Сөж тақырыбы: «Термодинамиканың негізгі заңдары мен теңдеулері»



бет9/9
Дата06.01.2022
өлшемі351,11 Kb.
#13950
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1)Термодинамиканың негізгі заңдары мен теңдеулері

энтропия деп аталады. Толық жүйе үшін оның күйінің ықтималдығы:
(28)
Жүйенің энтропиясын былайша анықтаймыз:

(29)
Егер жүйе күйінің өзгерісі тек қана бір әдіспен жүзеге асатын болса, онда оның ықтималдығы N=1, энтропиясы болады. Оқшауланған жүйеде қайтымсыз процесс кезінде жүйенің энтропиясы артады. Сонымен қатар оқшауланған жүйеде процестер энтропия артатын жаққа қарай бағытталады:
(30)
Дербес жағдайда жүйеде өтетін процестердің барлығы да қайтымды болғанда энтропия өзгермейді:

Ең соңғы 2 өрнектерге сәйкес термодинамиканың екінші бастамасын басқаша тұжырымдауға болады: қарастырылып отырған процестер қайтымды болса, онда энтропия өзгермей тұрақты болады, ал қайтымсыз процестер үшін ылғи артып отырады:


(31)
Бұл Клаузиус теңсіздігі деп аталады. Кез келген қайтымды тұйық процестер үшін келтірілген жылу мөлшерінің жалпы қосындысы нөлге тең:
(32)
Бұдан бұл интеграл процестің жүріп өтетін жолына тәуелді болмайтындығын көреміз. Сонымен энтропияның өзгерісін мына формула арқылы анықтаймыз:
(33)
Энтропия, энергия сияқты жүйе күйін сипаттайтын шама болып табылады. Энтропия Дж/(моль*К)-мен өлшенеді. Егер тепе-тең жағдайдағы жүйе 1 күйден 2-күйге өтетін болса, онда энтропияның өзгерісі:
(34)
Яғни, бұл айырма 1 және 2-күйлердің арасында өтетін кез келген қайтымды процесте жылудың келтірілген мөлшерінің қосындысына тең болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет