Қазақстандамекендейтін жануарлар.
Қазақстанның аумағы кең және табиғи жағдайлар мен жануарлар дүниесінің ауқымы өте үлкен. Бірақ, өкінішке орай, браконьерлік және адамдардың тіршілік ету ортасындағы тым белсенділігінен көптеген жануар түрлері толықтай жойылу қаупіне ұшырады. Бүгінде Қазақстанның Қызыл кітабына 40 жануар кірген.
Қарақұйрық
Қарақұйрық сирек кездесін түр. Кейбір аудандарда саны азайып, мекендейтін жерлері тарылуда. Олар бекітілген төбешік құмда, шақпатасты және сазбалшықты шөлдерде, ойлы-қырлы құрғақ аңғарларда, сексеуіл, жүзгін, теріскен басқан тоғайларда немесе тастақты, құмды, сазды топырақты шөлді аймақтарда мекендейді. 1930 жылдардың ортасында Қазақстанда қарақұйрықтардың саны 200 мыңға жуық болған. Соның ішінде Үстіртте және Маңғышлақта 100 мың басқа дейін жеткен. Қазір Қазақстанда жалпы саны 30-50 мың бас.
Алтай арқары
Алтай тауының арқары елімізде толықтай жойылу қаупіне ұшыраған жануар. Қазақстанда 50-60 бас шамасындай бар. Олар теңіз деңгейінен 800-3000 метр биіктікте мекендейді. Алтай арқарын Шығыс Қазақстан облысының аумағынан, Күршім жотасының оңтүстік сілемінен, Қалмақшы өзенінің жоғары ағысындағы биік таулы шоқылардан, сондай-ақ Бұқтырма көлінің солтүстік-шығыс беткейлерінен кездестіруге болады.
Қазақстан арқары
Қазақстан арқарының таралу аймағы кеңіп, саны қалпына келуде. Қазіргі уақытта Қазақстан арқарының саны 11,8 мың басқа дейін өсті. Олардың ішінде Сарыарқада, Балқашта, Қалбы Алтайында, Тарбағатайда, Маңырақ пен Сауырда таралған. Бұл жануар таудың жазықтау учаскелерінде мекендейді. Олар орын ауытырып, шамалы маусымдық көшу жасайды. Ал, құрғақшылық кезінде және қыста қар қалың түссе алыс қашықтыққа ауысады. Әдетте таңертең және кешке белсенді. Қыста олар жиі тамақтанады.
Қаратау арқары
Қаратау арқарының жоғалып кету қаупі бар. Олар таулардың далалық тегістелген аймақтарында мекендейді. Бірақ, олар осындай жерлерден үй жануарлары тарапынан жиі қысылып жатады. Сондықтан, жиі бұталармен қоршалған қатты құзды шатқалдарда жүреді. Қаратау арқары 1976 жылы шамамен 150 бас болса, онда қазіргі уақытта 100-ден асуы екі талай. Оларды Сырдария Қаратауының солтүстік-батыс бөлігінен, Мыңжылқының ең биік сілемі мен оның солтүстік-батысында орналасқан жерлерден кездестіруге болады.
Тянь-Шань арқары
Тянь-Шань тауы арқарының саны күрт төмендеуде. Олар негізінен теңіз деңгейінен 200-ден 4000 метр биіктікке дейінгі тегістелген таулы аймақтарда мекендейді. Қыс мезгілінде қорегі мол, қар аз түскен беткейлерде жүрсе, жазда орман шекарасынан жиі жоғары көтеріледі. Олар Торайғырда, Көксу, Үсек өзендері орналасқан Жоңғар Алатауының оңтүстік бөлігінде көп кездеседі.