Сөж тақырыбы: Жалпақ құрттар типі Орындаған: Базарбек А


Жалпақ құрттарда дене қуысы болмайды, паренхима мүшелер арасындағы барлық кеңістікті алып тұрады. Ол тірек қызметін атқарады



бет2/4
Дата19.04.2023
өлшемі435,83 Kb.
#84341
1   2   3   4
Байланысты:
317727.pptx

Жалпақ құрттарда дене қуысы болмайды, паренхима мүшелер арасындағы барлық кеңістікті алып тұрады. Ол тірек қызметін атқарады.

Жалпақ құрттардың ас қорыту жүйесі біркелкі дамымаған. Аузы денесінің құрсақ (кейде алдыңғы) бөлімінде орналасқан.Ол эктодермальды жұтқыншақпен және тұйық бітетін энтодермальды ортаңғы ішекпен жалғасқан. Артқы ішегі және аналь тесігі болмайды. Ал паразит түрлерінде ауыз, ішектері мүлдем жоқ, қорегін сыртқы қабымен сіңіріп, паренхимада қорытады.

Сорғыштар класы

Сорғыштар, трематодтар (Trematoda) – жалпақ құрттардың бір класы.

Жер шарында кең тараған, 2 класс тармағына: дигенетикалық сорғыштар (Dіgenea) және Аспидогастерлерге (Aspіdogastraea) жататын 4 мыңға (кейбір деректер бойынша 7 мыңға) жуық түрі бар.

Бәрі де паразитті тіршілік етеді. Дене пішіні жапырақ тәрізді, ұзындығы 1 мм-ден 5 см-ге дейін, араларында 1,5 м-ге жететін түрлері де бар.

Денесінің алдыңғы жағында (ауыз) және құрсақ бөлімінде (құрсақ) бір-бірден сорғыштары бар, кластың аты осыған байланысты қойылған. Осы сорғыштары арқылы олар иесінің денесіне бекінеді. Сорғыштардың сыртын тегумент (эпителийге сәйкес) қаптап жатады, кірпікшелері болмайды. Денесінің алдыңғы жағындағы аузы эктодермальды жұтқыншаққа, ол жіңішке өңешке жалғасады. Ортаңғы ішек өңештен басталып, артқа қарай созылып, тұйықталған екі тармақтан құралады.

  • Денесінің алдыңғы жағында (ауыз) және құрсақ бөлімінде (құрсақ) бір-бірден сорғыштары бар, кластың аты осыған байланысты қойылған. Осы сорғыштары арқылы олар иесінің денесіне бекінеді. Сорғыштардың сыртын тегумент (эпителийге сәйкес) қаптап жатады, кірпікшелері болмайды. Денесінің алдыңғы жағындағы аузы эктодермальды жұтқыншаққа, ол жіңішке өңешке жалғасады. Ортаңғы ішек өңештен басталып, артқа қарай созылып, тұйықталған екі тармақтан құралады.

Бауырсорғыш – гермафродит жәндік. Демек бір ағзада аталық та, аналық та жыныс жасушасы болады. Ұрықтанған жұмыртқа бауырдың қантамырлары арқылы ішекке түсіп,одан нәжіспен бірге сыртқа шығады. Жұмыртқаның бірден суға түсуі де, түспеуі де мүмкін. Суға түспегендері одан әрі дами алмайды. Ал суға түскендерінің денесін кірпікшелер қаптап, суда жүзетін дернәсілдерге айналады. Ондай дернәсілдер аралық иесі – кішкене тоспаұлудың денесіне түсе қалса, одан әрі дамып, көбейеді де, келесі ұрпақ үшін тағы бірнеше дернәсілдерге айналады.

  • Бауырсорғыш – гермафродит жәндік. Демек бір ағзада аталық та, аналық та жыныс жасушасы болады. Ұрықтанған жұмыртқа бауырдың қантамырлары арқылы ішекке түсіп,одан нәжіспен бірге сыртқа шығады. Жұмыртқаның бірден суға түсуі де, түспеуі де мүмкін. Суға түспегендері одан әрі дами алмайды. Ал суға түскендерінің денесін кірпікшелер қаптап, суда жүзетін дернәсілдерге айналады. Ондай дернәсілдер аралық иесі – кішкене тоспаұлудың денесіне түсе қалса, одан әрі дамып, көбейеді де, келесі ұрпақ үшін тағы бірнеше дернәсілдерге айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет