Сөйлеу бұзылыстары бар оқушылардың оқу мен жазудағы кемшіліктерін түзету жұмыстары



бет2/2
Дата26.11.2023
өлшемі0,83 Mb.
#128403
1   2
: Л, қ, а, р, ш, а.
Жазу процесін түзету үшін саусақтың бұлшық ет қимылдарын дамыту қажет. Ол үшін сурет, еңбек, жазу сабақтарында міндетті түрде арнайы жаттығулар өткізілуі қажет.Осы бағытта мынандай жұмыстар жүргізуге болады:

  • Трафарет, контурлармен жұмыс жасау, берілген нүктелерді қосу арқылы геометриялық фигураларды сызу, фигуралардың ішін штрихтау.

  • Дәптер жолынан шықпай түзу, сынық сызықтардан тұратын оюлар салу.

  • Әріп белгілеріне ұқсас заттар салу.

  • Әріп элементтерін сызу.

Сонымен қатар, әр түрлі дидактикалық арнайы ойындарды қолданған жөн.
Мысалы: «Кім пирамиданы тез жинайды?», «Сиқырлы дорба», «Кім жылдам?»(шашылған ұсақ заттарды жинау). «Кесілген суреттерді құрастыру».
Бұл ойын барысында балалар саусақтарын жаттықтырумен қатар, ойлау, сөйлеу қабілетін де дамытады.

Осындай қолдың ұсақ моторикасын дамыту жаттығуларын орындау барысында балалардың жазу дағдылары құрыс қалыптасады, есте сақтау қабілеті дамиды.
Жазуындағы, оқуындағы кемістіктерді жою жұмысы бар оқу жылы бойы жүргізіледі. Олардың қажетті шарттарының нәтижелілігі ауызекі сөйлеу тілі мен жазуын жетілдіру болып табылады. Оқу мен жазуындағы кемістіктерді түзету әрдайым тоқтаусыз жұмыс істеуді қажет етеді. Соның нәтижесінде оқуда жалпы үлгерімі төмендеп кетуі де мүмкін. Сондықтан оларды алдын ала сақтандыру жеңілірек және тиімді болады. Жоғарыда айтылып өткен әдіс – тәсілдерді, элементтерді сабақта пайдалана отырып, мынандай нәтижелерге қол жеткізуге болады:
- Фонематикалық есту қабілеті жетіледі.
- Есте сақтау, ойлау қабілеті дамиды.
- Қолдың ұсақ моторикасы дамиды.
- Оқу мен жазу дағдылары дұрыс қалыптасады.

Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, тіл кемістігін түзеуге, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет