Сөйлеу және Коммуникация дамыту балаларды мектепке тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



бет1/2
Дата16.09.2023
өлшемі26,68 Kb.
#108230
түріБағдарламасы
  1   2
Байланысты:
коммун


Сөйлеу және Коммуникация дамыту балаларды мектепке тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы


Түсінік хат

Мақсаты - толыққанды дауыс айту дағдыларын қалыптастыру, балалар әрекетінің әр түрлі формалары мен түрлеріндегі лексикалық және грамматикалық тілдік құралдарды адекватты таңдай білуді дамыту, одан басқа ЖСТД балалардың оқу мен жазу дағдыларын меңгеруге дайындау.

«Коммуникация» білім беру саласында келесі сабақ түрлері ұсынылады:



  1. тіл дамыту;

  2. жазу және сауат ашу негіздері;

  3. дыбыс айту.


«Тіл дамыту» сабағының мазмұны оқыту бөлімдері бойынша ұйымдастырылған, күтілетін нәтижелер түрінде оқытудың мазмұнын мақсатын өзінде кірістіретін бөліктерден құралады. Әр бөлік ішінде бірізді ұйымдастырылған оқытудың мақсаты, педагогтарға өз жұмысын жоспарлауға және балалардың жетістіктерін бағалауға, сонымен қатар оқытудың келесі кезеңдері жайлы ақпараттандыруға мүмкіндік береді.

Сөздік қорды кеңейту және нақтылау. Қаратылған сөйлеуді тыңдай алады. Сөзге қызығушылық және көңіл білдіреді. Сөздердің лексикалық мағынасы мен ұғымын түсінеді және түсіндіреді, белсенді сөйлеуде оларды қолданады. Сөз айту кезінде жай салыстыруларды, антонимдер, синонимдер және көп мағыналы сөздерді, түрлі сөз таптарын қалай қолдануды біледі және түсінеді. Заттардың тақырыптық топтары бойынша жалпылама сөздерді қолданады. Мектепте оқуға қатысты арнайы терминология сөздерін қолданады;

Тілдің лексикалық құралдарын белсендендіру. Қоршаған орта заттарының сапасын және ерекшеліктерін, сипатын, әрекетін, заттарын белгілеу үшін сөздерді таңдай алады. Сөздерге неғұрлым келетін антонимдер, синонимдерді іріктейді. Айтылғанды жалпылау үшін тілдің лексикалық құралдарын қолданады, байланыстырушы, сұрау сипаттағы сөздерді кірістіреді. Сұрау,лепті хабарлы дауыс ырғақтары бойынша сөздер мен сөйлемдерді ажырата аладыжәне сөйлеу тілінде қолданады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет