СӨЙЛЕМ ІШІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІ
Сөйлем құрамында кездесетін тыныс белгілері сөйлем ішіндегі кей
сөздердің мағынасын, қызметін, қолданылу себебін даралап, ерекшелеп
көрсету қызметін атқарады. Ойдың кімге бағытталғандығын немесе автордың
көзқарасын, белгілі жайтты санамалап, дәлелдеп, түсідіре отырып жеткізу
мақсатын көздейді. Оларға үтір (,), сызықша (-), нүктелі үтір (;), қос нүкте
(:), жақша ( ), тырнақша (“”) жатады.
Сөйлем ішінде ерекшеленіп, мағынасын айқындауды қажет етіп тұратын
сөздер – қаратпа, қыстырма, одағай сөздер мен бірыңғай және
айқындауыш мүшелер. Мысалы:
Бұл жиында Ызғұтты, Жақып, Майбасар сияқты үлкендер және
балалардан Құдайберді, Абай бар (М. Әуезов).
Абырой болғанда, Нурбек орнында отыр екен. (Қ. Жұмаділов). Бірінші
сөйлемдегі бірыңғай мүшелер жиынға қатысушы адамдарды жай ғана санап
тұрған жоқ, олардың орнын да ерекшелеп, жалпы сөйлемнің мақсатын
көрсетіп тұр. Ал екінші сөйлемдегі қыстырма сөз арқылы айтушының
ризашылық сезімі аңғарылады. Енді төмендегі қаратпа сөзге назар
аударайық, онда ақын біреуді өзіне қаратуды ғана мақсат етпейді. Жас
ұрпаққа, адамдарға арнауы, соларға деген үлкен сенімі, арманы байқалады.
Адамды адам түсінбеу – бір ақырет.
Ойлы жас, түсініпсің, рақмет!
Рақмет!
Жассың ғой жалыны мол,
Жалыны мол және де қуаты көп (М. Мақатаев).
Одағай сөздерді ерекшелеу арқылы сөйлеушінің әр алуан көңіл күйін
білдіруге болады.. Мысалы:
-Пәлі, Тұрар аға, тым асырып жібердіңіз, - деп Әуезов қозғалақтап,
қуқыл өңіне қызыл арай жүгіріп, тіпті ай маңдайы жіпсін кеткендей болды
(Ш. Мұртаза).
Осы сөйлемдегі «пәлі» сөзі Әуезовтың соншалықты көтеріңкі көңіл
тасқынын білдірсе, каратпа сөз бен автор сөзіндегі қыстырма сөз, тұтастай
алғанда, ұлы адамның өміріндегі бір көңілді беріп тұр. Егер осы айрықша
сөздердің тыныс белгісін дұрыс қоймаса, айтпақ ойы еді. Демек, сөйлем
ішіндегі тыныс белгілерін дұрыс қоя білудің маңызы өте үлкен.
ҮТІР
Сөйлем ішіндегі ең көп қолданылатын белгінің бірі – үтір. Ол бірыңғай
мүшелердіңарасына, қаратпа, қыстырма, оңашаланған айқындауыш сөздер
мен құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің ара жігіне қойылады.
Үтірді
қойғанда,
тыныс
белгілерін
қолданудың
үш
принципін
(грамматикалық, мағыналық, интонациялық) толық есте ұстау керек. Олай
болмаған жағдайда, сөйлемдегі ой айқындалмайды, тіпті түсініксіз болып,
оқушысына, тығдаушысына жетпейді. Мысалы:
-
Ендеше, тыңда, Абылай! Оның шешуі, мен білсем, былай болады, - деп,
біркелкі қоңыр дауыспен жырлай жөнелді. Тағатсыздана таусыла сөйлеген
Сұлтанға Абылай айтты (Қ. Жұмаділов).
Мұндағы екі рет кездесіп отырған «Абылай» сөзіне көңіл аударайық,
біріншісінде ол – қаратпа, сөйлемнің негізгі ойына қатысы жоқ, екінші
сөйлемде ол – бастауыш, сөйлемдегі ойдың иесі, сондықтан үтір
қойылмайды, үтір бірінші жағдайда тындаушының назарын аудару үшін
қойылған. Себебі: мақсат – тыңдаушыны даралау. «Мен білсем» - айтушының
өз көзқарасы, осыған орай үтірмен ерекшеленіп тұр.
БІРЫҢҒАЙ МҮШЕЛЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚОЙЫЛАТЫН ҮТІР
а) Бірыңғай мүшелер жалғайлықсыз келгенде, араларына үтір қойылады.
Мысалы: Байдалы, Байсал, Сүйіндіктер Абайдың өзін ендігі ақылдарының
ішіне ала отырып сөйлесті. (М. Әуезов).
Мұндағы жалқы есімдер сөйлемде бірыңғай бастауыш болып тұр.
Сондай-ақ сөйлемнің басқа мүшелері де бірыңғай мүше болып келе береді.
ә) Да, де, әрі, я, яки, немесе, не, әлде жалғаулық шылаулары бірыңғай
мүшелермен қайталанып келсе, араларына үтір қойылады. Мысалы:
Ашық түсті бояулары да, ұсақ шебер өрнектері де үйдің ішіне қызыл,
жасыл көрік беріп тұр. (М. Әуезов).
б) Мен, және жалғаулық шылаулары қайталанбайды, ал бірыңғай
мүшелердің арасында топтастыру, жинақтау мәнін білдіру керек болғанда,
үтір бірыңғай мүшелердің ең соңғысының алдынан немесе бірыңғай
мүшелерді жұптастырып барып қойылады. Мысалы:
Ақан мен Орынбай, Алма мен Күміс Жеңістің отыз жылдыңын
өздерінше тойылады. (О. Бөкей).
Мұнда бірыңғай мүше – төртеу. Сөйлемдегі ой олардың екі бөлек жұп
екенін білдіру болғандықтан, мен шылауын қажет етіп тұр. Үтір осы
жұптардың арасына қойылады.
в) Да, әрі, я, яки, немесе, әлде жалғаулық шылаулары екі бірыңғай
мүшенің арасында қайталанбай тұрса, үтір қойылмайды. Мысалы:
Тегінде, ертекші, өлеңші не басқа әңгімеші адамға талай уақыт
тапжылмай тесіле қарап қалу Абайдың кішкентай күнінен бергі әдеті еді
(М. Әуезов).
г) Да, де шылаулары етістіктен болған бірыңғай баяндауыштардың
арасында қайталанбай келсе, шылаудан соң үтір қойылады, Мысалы:
Базаралы үндеместен түйілді де, қатып қалды (М. Әуезов).
Әдебиеттер тізімі
1 Мырзабеков С. Қазақ орфографиясының арнаулы курсы
бойынша методикалық қүрал. Алматы,2001.
2 Жүнісбеков А. Проблемы тюркской словестнои просодики и
сингармонизма казахского языка. АДЦ. Алматы, 1999.
3 Қалиұлы Б. Қазақ орфографиясындағы қайшылықтар Алматы, 2009.
4 Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. Алматы, 2007.
5 Байтұрсынов А. Тіл тағылымы.- Алматы, 2011.