Андрогенез (көне грекше: ἀνδρός — еркек; көне грекше: γένεσις — шығу, шығу тегі) — ұрықтану кезінде жұмыртқа жасушасына ( овоцит ке) сперматозоид енгеннен кейін, ұрықтанған овоцит тің тек сперматозоидтың ядросымен ғана даму процесі . Бүл процесті "еркек партеногенезі" деп те атайды. Андрогенез көбіне ұрықтануға дейін овоцит ядросының кейбір жағдайларға байланысты ыдырап кетуі нәтижесінде, тек сперматозоид ядросының қатысуымен жүретін процесс .
Қорытынды
Жоғары және төменгі температурамен әсер ету арқылы жасанды жолмен ұрықтанбаған жасушалардан жаңа ағзалар дамитыны дәлелденді, бірақ өте сирек кездеседі. Партеногенез – жыныстық көбеюдің модификацияларының бірі, онда аналық гамета аталық гаметамен ұрықтанбай, жаңа жеке тұлғаға айналады. Партеногенетикалық көбею жануарлар әлемінде де, өсімдіктер әлемінде де кездеседі және кейбір жағдайларда көбею жылдамдығын арттыру артықшылығы бар.
Табиғи партеногенез - кейбір организмдердің табиғи және жасанды көбеюінің қалыпты жолы, әдетте ұрықтандырылуы қажет ұрықтанбаған жұмыртқаға әртүрлі тітіркендіргіштердің әсерінен эксперименталды түрде туындайды.
Пайдаланылған әдебиеттер
Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл.
Қасымбаева Т.,"Тіршіліктану",10-11,2003,92 б Интернет ресурс