Оқыту нәтижелерін бағалау. Жоспарды жүзеге асырғаннан кейін оның нәтижелерін зерделейді.
Оқыту нәтижелерін бағалау. Жоспарды жүзеге асырғаннан кейін оның нәтижелерін зерделейді.
Оқыту нәтижелерін бағалау төмендегідей болуы мүмкін:
Пациент ақпаратты жақсы қабылдады және тиімді дағдыларды игерді(ақпараттың маңыздылығын және мағынасын түсінеді, мейірбике көмегінсіз дағдыларды орындай алады);
Пациент ақпаратты және дағдыларды толық меңгерген жоқ(көрсеткіштерді шатастырады,жауаптары мен іс – әрекеттерінде сенімсіз);
Пациент ақпаратты меңгере алмады немесе дағдылары дамыған жоқ.
Соңғы жағдайда мейірбике оқыту жоспарын дұрыс құрмаған, пациенттің күйін және оның қызығушылықтарын ескермаген , дұрыс мақсат қоя алмаған немесе орындалмайтын ,мүмкін емес оқу жоспарын құрған. Оқыту жоспарын толық қайта қарап шығу қажет. Қандай жағдай болмасын, мейірбике пациентке оқу жоспарының нәтижесін айту керек, себебі пациент алға қойылған тапсырмаларды қаншалықты сәтті орындағаны жайлы білуі қажет. Өз кезегінде пациент өзін қалай бағалайтыны да маңызды.
Өзін –өзі бағалау :
-адекватты, мейірбикенің бағалауымен бірдей болуы мүмкін;