Сөж тақырыбы: Урбанизация, модернизация процестерінің қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге, қоғамның дамуына әсері Орындаған: Арапбай А. Тексерген:Әлеуметтану ғылымдарының докторы Садырова М. Урбандалу



бет3/3
Дата05.04.2023
өлшемі20,23 Kb.
#79765
1   2   3
Байланысты:
Арапбай Ақбота.Әлеуметтану

Модернизация(франц.-жаңғырту) - артта қалған елдердің алдыңғы қатардағы елдердің деңгейіне жетуге бағытталған мемлекеттің саясаты.

Модернизация мақсаты – белгілі бір жетістік пен табысқа жету. Мұнда нарық пен азаматтық қоғам қағидаларына негізделген әлемдік экономика стандарттарына жету міндеті қойылады.


Модернизация теориясының классиктері: О. Конт, К. Маркс, М. Вебер, Г. Зиммел, Ф. Теннис, Э. Дюркгейм, Т. Парсонс болып табылады. Бұл аталған ғалымдардың ұсынған модернизацияның классикалық теориялары мен еңбектері мыналар:


1 О. Конт, «адамзат дамуындағы үш кезең» идеясы;


2 К.Маркс, «тарихи материализм» теориясы ;


3 М. Вебер, «рационализация» (ұтымды ету) теориясы;


4 Г. Зиммел, «абстракция» теориясы;


5 Ф. Теннис, «қауымдастық» және «қоғам» туралы теориялар;


6 Э. Дюркгейм, «механикалықтан органикалық ынтымақтастыққа өту» теориясы;


7 Т. Парсонстың «әлеуметтік жіктеу рөлін талқылау» идеясы.


Модернизациялау үдерісін зерттеп, сипаттауға қажетті саяси дамудың әртүрлі тұжырымдамалары бар. Олар: 1 «модернизация»; 2 «даму»; 3 «артқа қалу»; 4 «тәуелділік».


Демократиялық мордернизацияның өзіндік, қазақстандық жолын Н.Ә. Назарбаев ұсынды: «Халықтың көпшілігі қолдаған қазақстандық жол – сызбаны көз жұма көшіре салу емес, өзіндік жолды іздеуге ұмтылу. Мұнда біз басшылыққа алатын басты қағида – қан мен хаосқа толы демократия бізге керек емес. Біздің демократиямыздың негізі – саяси, әлеуметтік және халықаралық тұрақтылық».




Қазақстан Республикасындағы саяси модернизация. Еліміздегі саяси жаңғырту мен даму стратегиясының негізгі бағыттары «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу және даму стратегиясы» (1992 ж.), «Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтар-дың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» стратегиялық бағдарламасы (1997 ж.), «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»(2012 ж.) сияқты бағдарламаларда айқындалған. Сонымен бірге, еліміздің саяси даму бағыттары ҚР Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған жолдауларында және Қазақстан халқы Ассамблеясының отырыстарында сөйлеген сөздерінде жан-жақты талданып, одан әрі дамыту жолдары ұсынылып отырылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет