Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
Факультеті «Ұстаз институты» Кафедрасы «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру»
СӨЖ
Тақырыбы: «Мектепке дейінгі мекемеде масса туралы түсінікті қалыптастыру» Орындаған: Мырзахметқызы Назерке Тобы:«Дов 21-01» Қабылдаған: Есеева Роза Тураровна
Тараз 2023ж. 1.Балалардың заттың массасын сенсорлық негізінде қабылдау ерекшеліктері. Заттардың қасиеттері және массасы бойынша бойынша балалардың сенсорлық. қабылдауының орны ерекше. «Масса» түсінігінің қалыптасуы балалардың «салмақтық сезінуінің» дамуына негізделеді. «Салмақтық сезінуінің» дамуында балалардың сенсорлық тәрбиесіне М.Монтессори ерекше көңіл бөлді. Балабақшада іс-тәжірибе барысында Ф.Н Блехер, Л.В.Глаголева, Е.И Тихеева, Ю.И. Фаусекғалымдары үлес қосты.
Балалардың заттармен іс-тәжірибелік процесі нәтижесінде массаны қабылдауы көру және қозғалыс анализаторының кмегімен жүзеге асрылады. Массаны қабылдау баланың әр түрлі ж ас кезеңдерінде әр түрлі болады.Мысалы, 2 жаста заттың массаын қабылдауы нашар дамыған.Оларда тек «ауыр» түсінігі қалыптасады. 3-4 жаста балалар масса жүйесінде сөздік қорына ауыр-жеңіл, үлкен-кіші, сөздері қалыптасады .5-6 жаста бала түсінігінде масса «салмақты сезінуіне» негізделеді. Әр түрлі жас кезеңдерінде дидакдикалық ойындар ойнатылады. Мысалы, «Таразыға қане. өлшейік!» «Таразыға салайық!»
2.Мектеп жасына дейінгі балаларды заттың массасын оқытудың кезеңдері. Бірінші кезеңде (орта топ) заттардың массасын сөздермен анық білдіру және ажыратуға үйрету қажет (ауыр-жеңіл, ауырырақ-жеңілірек), заттарды алақанда өлщеу арқылы салытыру және тексеру рационалды тәсілдерімен таныстыру.
Екінші кезеңде (орта және ересек топ) бірнеше заттар арасында қатынасты анықтауға үйрету, массасының өсу немесе кему ретінде тізбекке реттеп қою(сериационный тізбек құру).
Үшінші кезеңде (мектепке даярлық топ) балаларды жалпы қабылданған шамамен және массаны өлшеу тәсілімен таныстыру, бастапқы өлшеу білігін қалыптастыру.
Орта топ балалары салыстыру үшін үлгіні өлшеуіш ретінде қабылдайды; заттардың арасындағы масса бойынша қатынасты белгілейді: ең ауырын (жеңілін) таңдап, заттарды бірінің астына бірін берілген сапасы бойынша қояды.
Үш затты массасы бойынша салыстыруда, біреуі үлгі қызметін атқарады. Ретімен қою нәтижесі ауырырақ – жеңілірек сөзімен анықталады. Бұл тапсырманы орындаудың тиімді тәсілі үлгімен барлық заттарды салыстырып, осының негізінде олардың қайсысы жеңіл, қайсысы ауыр немесе бірдей екенін анықтау болып табылады.
Бала мұндай жұмыстың арқасында заттың көптеген белгілерінің арасынан массасын анықтап, оны жинақтай бастайды. Заттарды берілген белгілеріне байланысты реттеу және топтастыру үшін жағдай жасалып, осының өзі жұмыстың келесі кезеңі деп аталады.
Заттарды олардың массасына қарай өсу немесе кему ретімен қою, яғни реттеу, сериациялық ретпен орналастыруға байланысты тапсырмаларды орындауды орта мектеп жасына дейінгі кезеңде бастауға болады, бірақ көбінесе олар ересек топтарда орындалады.
Дайындық топта массамен ( салмақпен ) танысу екі жолмен жүзеге асырылады:
а) ойын кезіндегі және күнделікті өмірдегі масса туралы түсініктерін жинақтау;
ә) заттың белгісі ретіндегі масса туралы түсініктерін арнайы ұйымдастырылған жұмыс барысында қалыптастыру.
Ауыр және жеңіл заттардың айырмашылығын жұптастыру арқылы анықтау қарапайым есептердің бірі болып табылады. Сондықтан балаларды бір – бірінен массасы айтарлықтай ерекшелінетін екі затты салыстыруға үйрету керек. Салыстыру нәтижесін « ауыр – жеңіл » сөздерімен анықтайды. Тапсырманы орындау заттарды қолмен « өлшеу » арқылы жүзеге асырылады.
Әр қолға бірзаттан алып, алақанды таразы табақшалары тәрізді ұстайды.Содан соң қолмен таразы сияқты жоғары – төмен қозғап, затты «өлшеу» жұмысы жүргізіледі.Содан соң заттар бір алақаннан екінші алақанға ауыстырылып, бұл жағдай бірнеше рет қайталанады.Мұндай «тексеру» екі заттың арасындағы қатынасты дәл анықтауға мүмкіндік туғызыды.
Тәжірбие жинауына қарай реттеліп берілген белгілер қатарынан белгілі бір массадағы заттардың орнын таба алуға, әр элементтер қатарына массасы бойынша тең жұп таңдауға жаттығулар ұйымдастыру керек.Балаларды массасы бойынша заттарды ажырата алуға үйретуді есептік түсініктерін (неше ауыр (жеңіл) зат, бір қатардағы заттар ауырлығы бойынша неше әртүрлі зат екенін санау) дымытумен байланыстыру керек.Ары қарай массаның шартты өлшемдердің көмегіменқалай анықтауға болатынын көрсетуге болады (өлшегіш құрал орнына қандай бір зат (мысалы, текше, шарик, т.б.) алынады.Табақшалары бар таразыда шартты өлшегіш құралды пайдалана отырып, балалар « қолмен » салыстырып өлшеуге қарағанда, массасы бойынша теңдк немесе теңсіздікті дәл мөлшерлік көрсеткіштермен ( өлшем саны ) қоюды үйренеді.Бірдей затты өлшеу кезінде түрлі өлшемдер қолданып, сол өлшеммен түрлі заттардың массасын анықтай отырып, балаларды функционалдық тәуелдікпен (өлшенетін обьект массасы, өлшем массасы және алынған нәтиже арасындағы) таныстырады.Мұның бәрі балаларда масса туралы түсінік қалыптастырады және оларды жалпыға танылған тәсілдердің (өлшемдердің) көмегімен өлшеуге дайындайды.