Сөж тақырып: «Ерте жастағы балаларда заттық іс-әрекетінің даму ерекшеліктері»


Ерте жастағы іс-әрекет дамуының кейбір ерекшеліктерін қарастырамыз



бет2/3
Дата25.03.2022
өлшемі20,86 Kb.
#28724
1   2   3
Байланысты:
erte jas sój Quttymuratova Symbat

Ерте жастағы іс-әрекет дамуының кейбір ерекшеліктерін қарастырамыз:

• Балада әлеуметтік білік қалыптасады.

• Әрекет процедурасын орындауда қажеттіліктің ұйымдасады. Оған қажеттілік пен тазалық жатады.

• Бала іс-әрекет тәрбиесінің ережелерін меңгереді.

• Балада жеке өзіндік сапалық қасиеттер қалыптасады.

Баланың психикалық дамуына заттық әрекеттердің дамуы едәуір дәрежеде әсер етеді. Нәрестелік жасқа тән қимылдық іс-әрекет ерте сәбилік шақта заттық іс-әрекетпен аламасады. Заттық іс-әрекеттің дамуы заттармен жұмыс істеудің қоғам жасап шығарған тәсілдерін игерумен байланысты болады. Адам үшін заттардың бекітілген, тұрақты маңызы бар.Ерте сәбилік шақтың соңына қарай (үш жасқа қарай) іс-әрекеттің жаңа түрлері қалыптаса бастайды. Олар осы жас шегінде кең жайылған формаға жетеді және біртіндеп психикалық дамуды анықтай бастайды. Бұларға ойын мен жемісті іс-әрекет түрлері сурет салу, мүсіндеу, конструкциялау жатады. Іс-әрекеттің бұл түрлерінің болашақта мәнді олатынын ескеріп, олардың ерте сәбилік шақта қалыптасуына жағдайлар жасау қажет.

Заттық іс-әрекеттен алынып жинақталған әсерлер баланың тілін дамытудың негізі болады. Сөздің артында ақиқат дүниенің бейнелері тұрған жағдайда ғана, сол сөзді игеру жемісті болады. Сөйлеуді игеру нәрестелік шақтан – ақ басталған қарым-қатынас қажеттілігінің әрі қарай дамуына байланысты жүзеге асады.Ерте сәбилік шақ тілді дамыту үшін өте сезімтал (сензитивті) кезең болып табылады: нақ осы кезде сөйдеуді игеру аса тиімді өтеді. Егер бала қайсыбір себептермен осы жылдарда тілді дамытудың қажетті жағдайларынан айырылып қалса, онда кейін жіберілген қателіктердің орнын толтыру өте қиын болады. Сондықтан екі – үш жаста баланың тілін дамытумен қарқынды шұғылдану қажет. Үлкендермен бірлескен іс-әрекет үстінде балалар ерте сәбилік шақта-ақ айтылған сөздер мен олардың ар жағында тұрған ақиқат болмыстың арасындағы байланыстарды аңғара бастайды.Сәби үлкендердің тікелей өзіне бағытталмаған кез келген сөздерін қызыға тыңдай бастайды. Үлкен адам мен баланың тікелей қарым – қатынас жасау ситуациясынан тысқары хабарларды тыңдау мен түсіну маңызды жетістік болып саналады. Ол сөйлеуді баланың тікелей тәжірибесінің өресі жетпейтін болмысты танудың негізгі құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік жасайды.

Ерте балалық шақ – балалардың дене мүшелерінің және жүйелердің әсіресе ми функциясының дамуының ерекше кезеңі. Бас ми қабығының функциясы тұқымдық бойынша тіркелмеген, олар қоршаған ортаның ағзаларымен өзара қарым-қатынас жасау нәтижесінде дамитыны дәлелденген.Қазіргі кездегі балада, дене түйсігі арқылы, есту сезімдерінде кемшіліктер бар. Яғни ол қоршаған әлемді сызықты, бір жақты қабылдауы мүмкін. Сондықтанда сенсорлы жүйе сандары қаншалықты көп, баланың тәрбие және оқыту үрдісіне араласса, оның дамуы жоғары және тиімді жүреді.

Қазіргі кезде өмірдің технологизациясы балалардың сенсорлы тәжірибесінің дефицитін құрап, оны визуальды және виртуальды образдар ауыстырған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет