Кессон ауруының патогенезі:Терең суга сүңгігенде, теңіз, мүхит суларының астында жұмыс атқарғанда адам организміне жоғары барометрлік қысым (гипербария) әсер етеді. Әрбір 10,3 м. су асты тереңдікте барометрлік қысым 1 атмосфераға көтеріледі. Қалыпты атмосфералық қысымнан жоғары барометрлік қысымға тез ауыс-қанда дененің қысылуы (компрессиясы) болады. Ол, әсіресе дене қуыстарында байқалады. Сондықтан құлақтың жарғағын ішіне қарай қысып, Евстахий түтігі бітелген жағдайда, құлақ ішінде қатты шаншып ауыру сезімін туындатады. Шеткері қан тамырлары қысылып қалғандықтан ішкі ағзалар қанға толып кетеді. Тым үлкен тереңдікке өте тез ауысу кезінде қан тамырлары мен өкпе ұяшықтары жыртылып кетуі мүмкін. Содан ауа эмболиясының дамуына қолайлы жағдай пайда болады.
Барометрлік қысым көтерілгенде организмдегі газдардың сұйықтарда еру қабілеті көтеріледі. Оны сатурация дейді. Азот әсіресе май тінінде жақсы ериді. Липидтер мида көп болғандықтан онда еріген азоттың мөлшері көбейеді. Сондықтан орталық жүйке жүйесінін қызметі ерте бұзылады. Бүл кезде көңіл-күйдің шаттануы тез терең ұйқыға 38 (наркозга) ауысады. Артынан азоттың жүйке жүйесіне улы әсері болып, бас ауыруы, бас айналуы, зерденің бүлінуі, жүйкелік-еттік үйлесімділіктің бұзылуы, естен тану дамиды.
Бұл дерттік құбылыстардан сақтандыру үшін терең су астында істейтін жұмысшылар азоттың орнына гелий мен оттегінің қосындысымен дем алатын аспапты қолданулары қажет. Гелий жүйке тіндерінде азот сияқты ерімейді және ол, организмге улы әсер етпейтін, бейтарап газ болып есептеледі. Терең су астынан адамды жоғары шығарғанда барометрлік қысымның әсері азайып, декомпрессия дамиды.
Бұл кезде адамды тез қалыпты атмосфералық қысымға шығарудан декомпрессиялық немесе кессондық ауру дамиды. Оның дамуы жоғары барометрлік қысым әсер еткендегі организм сұйықтарында еріген газдар тез жоғары көтерілгенде газ күйіне қайта ауысып, қаннан өкпе арқылы сыртқа шығарылып үлгермейді. Сондықтан бұл газдар қан тамырларының ішінде қалып, газдық эмболия дамуына әкеледі. Эмболдар ішкі ағзалардың тамырларында тұрып қалуынан олардың қызметтері бұзылады. Мидың, жүректің тамырлары бітелуінен адамның өліміне әкелуі мүмкін.
Ауыр жағдайларында клиникалық көріністері декомпрессия кезінде немесе одан кейінгі алғашқы минуттарда, ал жеңіл түрлерінде алғашқы симптомдары әдетте кешірек 2-4 сағаттан кейін немесе 12-24 сағаттан кейін және оданда кеш пайда болады. Егер жеңіл түрінде теріде қышу («кессонды қышыма»), теріде бөртпе, бұлшық еттік және буындық аурулар, жалпы дегбірсіздік, пулбс пен тыныстың жиілеуі, ал декомпрессионды аурудың ауыр түрінде бұлшық еттерде, буындарда, сүйектерде ауырсыну, кеудедегі ауырсыну, аяқ қолдардың салдануы, тыныс пент қан айналымның бұзылыстары, естен тану байқалынады. Қан айналымның жақсы жүруіне байланысты, бас миының зақымдануы сирек кездеседі. ОНЖ пайда болатын өзгерістер қан айналыммен тыныс қызметтерінің бұзылыстарына байланысты. Аурудың орташа ауырлық дәрежесі ішкі құлақтың, асқазан ішек жолдарының, көру ағзасының зақымдануымен жүреді, бұл кезде ең алдымен Менбер синдромы дамиды.
Декомпрессиялық зақымданудың жеңіл түрінің клиникалық көріністерінсіз қайталануы сүлелі зақымданулардың түзілуіне әкеледі. Созылмалы кессонды аурудың екі түрін ажыратады:
1. біріншілік созылмалы түрі — баяу дамиды, симптоматикасы аз, диагностикасы өте қиын, деформирлеуші остеоартроз дамиды.
2. екіншілік созылмалы түрі – жедел кессонды аурулардың нәтижесінде пайда болған патологиялық ығысулардың комплекстері, Меньер синдромы мен аэропатиялық миелозом түрінде көрінеді.
Созылмалы түрінде газды эмболдар басы сүйекте орналасып, нәтижесінде деформирлеуші остеоартрозға әкеледі (негізінен жамбас сан және иық буындарының).
Емі: патологиялық процестің дамуын анықтайтын, қайтадан көтерілген қысым нәтижесіндегі қанықпаған тіндердегі индеферентті газдар мен газ көпіршіктерін шегеру мақсатында, емдік рекомпрессияны жүргізу кессондық ауруларының барлық түрлеріндегі негізгі емдеу әдісі болып табылады. Рекомпрессияны неғұрлым ерте бастаса, оның нәтижесі де тезірек болады және клиникасы мен емнің болжамы қолайлы болады.
Рекомпрессияны арнайы «емдік шлюзде жүргізеді» , ол екі жартыға бөлінген горизанталды орналасқан цилиндрден тұрады. Кіреберіс және негізгі камера. Рекомпрессия кезінде «емдік шлюзде» қысымды бірден жоғарлатадыда баяу шлюзден шығарып отырады.
ҚОРЫТЫНДЫ:
Қалыпты атмосфералық қысым 1013 гПА(760 мм.сын.бағ.) құрайды. Ағзадағы сұйықтық пен газдағы қысымға сәйкес келуіне байланысты қалыпты жағдайларда адам қоршаған ортаның қысымын сезбейді.
Кессондық (декомпрессиондық) ауру. Жоғарғы қысымды камераларда емдеулер мен операциялар кезінде, кессонды жұмыстағы, су асты жүзулері кезінде, су асты үйлеріне түсу кезіндегі өндірістік орындардағы адамдар жоғары газ қысымының әсеріне душар болады.
Декомпрессиялық (кессон ауруы) ауру декомпрессия процесі кезінде немесе одан кейін (жұмысшылардың кессоннан шығуы кезінде), сонымен қатар одан кейінгі біраз уақыттан кейін пайда болуы мүмкін. Аурудың пайда болуы баяу декомпрессияның жетіспеушілігі кезіндегі ағзаның сұйық ортасының инертті газдармен (азот, гелий және т.б.) қанығуы жүрмейді олар жоғары қысымның әсерінен көп мөлшерде еріп кеткен, ол тіндер мен сұйықтық орталарындағы бос газ көпіршіктерінің түзілуіне әкеледі және талмасу процестерінің , аэроэмболияның бұзылуына әкеледі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Қазақ энциклопедиясы
↑ О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0
Әмірбекова А.А. “Кәсіптік аурулар бойынша дәрістер”, Алматы – 2005
Артамонова В.Г.,Шаталова Н.Н. “Профессиональные болезни”, Москва – 1988
Жұмаділова З.К., Қапанова Г.К., Селғазина М.Б. “Кәсіптік аурулардың диагностикасы және емі”, Семей – 2009
Достарыңызбен бөлісу: |