Сөж тақырыбы:Өлшеу қателігі. Зерттеуді бағалаудағы жүйелік қателердің мүмкін типтері. Орындаған



бет1/5
Дата22.01.2023
өлшемі0,6 Mb.
#62244
  1   2   3   4   5
Байланысты:
БӨЖ Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру (копия)

СӨЖ


Тақырыбы:Өлшеу қателігі. Зерттеуді бағалаудағы жүйелік қателердің мүмкін типтері.
Орындаған:Нодтра Каримова(Бобохонова)
Топ:ЖФЗ-911
Қабылдаған: Туйебаев М
 

I.Кіріспе

I.Кіріспе

II. Негізгі бөлім

  • А) Қателіктердің мүмкін типтері
  • Б) Аспаптардың абсолютті және салыстырмалы қатесі
  • С) Зерттеу барысында мүмкін болатын жүйелік қателіктерді
  • бағалау
  • Д) Белгілердің әртүрлілігін өлшеу
  • Е) Вариация коэффициенті
  • ІІІ. Қорытынды

    IV.Қолданылған әдебиеттер

     

Кіріспе

  • Өлшеу- арнайы техниқалық құралдардың көмегімен тәжірибе арқылы физикалық шаманың мәнін табу.Физикалық шаманың шын мәні – берілген объектінің мөлшерлі түрдегі және сапасы жағынан қасиетін бейнелейтін идеалды мәні. Ол біздің сана сезімімізге тәуелді емес, идеалды шама болып табылады. Тәжірибеде бұл абстракталы ұғымды “ақиқат шама” деген шамамен алмастырған жөн. Физикалық шаманың нақты мәні – бұл тәжірибеден алынған және мақсатқа сай сол бір керекті шын мәнге жақын шама болып табылады. Өлшеу нәтижесі - өлшеу жолымен алынған шаманың шын мәнін өзінше жуықтап бағалау.“Қателік” деген ұғым “өлшеу нәтижесінің қателігі” және “өлшеу құралдарының қателігі” деген түсініктемелерден тұратын метрологияның ең маңызды мәселесі.

Негізгі бөлім

  • Өлшеу нәтижесінің қателігі – ол өлшеу нәтижесі Х пен өлшенетін шаманың ақиқат (немесе нақты) мәні Q арасындағы айырымы: = X – Q (4.1)Ол өлшенетін шама мәнінің анықталмау шегін көрсетеді. Өлшеу құралдарының қателіктері – ол ӨЖ көрсеткіштері мен өлшенетін ФШ-ның айғақты (немесе нақты) мәндері арасындағы аралықты көрсетеді.

Әсер ету сипаты бойынша қателік түрлері


Кездейсоқ қателік – қандай да бір ФШ-ны бірдей жағдайларда ұқыпты түрде қайталап өлшеу кезінде кездейсоқ түрде (таңбасы мен мәні бойынша) өзгеретін өлшеу нәтижелерінің бір құрамы болып табылады. Мұндай қателіктер пайда болған кезде ешқандай заңдылыққа жүгінбейді, ол бірдей шамаларды қайталап өлшеу нәтижесінің түзету жолы арқылы жоя алмаймыз, бірақ оларды бақылау санын жоғарлату жолымен азайтуға болады.

Жүйелі қателік – бірдей ФШ-ны кайталап өлшеу кезінде тұрақты түрде қалатын немесе ережелерге сәйкес өзгеретін өлшеу нәтижелерінің құрамы болып табылады. Оның ерекшелігі - олар алдын ала болжанып табылады және осыған байланысты құраушы түзетпелерді енгізе отырып, толығымен жойыла алады

Прогрестенуші (дрейфтік) қателік – бұл уақыт бойынша жәй өзгеретін, алдын ала болжанылмайтын қателік.Прогрестенуші қателіктердің ерекше қасиеттері: олар тек берілген уақытта ғана түзету арқылы көшіріле алады да, кейін алдын–ала болжанбай өзгере береді; прогрестенуші қателіктердің уақыт бойынша өзгеруі - тұрақсыз кездейсоқ прогресс, сондықтан да тұрақты кездейсоқ процесстердің жақсы өңделгені теория негізінде тек белгілі ескертпелер арқылы беріледі.

Дөрекі қателік (қате жіберу) – бұл өлшеу қатарына кіретін жеке бақылау нәтижесінде алынатын кездейсоқ қателік, ол берілген шарттарда осы қатардың басқа нәтижелерінен лезде ерекшелене алады. Олар, ереже бойынша, оператордың қателігі немесе дұрыс емес әрекеттерінен (оның психофизиологиялық жағдайы, дұрыс есептемеуі, жазба немесе есептеуде кеткен қателіктер, аспаптарды дұрыс қоспауы немесе олардың жұмыс кезіндегі бөгеттер және т. б.) пайда болады.

Өрнектеу тәсілі бойынша қателіктер


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет