Сөж тақырыбы: Педагогтің шығармашылық қызметіне жалпы сипаттама. Топ



бет4/6
Дата31.12.2021
өлшемі46,43 Kb.
#21999
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
3 тақырып

Мұғалім жұмысына тəн тағы бір ерекшелік — оның өзін жетілдіру, кəсіби өсу, алға ұмтылу жұмысын ұдайы тоқтатпауы қажет екендігі болып табылады. Тоқырау, тоқмейілсу оған мүлдем жат.

Педагогикалық мамандықтың ерекшелігі, сонымен қатар оның қызметінің мұғалім мен оқушының арасында өзара қарым-қатынастарының барысында жүзеге асырылатындығы болып табылады. Мұндай өзара əрекеттестіктің сипатын, ең алдымен, мұғалімнің өзі анықтайды, мұндай өзара əрекеттестіктің ең оңтайлы түрі — ынтымақтастық, педагогикалық процесс субъектілерінің бірлескен шығармашылығы болып табылады.

Педагогикалық мамандықтың тағы бір ерекшелігі: мұғалім дегеніміз — мəңгі жастықтың кəсібі. Өзінің жасы нешеде болса да мұғалім жеткіншек ұрпақтың мүдделерімен өмір сүреді, олармен араласу мұғалімнің өмір бойы өзін рухани тұрғыдан жас болып сезінуіне мүмкіндік береді.

Педагогикалық мамандықтың көптеген түрлерінің пайда болуына қарамастан, мектеп мұғалімі ең көп таралған мамандықтардың қатарында саналып келеді. Соңғы онжылдықтар белсенді түрде педагогикалық білім саласын XXI ғасыр талаптарына сай қайта ұйымдастыру жолдарын іздестіру үрдісімен сипатталып отыр. Педагогикалық мамандық — қазіргі уақыттағы ең белгілі мамандықтардың бірі, тіпті осы мамандық басқа да мамандықтарды анықтайды деп айтуға болады, өйткені еңбектің басқа түрлері арнайы ұйымдастырылған мақсатты педагогикалық қызметтің барысында меңгеріледі.

Ғылыми-техникалық революцияның қазіргі кезеңдегі ерекшеліктерінің бірі — қоғам өмірінің барлық салаларында жүргізіліп жатқан компьютерлендіру үрдісі болып табылады, бұның өзі кəсіби, оның ішінде педагогикалық мамандықта да түбегейлі өзгерістерге ұласады.

Білім беру саласын ақпараттандыру, білім беру жүйесінің барлық буындарында ақпараттық технологияларды пайдалануды көздей отырып, аса маңызды қажеттілікке айналып отыр. Ғалымдардың (В.А.Сластенин, В.М.Нестеренко) пікірі бойынша, «ақпараттық икемділіктер бірте- бірте дəстүрлі «еңбек дағдыларын» артқа қарай тықсыра түсуде, мұның өзі болашақ мұғалімнің жоғары оқу орнында оқи бастағанынан-ақ оның жаңа ақпараттық ортада бағдар таба білуге ұмтыла білуін талап етеді»



Қазақстан Республикасының нормативтік жəне тұжырымдамалық құжаттарына, педагогикалық мамандықтың дамуы мен жаңғыруына жəне қазіргі қоғамның өзгеру жағдайларында мұғалімдерді дайындау жүйесіне сəйкес неғұрлым ортақ үдерістердің қатарына мыналар жатады:

  • мектептердің алуан түрлеріне арнап мұғалімдер дайындауда дуализмді болдырмау, бұл ретте университеттер жоғары оқу орындарының негізгі түріне айналады, сонымен қатар мұғалім мамандығы басқа да мамандықтардың деңгейіне жақындай түседі жəне оның қоғамдағы ролінің артуына ықпал етеді;

  • балалар мен ересектерді оқыту ісіне қатысы бар мұғалімдер мен басқа да мамандардың ұзақтығы жағынан (бакалавр, магистр) əр түрлі жəне əр түрлі бағыттардағы бағдарламалар бойынша дайындалатындығын көздейтін педагогикалық мамандықтың көпдеңгейлілігі мен вариативтілігі, мұның өзі кəсіби мансапқа, оның ішінде еңбекке төленетін ақының мөлшеріне əсер етеді;

  • педагогикалық білімнің мазмұнындағы жалпы білім берушілік компонентті күшейту, бұл келесі талаптарға сай келеді: өзінің барған сайын күрделене түсетін функцияларын орындау үшін мұғалім жан-жақты жəне жоғары білімді, рухани тұрғыдан бай адам жəне басқа бір адамның табиғатын сезіне білетін тұлға болуы керек;

  • басқа бағдардағы мамандардың арасынан мұғалімдерді дайындаудың баламалы мүмкіндіктерін табу;

  • мұғалімдік мамандыққа дарынды жастарды тарту;

  • жоғары оқу орындарындағы жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процестерін кіріктіру, диплом алғаннан кейінгі білім алудың нысандары мен түрлерін икемді ете түсу, біліктілікті үздіксіз көтеруге ынталандыру əдістерін əзірлеу.

Жоғарыда аталған аспектілердің бір бөлігі қазақстандық мұғалімдердің практикалық өмірінде де педагогикалық қызметінде де іс жүзінде жүзеге аса бастағанын атап өткен жөн. Мысалы, бірыңғай тарифтік кестенің енгізілуіне байланысты мұғалімдер өзінің кəсіби біліктілігінің арқасында неғұрлым жоғары разрядтар мен біліктілік санаттарын алуға үміткер бола алатын болды, мұның өзі моральдық қанағаттанушылыққа ғана емес, материалдық деңгейде де оң əсерін тигізуде. Жас маман-мұғалімдер үшін еліміздің бірқатар аймақтарында лауазымдық жалақыға ауқымды өсімақылар белгіленген. Ауылдық жерлердің жас мұғалімдері де бірқатар жеңілдіктерді пайдаланады: ер мұғалімдер əскери қызметтен босатылады, тұрғын үй сатып алуға пайызсыз несиелер беріледі, жекеменшік тұрғын үй құрылысын салуға жер телімдері тегін беріледі, жұмыс орнына дейінгі жолақылары мен коммуналдық қызметтер үшін төленетін төлемақылары төленеді жəне т.б.

Білім саласындағы, атап айтқанда, кəсіби-педагогикалық саласындағы əлемдік үрдістерге жүргізілген талдау мұғалімнің педагогикалық кəсіпқойлығымен қатар, оның жеке басының қасиеттеріне де қойылатын талаптарды күшейте түсу қажет екендігін көрсетіп отыр.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет