Зейіннің физиологиялық механизмдері Зейіннің физиологиялық тетіктер арқылы қажетті де мәнді әсерлерді таңдауы белсенді ми қызметінің және жалпы тәннің сергектігі арасындағы байланысынан болады.
• Адамның сергектік деңгейінің оның сырт кейпін бақылай танумен бірге мидағы әлсіз тоқ қуатын анықтайтын электроэнцефаллограф (ЭЭГ) аппараты арқылы да білуге болады. Әдетте, сергектік 5 күйде көрініс беретіні дәлелденген: терең ұйқы, қалғып-мүлгу жағдайы, сабырлы сергектік, белсенді сергектік, шектен тыс сергектік. Тиімді зейін тек сабырлы және белсенді сергектік жағдайында болуы мүмкін, ал басқа кейіп кездерінде зейін сапасы кеміп, кейбір қызметтерін ғана орындауы ықтимал.
А.Ухтомский мен И.Павлов ілімдері
• Қызықты да жауапкерлі жұмысқа шомған оқушылар кенет иесік ашылудан, жұмыстарын қоя салып, назарын есік жаққа иеріксіз аударады.Бұл рефлексті И.П.Павлов «немене?»
рефлексі деп атаған.
• Зейін механизмдерінің іске қосылуында бағдарлаушы рефлекстің рөлі өте күшті. Бұл құбылыстың негізі-адамдар мен жануарлар ағзасының сыртқы орта өзгерістеріне сай тума қалыптасқан жауап бере алу қабілеті.
Зейіннің таңдамалылығы ағзада болып тұратын күрделі процесстермен байланысты. Әдетте, қоршаған орта арасынан қажетті әсерлерді саралап алуда екі топ ағза тетіктері іске осылады:перифериялық (шеткі) және орталық. Перифериялық механизмдерге сезім (түйсік) мүшелерінің икемдесу әрекеті жатады.
• Әлсіз дыбысты ұғуға орай адам дыбыс шыққан тарапқа мойнын бұрады, сонымен бір уақытта сезімталдығын күшейту үшін тиісті бұлшық еттер құлақ жарғағын кереді. Ал күшті дыбысқа
жарғақ кернеуі босаңсып, миға өтетін жағымсыз әсерді басады.
• Зейіннің орталық тетіктері бір жүйке ошақтарының қозуына байланысты басқа жүйе көздерінің тежелуі негізінде іске қосылып барады. Туындау әсері күшті болған қозу өзімен бір уақытта жүріп
жатқан әлсіз процессті басып, психикалық іс-әрекеттің бағытбағдарын айқындап отырады.
• Зейіннің физиологиялық негіздерін айқындауда доминанта принципі (А. А. Ухтомский) де жетекші мәнге ие. «Доминанта» түсінігі нақты бір мезетте жүйке орталықтарының қызметіне
ықпал жасап, уақытша үстемдік етумен психикалық болмысқа бағыт-бағдар теретін қозу ошағын білдіреді. Доминантаның ерекшеліктеріне байланысты жүйке жүйесіне беріліп тұрған
импульстер бірігеді әріжинақталады, сонымен бірге басқа орталықтардың белсенділігі шектеліп, қозу ошағының әрекеті күшейе түседі. Үстем қозу көзінің пайда болуына тек тітіркендіргіштің күші ғана емес, бұрын болған әсерлердің және жүйке байланыстардың өткен тәжірибеден қалыптасқан іздері де негіз бола алады.
Қорытынды • Біздің барлық психикалық өмірімізде зейін үнемі орын алады. Сондықтан зейін сапасының жақсы болуы- адамның барлық ісінің табысты болып орындалуының міндетті шарты.
• Сонымен, қандай да бір затқа зейін қоюымыздан, ол зат біздің санамыздың төрінен орын теуіп, қалған дүние деректерінің бәрі сана аймағының шектеріне ығыстырылады. Осыған орай зейін аударылған заттың санамыздағы бейнесі нақты айқындалып, ол жөніндегі елестер мен ойлар іс-әрекет мақсатына жеткенше, санамызда бекіген халде сақталады.
• Мен өз жұмысымды Т. Тәжібаевтың мына сөзімен еяқтағым келеді: «…Егер зейін болмаса, заттарды, құбылыстарды жақсылап, толығырақ, ашығырақ қабылдауға, оларды санамызға сәулелендіруге болмас еді».
Қолданылған әдебиеттер: • Сәбет Бап- Баба, Жалпы психология,Алматы-2005ж,Дарын баспасы
• Қ. Жарықбаев, Әдеп және жантану, Алматы1996ж,Атамұра баспасы
• Л. Д. Столяренко, Основы психологии, Ростов-на-Дону, 2007г, Феникс
• Қ. Жарықбаев, Психология, Алматы-1994ж, Білім баспасы