерге ғана келетін болған. Аңыз бойынша Zigu - дәретханада өлтірілген немесе өзіне-өзі қол жұмсаған әдемі қыз прототипі. Ауыл әйелдері медиумдық сеанстар өткізу үшін әдетте матадан құдай қуыршақ жасаған және оның рухы соған кіреді деп сенген. Қуыршақ басын құдай бейнесі салынған сурет жапсырылған ас үйдегі ожау, елек немесе сыпырынды шығаратын қалақтан жасаса, аузына тамақ жейтін екі таяқша «kuaizi» салып, денесін ива немесе шабдалы ағашының бұтағынан, ал оңтүстікте қант қамысынан жасаған. Сосын рәсімге қатысушылар қуыршақ алдында балауыз және хош иісті шамдар жағып, қарапайым ғана «шай суып, нан кеуіп қалды, иә, аруақ тезірек келе гөр!» деген сияқты жалбарынулар, дұғалар жасайды. Егер қуыршақ тербеле бастаса, әйелдер одан бітік өнімге қатысты тілектерін сұрай бастаған. Егер қуыршақ алдыға-артқа тербелсе, жанға жағымды жауап алдық деп, ал оң мен солына теңселсе, көңіл құлазытарлық жағымсыз жауап алдық деп есептеген екен. Қазіргі таңда «Yuanxiao jie» мерекесін 15-түні барлық қала мен ауыл үйлерінде әртүрлі формадағы және түрлі-түсті шамдар (ертеде май шамдар жақса, қазірде электр шамдарын пайдаланады) жағатындықтан шамдар мерекесі деп атап кеткен. Бұл күн – жыл ішіндегі ең бірінші айдың толған күні. Солтүні адамдар далаға шығып түрлі-түсті шам шағып, отшашулар атып, шам жұмбағын шешіп, барлық отбасы мүшелері бас қосып yuanxiaо жейді. Кей еңбектерде: «Бұл күн Батыс Hån императоры Wen-di тұсында ресми мереке ретінде жарияланған. 58-75 ж. билік құрған Шығыс Han императоры Mingdi кезінде император сарайы мен буддалық ғибадатханаларда Будданы мадақтап, соның құрметіне түнде шамдар жағатын болған, ал қарапайым халыққа мерекеге орай жанып тұрған шамдарды ілу туралы бұйрық берілген. Сол кезден бастап мереке «Шамдар мерекесі» деп аталған дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет