XIV—XV ғасырлардағы мемлекеттердің құрылымындағы монғол дәстүрлерінің әсері
Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай ордасы этностық жағынан біртектес саяси құрылымдар еді. Олар ақсүйектердің мүддесін қорғайтын және қатардағымалшы мен отырықшы халықты қанауға мүмкіндік беретін мемлекеттер болды. Дегенмен монғолдар далаға біршама орталықтандырылған өкімет идеясын ала келіп, жаңа жағдайларға бейімделген дала заңдарын жасады. Мысалы, Орталық Азия мен Қазақстанның оңтүстігіндегі Масұдбектің ақша реформасы (1271 жылы), Кебек ханның реформалары (1321 жылы) мемлекетті орталықтандыруға бағытталды.
XIV—XV ғасырлардағы мемлекеттердің құрылымындағы монғол дәстүрлерінің әсері
Мемлекеттік кеңселерде түркі жазуы (ұйғыр жазуы) қолданылды. Халық арасында азшылық болған монғолдар XIII ғасырдың соңына қарай түркі тіліне кешіп, ислам дінінқабылдады. Осылайша монғолдар мұсылмандық (Шығыстық) мемлекеттілік дәстүрін көбірек қабылдағандығын аңғаруға болады.
XIV—XV ғасырлардағы Қазақстан аумағындағы мемлекеттер тікелей дербес қазақ мемлекеттілігінің құрылуының алғышарты болды. Қазақ мемлекетінің пайда болуы мен даму тарихы оның көпғасырлық дәстүрі мен терең тамыры болғандығын көрсетеді. Монғолдар жаулап алуынан кейін XIII—XV ғасырларда Қазақстан аумағында бірнеше мемлекет пайда болып дамыды және ыдырау кезеңін басынан өткізді. Бұл мемлекеттердің құрылу барысында жергілікті түркі тілдес халықтар елеулі рөл атқарды. Оны мемлекеттік құрылымның дәстүрлі түрлерінің, кейбір лауазымдардың сақталғанымен түсіндіруге болады