Сөж тақырып: Cиретілген ауаның және жоғары атмосфералық қысымның ағзаға әсері. Кессон ауруы Орындаған: Итен Балнур Тексерген: Мукатаева Ж. М



бет2/3
Дата08.04.2023
өлшемі0,76 Mb.
#80617
1   2   3
Байланысты:
Итен Б КЕССОН АУРУЫ

Кессон ауруы, декомпрессиялық ауру – су астындағы жоғары атмосфералық қысымнан, су бетіндегі қалыпты атмосфералық қысымға жедел көтерілген кезде адам организмінде байқалатын патологиялық жағдай. Кессон ауруымен су астына сүңгушілер, су асты жұмыстарын арнайы жәшік – кессон ішінде атқаратын адамдар және ұшқыштар ауырады. Кессон ауруының өрбуіне адам организмінің ұлпалары мен қанында, негізінен, азоттың, кейде көмірқышқыл газдың бос көпіршіктерінің пайда болуы әсер етеді. Адам организмінде 1 л-ге жуық еріген азот (оның 40 мл-ге жуығы қанда) болады. Судың әрбір 10,3 м тереңдігіне сүңгіген сайын, қысым 1 атм-ға артады. Осыған сәйкес организмдегі еріген азоттың мөлшері де көбейеді. Кессон ауруының белгісі мен түрі газ көпіршіктерінің мөлшері мен орналасу орнына байланысты. Кессон ауруы кезінде бұлшық еттер мен буындар ауырады, тері қышиды, адамның көкірегі қысылып, тұншығады. Қан тамырларындағы көпіршіктердің жиналуына байланысты қан айналу жүйесінің қызметі бұзылып, сүйек сырқырап, бұлшық еттер жансызданады, терінің кейбір аймақтары қанталап ісінеді, буындар қабынып, артрит дамиды. 90 – 100 м, кейде одан да төмен тереңдікте сүңгушінің организмі азотпен уланады. Уланудың белгісі: адам көп сөйлеп, өзінен-өзі күліп сандырақтай бастайды. Кессон ауруының белгілері сүңгуір су бетіне жедел көтерілгеннен кейінгі 30 мин-тен 3 сағаттың аралығында дамиды. Ауру белгілерінің пайда болу мерзімі неғұрлым қысқа болса, соғұрлым аурудың өтуі ауыр болады. Кессон ауруының жеңіл, орташа, ауыр және созылмалы түрлері ажыратылады. Кессон ауруының әр түрлі деңгейде дамуына адамның жасы, денедегі май клетчаткасының мөлшері, тірек-қимыл мүшелерінің физиол. жағдайы, ас қорыту жүйесінің қызметі т.б. факторлар өз әсерін тигізеді. Оның ауыр түрі адамды өлімге душар етеді. Ұшқыштарда Кессон ауруы 8000 м биіктіктен жоғары көтерілген кезде байқалады да, сүңгушілер мен кессоншыларға қарағанда жеңіл өтеді. Ұшақ 7000 – 6000 м-ге төмендегенде ауру белгілері жоғала бастайды. Кессон ауруын емдеу үшін: ең алдымен ауру адамды жатқызып, мүмкіндігінше тыныштандырған жөн; таза оттекпен тыныс алдырып, арнайы камераларда рекомпрессия процесін жүргізу қажет. Аурудың алдын алу үшін сүңгушілер мен кессоншыларды, ұшқыштарды мезгіл-мезгіл мед. бақылаудан өткізіп тұру; егер организмде азоттың мөлшері артық болса, одан арылту (десатурация) қажет; сондай-ақ, сүңгушілер мен кессоншыларды тереңнен су бетіне баяу, бір қалыпты көтерілуін қадағалау керек. [1][2] Кессон ауруы, декомпрессиялық ауру – су астындағы жоғары атмосфералық қысымнан, су бетіндегі қалыпты атмосфералық қысымға жедел көтерілген кезде адам организмінде байқалатын патологиялық жағдай. Кессон ауруымен су астына сүңгушілер, су асты жұмыстарын арнайы жәшік – кессон ішінде атқаратын адамдар және ұшқыштар ауырады. Кессон ауруының өрбуіне адам организмінің ұлпалары мен қанында, негізінен, азоттың, кейде көмірқышқыл газдың бос көпіршіктерінің пайда болуы әсер етеді. Адам организмінде 1 л-ге жуық еріген азот (оның 40 мл-ге жуығы қанда) болады. Судың әрбір 10,3 м тереңдігіне сүңгіген сайын, қысым 1 атм-ға артады. Осыған сәйкес организмдегі еріген азоттың мөлшері де көбейеді. Кессон ауруының белгісі мен түрі газ көпіршіктерінің мөлшері мен орналасу орнына байланысты. Кессон ауруы кезінде бұлшық еттер мен буындар ауырады, тері қышиды, адамның көкірегі қысылып, тұншығады. Қан тамырларындағы көпіршіктердің жиналуына байланысты қан айналу жүйесінің қызметі бұзылып, сүйек сырқырап, бұлшық еттер жансызданады, терінің кейбір аймақтары қанталап ісінеді, буындар қабынып, артрит дамиды. 90 – 100 м, кейде одан да төмен тереңдікте сүңгушінің организмі азотпен уланады. Уланудың белгісі: адам көп сөйлеп, өзінен-өзі күліп сандырақтай бастайды. Кессон ауруының белгілері сүңгуір су бетіне жедел көтерілгеннен кейінгі 30 мин-тен 3 сағаттың аралығында дамиды. Ауру белгілерінің пайда болу мерзімі неғұрлым қысқа болса, соғұрлым аурудың өтуі ауыр болады. Кессон ауруының жеңіл, орташа, ауыр және созылмалы түрлері ажыратылады. Кессон ауруының әр түрлі деңгейде дамуына адамның жасы, денедегі май клетчаткасының мөлшері, тірек-қимыл мүшелерінің физиол. жағдайы, ас қорыту жүйесінің қызметі т.б. факторлар өз әсерін тигізеді. Оның ауыр түрі адамды өлімге душар етеді. Ұшқыштарда Кессон ауруы 8000 м биіктіктен жоғары көтерілген кезде байқалады да, сүңгушілер мен кессоншыларға қарағанда жеңіл өтеді. Ұшақ 7000 – 6000 м-ге төмендегенде ауру белгілері жоғала бастайды. Кессон ауруын емдеу үшін: ең алдымен ауру адамды жатқызып, мүмкіндігінше тыныштандырған жөн; таза оттекпен тыныс алдырып, арнайы камераларда рекомпрессия процесін жүргізу қажет. Аурудың алдын алу үшін сүңгушілер мен кессоншыларды, ұшқыштарды мезгіл-мезгіл мед. бақылаудан өткізіп тұру; егер организмде азоттың мөлшері артық болса, одан арылту (десатурация) қажет; сондай-ақ, сүңгушілер мен кессоншыларды тереңнен су бетіне баяу, бір қалыпты көтерілуін қадағалау керек. [1][2]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет