Автомазмұн шебері ауыстырғышы таңдалса, жаңа презентация, белгілі тақырыпқа сәйкес мәтін және безендіру элементтері енгізіліп сақталған презентациялар тізімінен қажеттісін таңдап, сатылы түрде сұрақтарға жауап бере отырып құрылады. Бұл кезде презентация мазмұны автоматты түрде жасалады. Презентациялар шаблоны ауыстырғышы өз презентацияңызды бұрыннан безендіру элементтері сақталып қойылған шаблон түріне келтіріп дайындау мүмкіндігін береді. Бос презентация ауыстырғышы ешқандай мәтін енгізілмеген және безендіру элементтері пайдаланылмаған таза, бос презентация құру мүмкіндігін береді. Презентацияны ашу ауыстырғышы бұрын құрылып, сақталып қойылған презентацияны оқу мүмкіндігін береді. Бұл ауыстырғыш қосылғаннан кейін, ашуға қажетті презентация сақталған орынды көрсетуді талап ететін сұқбат терезе пайда болады.
Рамка қосу үшін 1.Образец слайдов қаттамасынан Разметка образца тобынан Вставить заполнитель өрісінің қасындағы бағыттағышты шертіп рамканың қажеттісін таңдаңыз. 2.Макет өрісін шертіп рамканы созыңыз. 3.Microsoft Office батырмасын басып, содан кейін Сохранить как басыңыз. 4.Имя файла өрісінде файл атын енгізіңіз немесе үнсіз келісім бойынша бұрынғы атауын қалдырыңыз. 5.Тип файла тізімінен Шаблон PowerPoint таңдаңыз содан кейін Сохранить басыңыз.
Слайдқа мәтін, сурет, графиктар енгізу. Шаблон көмегімен немесе бос презентацияны құру командалары орындалған соң, Слайд құру сұқбат терезесі ашылады. Осы сұқбат терезесінде слайдтарға мәтін, сурет, графикалық обьектілер, диаграммалардың орналасу схемасын таңдай аламыз. Қажетті схеманы таңдап ОК батырмасын басамыз. Экранда слайд пайда болады. Енгізу – Сурет командасын орындап : Картинкалар – Microsoft Clip Gallery обьектілерін; Файлдан – файл түрінде сақтаулы тұрған суреттерді; Автофигуралдар - әртүрлі автофигуралар; Бірнеше тармақтан тұратын диаграмма, WordArt обьектілерін, сканерден көшірме енгізу мүмкіндігі бар.
Слайд элементіне анимациялық эффектілер қосу үшін, Слайдты көрсету – Анимация қосу командасын орындаймыз. Осы кезде Анимация қосу сұқбат терезесі ашылады. Бұл сұқбат терезесінде слайдтың әрбір элементіне анимация қосу, дыбыстық эффект беру, осы элементтердің пайда болу уақыты мен ретін ауыстыру және анимациядан кейін түсін өзгерту немесе басқа эффект беру әрекетін орындай аламыз. Сұқбат терезесінен Уақыт ішкі бетіне көшеміз де, Анимация жоқ обьектілер тобындағы қажетті элементті белгілеп, Қосу батырмасын шертеміз. Слайдтың барық элементеріне анимация қосу үшін олардың әрқайсысын Ctrl пернесін басып тұрып белгілейміз немесе жеке жеке жоғарыда айтылған әрекетті қайталаймыз. Ішкі командалары: Колекциядағы кино, Файлға сақталған кино. Коллекциядағы дыбыс. Колекциядағы кино немесе Колекциядағы дыбыс командалары орындалса, Microsoft Clip Gallery сұқбат терезесінің, сәйкес Бейне немесе Дыбыс ішкі беттері ашылады. Қажетті бейнеклип немесе дыбыс шарт белгісін ерекшелеп Енгізу батырмасын шерту арқылы, оны слайдқа енгізе аламыз.