Сөйлем мүшесі туралы түсінік. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері



Дата06.01.2022
өлшемі19,71 Kb.
#15387
Байланысты:
02.11.20.Қазіргі қазақ тілі Базарбек Таншолпан


02.11.2020

Топ: 406

Орындаған: Базарбек Таншолпан

Тақырыбы:Сөйлем мүшесі туралы түсінік. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері:бастауыш, баяндауыш

Тапсырма: М.О.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясынан 10 сөйлем теріп жазып, сөйлемдердің тұрлаулы мүшелерін анықтау.Әр сөз табынан болуына мән беру.Толық морфологиялық талдау жасау.



  1. Базаралы Ерболды тыңдап отырып, осы жиындар ортасында бірінші рет босағандық көрсетті.

Морфологиялық талдау:

Базаралы- түбір сөз, зат есім;

Ерболды- түбірі- Ербол, зат есім, -ды- табыс септігінің жалғ.

Тыңдап- түбірі- тыңда, етістік, -п- көсемшенің жұрнағы;

Отырып- түбірі отыр, етістік, -ып- көсемшенің жұрнағы;

Осы – түбір сөз, сілтеу есімдігі;

Жиындар- түбірі- жиын, зат есім, -дар- көптік жалғау;

Ортасында – түбірі- орта, зат есім,-сы- тәуелдік жалғ III жағы, -нда- жатыс септігінің жалғ.

Бірінші рет- түбірі- бір, сан есім, -інші- реттік сан есімнің жұрнағы, рет- түбір сөз,зат есім;

Босағандық- түбірі- боса, етістік,-ған- есімшенің жұрнағы, -дық- зат есім тудырушы жұрнақ;

Көрсетті- түбірі- көрсет, етістік, - ті- жедел өткен шақ;


  1. Енесі Ұлжанды да туған анасындай, ардақтап жоқтайды.

Морфологиялық талдау:

Енесі- түбірі- ене, зат есім, -сі- тәуелдік жалғауының III ж;

Ұлжанды- түбірі- Ұлжан, зат есім,-ды- табыс септігінің жалғ;

Туған- түбірі- ту- етістік, -ған- есімшенің жұрнағы;

Анасындай- түбірі- ана- зат есім, -сы- тәуелдің жалғ III ж, -н- табыс септігінің жалғ,-дай- сын есім тудырушы жұрнақ.

Ардақтап- түбірі- ардақта, етістік, -п- көсемшенің жұрнағы;

Жоқтайды- түбірі-жоқта, етістік, -й- көсемшенің жұрнағы;-ды- жіктік жалғауының III ж;


  1. Күзтүсіп қалған.

Морфологиялық талдау:

Күз-түбір сөз,зат есім;

Түсіп- түбірі- түс,етістік, - іп- көсемшенің жұрнағы;


  1. Олар самсаған сары қол.

Морфологиялық талдау:

Олар- жіктеу есімдігі;

Самсаған сары қол - түбірі- самса, етістік, -ған- есімшенің жұрнағы; сары- түбір сөз, сын есім, қол- түбір сөз, зат есім;


  1. Мен бөрінің бөлтірігімін.

Морфологиялық талдау:

Мен- түбір сөз, жіктеу есімдігі;

Бөрінің-түбірі бөрі, зат есім, -нің- ілік септігінің жалғ.

Бөлтірігімін- түбірі- бөлтірік,зат есім, -і- тәуелдік жалғ III ж, -мін- жіктік жалғ Iж;



  1. Жұмабай кісілікті кісі.

Морфологиялық талдау:

Жұмабай- түбір сөз, зат есім;

Кісі-түбір сөз, зат есім;

  1. Қарауылбиігіанау.

Морфологиялық талдау:

Қарауылбиігі- түбірі- Қарауылбиік,зат есім,-і- тәуелдік жалғ III ж;

Анау- түбір сөз, сілтеу есімдігі;


  1. Дала емес- теңіздері қандай?!

Морфологиялық талдау:

Дала- түбір сөз, зат есім;

Қандай- түбір сөз, сұрау есімдігі;


  1. Абай бұған ішінен ыза болды.

Морфологиялық талдау:

Абай- түбір сөз, зат есім;

Болды- түбірі- бол, -ды- жедел өткен шақ.


  1. Бұлар он екі, он бес үйлерден үш жерге бөлініп отырған жатақ, егінші ауылдар.

Морфологиялық талдау:

Бұлар- түбірі- бұл, сілтеу есімдігі, -лар-көптік жалғ.



Ауылдар- түбірі- ауыл, зат есім,-дар- көптік жалғ.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет