Сөйлемнің функциялық топтастырылуы. Жоспар



бет1/4
Дата15.12.2022
өлшемі20,03 Kb.
#57527
  1   2   3   4
Байланысты:
14 Сөйлемнің функциялық топтастырылуы. 2


. Сөйлемнің функциялық топтастырылуы.
Жоспар:
1. Сөйлемнің функциялық топтастырылуы.
2. Сөйлем және оның құрам.
3. Сөйлемнің айтылу сазы мен мақсатына қарай саралануы.
4 Хабарлы, сұраулы, бұйрықты сөйлемдер, олардың жасалу жолдары мен мағыналық топтары.
5. Көңіл-күйге қатысты сөйлем түрлері: лепті, лепсіз және оның жасалу жолдары. 6. Болымды, болымсыз және оның жасалу жолдары.
Синтаксистің басты зерттеу объектісінің бірі – сөйлем. Сөйлем – пікір алысуды, қарым – қатынас жасауды қамтамасыз ететін тілдік материалдың бір тұтас бөлшегі. Біздің басқаға айтатын ойымыз мақсатты болады: кейде, мысалы, есіткен – білгенімізді біреуге хабарлауды мақсат етсек, кейде біреуден бірдеңені сұрап білуді мақсат ете сөйлейміз. Сондай мақсатты ойларымызды сөздерден сөйлем құрау арқылы хабарлаймыз. Ал сөздер сөйлем құрамына ену үшін өз ара мағыналық, синтаксистік байланысқа түсіп, өз ара тіркесіп айтылады. Сөздердің тіркесуінен сөз тіркесі жасалады.
Сөйтіп, сөздерден сөз тіркесі, сөз тіркестерінен сөйлем құралады. Сөз де, сөз тіркесі де - сөйлем құраудың материалдары. Сөйлем кейде көп сөзден, кейде жеке сөзден не сөз тіркесінен жасалады. Соңғы жағдайда сөздер мен сөз тіркестері өздерінің лексикалық және синтаксистік қасиетін жоймайды. Түн. Аспанда алақандай бұлт жоқ. Не болмаса:Желсіз түн.Екі кісі жүріп келеміз. Бұл сөйлемдерде түн - әрі сөз, әрі сөйлем; желсіз түн - әрі сөз тіркесі, әрі сөйлем.
Осылайша, кейде сөздің, сөз тіркесінің және сөйлемнің тілдік материал құрамы бірдей болғанмен, олардың түсінігі бірдей емес.
Мысалы: Түн. Аспанда жымыңдаған жұлдыздар. Екі кісі даңғыл жолмен жүріп келеміз деген үш сөйлемнің алдыңғысын ( Түн) соңғылармен байланыстыра қарамасақ, сөйлем демей, жеке сөз деп таныр едік. Сол сияқты, Аспанда жымыңдаған жұлдыздар деген сөйлемнің де тиянақтылығы айналасындағы басқа сөйлемдермен байланыстыра қарағанда я талдағанда анық байқалады. Контекстен бөліп алынған сөйлемдер әр уақытта мүлде аяқталған ойды білдірмейді, біршама ( относительно) ғана аяқталған ойды білдіреді. Тағы бір- екі мысал келтірейік:
1.Күн сары белге шұқшиып барып қалыпты. Тұс – тұстан көтерілген қою шаң тымық әуеде жайымен ғана ыдырап барады.
2. Әлдеқайда шырқаған ән естіледі. Ойды өзіне тартып ап, бойды тербеп тұрғандай. Ауыл шымыр – шымыр қайнайды: өрістен мал қайтты, көшеде ойнаған бала, жүгірген ит – құс. ( Ғ.Мұстафин.)
Сөйлемнің сөзден, сөз тіркесінен бөлек единица екенін айқындайтын басты белгілері мыналар: 1) сөйлем біршама аяқталған ойды, модальділікті білдіреді; 2) сөйлем өз ара байланысқа енген сөздерден, сөз тіркестерінен құралады; 3) сөйлем бастауыш пен баяндауыштың байланысынан туған предикаттық қатынасты білдіреді; әрбір сөйлемнің айтылу интонациясы болады.
Осыларды негізге алып сөйлемге мынандай анықтама беруге болады:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет