Сөж тақырыбы: Кәсіпкерліктің ішкі және сыртқы ортасын талдау Орындаған: Қалекес Асылхан Алматы 2023



бет1/2
Дата30.03.2023
өлшемі41,68 Kb.
#77804
  1   2
Байланысты:
Кәсіпкерлік 2 срс


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті



СӨЖ
Тақырыбы: Кәсіпкерліктің ішкі және сыртқы ортасын талдау

Орындаған: Қалекес Асылхан

Алматы 2023
Кәсіпорын – қоғамдағы еңбек бөлінісі жүйесінде оқшауланған дербес өндірістік-шаруашылық бірлік, яки заңды тұлға құқығы берілген шаруашылық жүргізуші субъект. Ол әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда алу мақсатымен еңбек ұжымын пайдалана отырып, өнім(тауар) өндіреді, жұмыстарды орындайды, қызметтер көрсетеді және өндіріс құрал-жабдықтары мен басқа да мүлікке меншік нысандарына қарамастан заңды тұлға ретінде және шаруашылық есеп принципіне сүйеніп әрекет етеді. Кәсіпорын заңнамада тыйым салынбаған және кәсіпорынның жарғысында көзделген мақсаттарға сай келетін кез келген шаруашылық қызметпен айналыса алады. Және де өзінің қызметін дербес жүзеге асыра отырып, шығарылатын өнімін, салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалған пайданы иеленеді. Бірақ кәсіпорын қызметіне қатысты кез келген шешім ішкі және сыртқы ортаның нәтижелерін есепке ала отырып жасалады. Фирманың ішкі ортасы – кәсіпорынның қызметінің барлық құрамын қамтитын өзінің экономикасы: өндірістік процестер, өнімді өткізу, қаржылық, материалдық және кадрлық қамтамасыздық, басқару жүйесі. Фирманың сыртқы ортасы – бұл кәсіпорынның ұлттық шаруашылықтың бөлігі ретінде қызмет атқаратын экономикалық, құқықтық және әлеуметтік ортасы. Кәсіпорын қызметінің нәтижелігі оның сыртқы ортасынан көрінеді. Сондықтан сыртқы ортаны шеберлікпен реттеп отырудың және оның кәсіпорынның ішкі құрылымымен үйлесімді байланысын қамтамасыз етудің маңызы зор. Сыртқы ортаға катысты беймәлім жайлар неғұрлым көп болса, тиімді шешімдер қабылдау да соғұрлым қиындай түседі. Кәсіпорынның сыртқы ортасы негізгі екі фактормен сипатталады: тікелей және жанама әсер ететін.
Бірінші, тікелей әсер ететін факторлар: мемлекет, жеткізуші, тұтынушы, бәсеке болып бөлінеді. Мемлекет — кәсіпорын үшін реттеуші, қорғаушы және басшылық етуші ролін атқарады. Сонымен қатар, ол: салық жеңілдіктерін белгілейді, субсидия (жәрдем), несиелер береді, нарыққа көшуді көздейтін экономикалық заңдарға бақылау жасайды, процент мөлшерін белгілейді, басқа да көптеген реттеу жұмыстарын жүзеге асырады. Ал жеткізуші — кәсіпорынның өндірістік кызметтеріне қажетті материалдық-техникалық ресурстармен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуші. Ол материалдық қорлардың бағасына, тауарлар мен шикізаттардың сапасына, сонымен қатар халыққа әртүрлі қызмет көрсетуге, қатысты келісім-шарттарға сүйене отырып ұтымды байланыстарды ұйымдастыруға міндетті.
Екінші, жанама әсер ететін факторлар: елдегі экономикалық хал-ахуал, техникалық немесе технологиялық, әлеуметтік (мәдени), саяси жағдай. Экономикалық хал-ахуал: экономикалық өсудің қарқыны, төлем балансы, жұмыспен қамту деңгейі болып бөлінеді. Төлем балансы — елдің белгілі бір уақыт ішінде сыртқы экономикалық операциялар балансын көрсететін маңызды статистикалық құжат. Ал жұмыспен қамту деңгейіндегі басты мәселе жұмыссыздық. Ол жұмыс істегісі келетін, еңбекке жарамды адамдардың өндірісте және басқа да қызмет орындарында жұмыспен қамтылмауы. Жұмыссыздық — нарықтық экономика жағдайында жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың арақатынасының көрсеткіші. Жұмыссыз қоғам мүшелерінің санын барған сайын азайтып, жұмыссыздық деңгейінің оңтайлы межеден аспауын қамтамасыз ету жолында іске асырылатын макроэкономикалық шаралар кәсіпорындар қызметінің оңалуына тікелей әсер етеді. Мәселен: салыққа қатысты жеңілдіктер беру, шектеу аясын тарылту.
Техникалық факторлар — кәсіпорынның атқарымдылығы, өзгерту, жетілдіру, қосымша мүмкіндіктер мен шектеу тенденцияларын қамтиды. Жоғары деңгейдегі технологиялармен жұмыс істейтін кәсіпорындар техниканың жаңа түрлерін әзірлеп, олармен өндірісті жабдықтаудың тиімді жолдарын басқаларға ұсынады. Өндірісті жаңа техникамен жабдықтаудың өнім өндіруде, оны дайындау мен тиімді сатуда, ақпарат жинауда, кәсіпорыннан тұтынушылардың қандай жаңа өнімдер мен қызмет түрлерін күтетіндігін анықтауда алатын орны ерекше.
Әлеуметтік факторлар — кәсіпорын белгілі бір мәдени ортада қызмет атқарады, оның қызметтерінің табыстылығына ел тұрғындарының: мәдениеті, тарихи ерекшеліктері, менталитеті мен әдет-ғүрыптары әсер етеді.
Саяси факторлар қоғамның саяси жағдайын жөне оның тұрақтылық деңгейін анықтайды. Бұл — мемлекеттің, заң органдарының және соттардың кәсіпорынмен қарым-қатынас барысында ұстанатын көзқарасы. Осы көзқарас: табысқа салық салу, салық жеңілдіктерін белгілеу, тұтынушыларды қорғау жөніндегі заңдарды әзірлеу, айналадағы ортаны қорғау, бағаға бақылау жасау, жалақыны реттеу мәселелерінде үкіметке ықпал етеді. Ал ішкі орта факторлары — тауарлар алмасуының жиынтығы. Бұған бартер, өтем келісімдері, тауар түрі, басқару құрылымы, кадр құрамы, және т.б. кәсіпорын өзі бақылау-реттеу жасай алатын жағдайлар жатады [1]. Жоғарыда айтылған барлық факторларды қарастыра келе мен еліміздің экономикасында нақты секторда қызмет жасайтын беделді компаниялардың бірі “Raimbek Group” компаниясын таңдап, оның ішкі және сыртқы ортасына үш түрлі талдау жасадым.
“Raimbek Group” компаниясы - Қазақстанда 1992 жылы шет елден тұрмыстық техника тауарларын сатумен айналысатын фирма негізінде қалыптасқан. Негізі холдинг қызметінің басты бағыттары - тамақ өнімдерін өндіру мен бөлшек сауда. 1998 жылы Алматы жеміс-консерві комбинатының базасында жаңа Raimbek Bottlers компаниясы құрылды: TetraPak фирмасының жабдықтарында шырындар мен құрамында шырыны бар сусындар өндірісі іске қосылды. Бүгінгі күні Raimbek Bottlers 5 тауар белгісінің шырындарын шығарады: Juicy, Junior, Frutta Mix, Palma және Fantan. Барлық өнімдер Қазақстан Республикасының тамақтану академиясымен мақұлданған және ұсынылған. Raimbek Bottlers компаниясы өз өнімдерін Ресейге, Орталық Азия елдеріне және Кавказға экспорттайды. Кейін компания өндіруші тауарларына сүт өнімдерін қосты. Оның ішінде Қазақстан нарығында танымал “Айналайын”, “Милоко” секілді сауда белгілері қойылған сүт өнімдері бар. Одан басқа компания жеміс-жидек өсіру («Alma Prodex»), Грузиядан елімізге «Borjomi» сусынын жеткізумен айналысады. Және де 2003 жылы “Raimbek Group” сыртқы нарыққа шықты. Көрші Қытайда қытай нарығы үшін шырын шығаратын Raimbek Food (XINJIANG)Co. Ltd компаниясы құрылды — ҚХР-да бұл 100% жеке капиталы бар алғашқы Қазақстандық кәсіпорын болды. Бірнеше жыл бұрын зауыт Қытай кәсіпкерлеріне сатылды. Жылдар бойы компания дамып, әлемдік брендке айналған алкогольді сусындарды жеткізумен де айналысуда. Тарихы 28 жылды құрайтын бұл компания еліміздегі ірі холдингтердің біріне жатады. Қазіргі күні компания Орта Азия, Ресей, Еуропа нарығына белсенді түрде шығуда[2]. Еліміздегі ең беделді 50 компания ішінде 39 орынға ие. Оның басшысы белсенді қоғам қайраткері Райымбек Баталов болып табылады.
Компания туралы барлық мәліметтерге сүйене отырып, оның ішкі және сыртқы ортасын бірінші SWOT-талдаумен талдадым.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет