Сөйлеу барысында дұрыс тыныс алуын дамыту «Қатты-ақырын-сыбырлап» «Тез-ақырын» «Аттар тұяқтарымен тарсылдатады»



бет7/8
Дата11.10.2022
өлшемі31,05 Kb.
#42310
1   2   3   4   5   6   7   8
31.«Қай жерде не бар?»

Ойынның мақсаты: Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету.
Ойынның құрал-жабдықтары:Топтағы ойыншықтар.
Ойынның мазмұны:Балаларға кеңістік туралы суреттер беріледі. Кеңістік бейнеленген суреттерді қайда не тұрғанын атайды. Мысалы: қуыршақ шкафтың үстінде.

32.«Бір сөзбен айт»

Ойынның мақсаты:Заттарды танып бір сөзбен айтуға үйрету.
Ойынның құрал-жабдықтары:Ыдыстардың,ойыншықтардың,жануарлардың суреттері.
Ойынның мазмұны:Балаларға әртүрлі суреттер беріледі,сол суреттің ішінен бірдей заттарды тауып бір сөзбен атайды мысалы:ыдыстар,ойыншықтар,жануарлар.


33.«Сөзді айтуға көмектес»

Ойынның мақсаты:Сөздерді толық әрі дұрыс айтуға үйрету.
Ойынның мазмұны:Тәрбиеші сөздің бірінші буынын айтады, ал балалар сол буынға қатысты сөзді тауып жалғастырады. Мысалы: Қа-қалам, әй-әйнек...
34.«Бұл қай кезде болады?»

Ойынның мақсаты: жыл мезгілдері және табиғат құбылыстары туралы түсініктерін арттыру
Ойынның құрал-жабдықтары:жыл мезгілдерінің суреттері
Ойынның мазмұны:Тәрбиеші балаларға жыл мезгілдерінің және табиғат құбылыстарының суреттерін таратып береді. Содан кейін әр баладан бұл құбылыстар қай кезде болатынын сұрайды. Мысалы: қар жауып жатқан суретті алған бала бұл қыс мезгілінде болады деп жауап береді.

35.«Керісінше айт»

Ойынның мақсаты: Антоним сөздерді дұрыс айтуға үйрету.
Ойынның құрал-жабдықтары:доп
Ойынның мазмұны:Тәрбиеші балаларды шеңберге тұрғызады да допты лақтырып кез келген сөзді айтады. Балалар сол сөзге керісінше сөзді айтады. Мысалы: ақырын-жылдам, суық-ыстық...

36.«Биік (ұзын, үлкен, кең, жуан) не болады?»

Ойынның мақсаты: өлшемдердің қасиеттерін қабылдауға үйрету;тапсырманы орындауға жаттықтыру.
Ойынның құрал-жабдықтары:ұзын және қысқа жолақшалар,биік,кең жуан ұғымдарына байланысты суреттер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет